---
title: "Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығымыз арта береді"
description: "АСТАНА. 20 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасы президентінің сапары екіж..."
author: "Egemen"
published: "2014-06-22T23:30:44+00:00"
modified: "2014-06-22T23:30:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-koreyamen-yntyma-tasty-ymyz-arta-beredi-411435"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-koreyamen-yntyma-tasty-ymyz-arta-beredi-411435/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығымыз арта береді

> АСТАНА. 20 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасы президентінің сапары екіж...

АСТАНА. 20 маусым. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Корея республикасы президентінің сапары екіжақты байланыстарды одан ары дамыта береді деп мәлімдеді. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.

Нұрсұлтан Назарбаев: «Оңтүстіккореялық серіктестермен шикізаттық емес саладағы ынтымақтастық жүйелі түрде кеңейіп келеді. Қазірдің өзінде 300-ден аса бірлескен кәсіпорын құрылды, соның ішінде жеңіл автомобильдер мен жүк және жолаушы тасымалы көліктерін құрастыру кәсіпорындары бар. Балқаш жылу электр стансасы, Атырау облысындағы газ-химия кешені құрылысы, «Жамбыл» кенішін игеру секілді ірі жобалар табысты ілгерілеуде. Сондай-ақ, келіссөздер барысында біз Пак ханыммен бірге корейлік бизнестің Қазақстанның үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына қатысуы жайын талқыладық. Тараптар «технологияларды ресурсқа алмастыру» формуласы бойынша ынтымақтасуға мүдделі екендігін қуаттады», – деді.

[толығырақ мына сілтемеде](http://egemen.kz/?p=30593)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-koreyamen-yntyma-tasty-ymyz-arta-beredi-411435](https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-koreyamen-yntyma-tasty-ymyz-arta-beredi-411435)