---
title: "Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында семинар өткізілді"
description: "2015 жылғы 10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор..."
author: "finpolukopress"
published: "2015-09-16T04:27:10+00:00"
modified: "2015-09-16T04:27:10+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysyny-zhastarymen-zhastar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-ta-yrybynda-seminar-tkizild-541398"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysyny-zhastarymen-zhastar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-ta-yrybynda-seminar-tkizild-541398/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында семинар өткізілді

> 2015 жылғы 10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқор...

2015 жылғы 10 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің (*бұдан әрі - Департамент*) ұйымдастыруымен Қазақстан инженерлі-педагогикалық халықтар достығы университетінде Оңтүстік Қазақстан облысының жастарымен «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» тақырыбында семинар өткізілді.

Аталмыш іс-шараның негізі **мақсаты** – қоғам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, бұл әлеуметтік құбылысқа азаматтардың мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны жетілдіру болып табылады.

Іс-шараға Департамент қызметкерлері , БАҚ өкілдері, жоғарғы оқу орнының мұғалімдері, университеттің студенттері.

Департамент қызметкерлері қылмыстық-құқықтық саясатқа тоқтала келе, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған лауазымды тұлғаларға қатаң жаза қаралғандығын және бұл жаңа Қылмыстық кодексте іске асырылып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, Департамент қызметкерлері іс-шараға қатысушыларды Департаменттің құрылымымен, оның сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы жұмысымен және мемлекеттік қызмет өткеру қызметімен, сондай-ақ ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен таныстырды.

Сонымен қатар, Департамент қызметкерлері «100 нақты қадам» Ұлт жоспары туралы айта келе және оның еліміз үшін маңызды құжат екенін түсіндірді.

Іс-шара қатысушылары институционалдық реформаға қатысты өз ойларын білдіріп, Елбасымен берілген тапсырмаларды орындау және шешу жолында тізгін басында тек қана туған елінің өркендеп өніп-өсуі үшін шынайы патриоттар, кәсіби шеберлер қалатындығы туралы айтылды.

Әңгіме барысында қозғалған мәселелер жан-жақты талқыланды. Іс-шара соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта видеороликтер көрсетілді. Өткізілген іс-шараны қорытындылап, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysyny-zhastarymen-zhastar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-ta-yrybynda-seminar-tkizild-541398](https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysyny-zhastarymen-zhastar-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-ta-yrybynda-seminar-tkizild-541398)