---
title: "«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді"
description: "«Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында құрылған аудандар мен қалалардағы кездесулер керуені Мақт..."
author: "Makhtaralbaspasoz"
published: "2016-09-08T02:51:26+00:00"
modified: "2016-09-08T02:51:26+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-dosty-mekeni-kerueni-ma-taral-audanyna-keldi-711044"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-dosty-mekeni-kerueni-ma-taral-audanyna-keldi-711044/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді

> «Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында құрылған аудандар мен қалалардағы кездесулер керуені Мақт...

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://fbcdn-sphotos-a-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xlf1/v/t1.0-9/14291915_349683015420479_3260513214572536768_n.jpg?oh=f8edee644d0353f088c1bb6ddd3c1a67&oe=584C9803&__gda__=1485183356_8e626cc5724c59e7d5557c1a20dc315c)

**«Оңтүстік – достық мекені» жобасы аясында құрылған аудандар мен қалалардағы кездесулер керуені Мақтарал ауданына келді. ОҚО «Қоғамдық келісім» КММ-нің бөлім басшысы Абылай Мұсабеков, ОҚО «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары Заңғар Үсіпахметов, ОҚО «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің психолог маманы Жұлдыз Балтабаева және Мақтарал аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы Пердеш Есенбеков, Мақтарал аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әбдіғаппар Исев, Мақтарал ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің бас инспекторы Камира Өмірбай, Мақтарал аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мұхтар Бейсенбаев жастармен ашық форматта сұхбат өткізді.**

Абылай Мұсабеков өз сөзінде қазақ-тәжік шиеленісі орын алған «Сарыағаш оқиғасы», «Мақтарал оқиғасы» кезінде «атойлап» шыққандардың басым бөлігі 14-29 жас аралығындағы жастар екенін және жастардың түрлі әлеуметтік желілердегі провакациялық ақпараттарға алданып қалатындығын атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан «Мәңгілік ел» болу үшін жастары білімді, саяси сауатты болу керектігін де ескертті.

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://fbcdn-sphotos-c-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xfl1/v/t1.0-9/14237541_349682575420523_5350366481479809513_n.jpg?oh=8a4b1142e582f1327fc2e831dd9c3282&oe=5839DA04&__gda__=1484724230_d6732f691e11732518bacb31d5f635d6)

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14192621_349682545420526_5180217908246897249_n.jpg?oh=a2c68d7464319680dab43c5ac9db22ce&oe=583C9040)

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14291664_349682985420482_2409258165038325037_n.jpg?oh=0b1fe4680878da9fc9d6728fb10caf84&oe=584A8DDA)

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14292311_349683018753812_4051724824510960288_n.jpg?oh=1558aa0266495b60c536aab9969c5e85&oe=58490FCE)

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14264017_349683088753805_4496994054344946699_n.jpg?oh=718225d82f07e2069afc05819e6bc809&oe=5849252B)

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://fbcdn-sphotos-g-a.akamaihd.net/hphotos-ak-xpt1/v/t1.0-9/14212558_349683182087129_6196067312682383583_n.jpg?oh=c1978d1bd5c1816041dba48bd673eba5&oe=5881A75A&__gda__=1480781918_2a82340f69e44e44997a289047e5ff33)

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14202653_349683188753795_8070226215041894736_n.jpg?oh=265ad86771a5eb858c41bcabc7871c2b&oe=58474B61)

![«Оңтүстік – достық мекені» керуені Мақтарал ауданына келді](https://scontent.xx.fbcdn.net/v/t1.0-9/14291774_349682592087188_1050384099292574360_n.jpg?oh=47850af4ee0318bbb5ab82752c87ebf8&oe=587D71C5)

**(с) Мақтарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-dosty-mekeni-kerueni-ma-taral-audanyna-keldi-711044](https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-dosty-mekeni-kerueni-ma-taral-audanyna-keldi-711044)