---
title: "Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті"
description: "2015 жылдың 14 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқо..."
author: "finpolukopress"
published: "2015-09-23T06:33:05+00:00"
modified: "2015-09-23T06:33:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysynda-aza-stan-respublikasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasat-zh-ne-leume-545910"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysynda-aza-stan-respublikasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasat-zh-ne-leume-545910/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оңтүстік Қазақстан облысында «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

> 2015 жылдың 14 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқо...

2015 жылдың 14 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі - Департамент) «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат және әлеуметтік саладағы оның рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған Департаменттің қызметкерлері, «Нұр Отан» партиясының өкілі, қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметкерлері, сондай-ақ спорт мектептерінің директорларымен оның орынбасарлары және «Шымкент қаласының шығыс жекпе-жек түрлерінен №11 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің» ұжымы қатысты.

Өткізілген іс-шараның мақсаты кәсіби ерекшеліктерін ескере отырып сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың өзектілігі Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын жүзеге асыруда қарастырылған. Онда мемлекетпен қоғам өміріндегі түрлі салаларда жемқорлық мінез-құлықтарын тудырушы себептер мен шарттарды төмендету мен жоюға ерекше назар аударылып, спорт саласында қамтып отыр. Яғни, спорт – адамның әлеуметтік-мәдени қызмет саласы болып табылады.

Диалог барысында дөңгелек үстел қатысушылары бір ауыздан Стратегияның іске асырылуын қолдай отырып, алдын алу – профилактикалық қызмет оның іске асырылуында басымды бағыт болып табылатынын айтып өтті.

Сондай-ақ, тұрақты және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы оқыту арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениет деңгейін қалыптастыру мақсатында, бекітілген жоспарға сәйкес Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімімен келісіліп, қыркүйек – қазан айларында Департамент қызметкерлерінің қатысуымен барлық қалалық спорт мектептерінде семинар өткізілетінін жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysynda-aza-stan-respublikasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasat-zh-ne-leume-545910](https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysynda-aza-stan-respublikasynda-y-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-sayasat-zh-ne-leume-545910)