---
title: "Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады"
description: "Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов БАҚ өкілдерімен кездесіп, жур..."
author: "SUD_RK"
published: "2016-06-28T00:13:56+00:00"
modified: "2016-06-28T00:13:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysty-sotyny-t-ra-asy-zhurnalisterdi-k-sibi-merekelerimen-tty-tady-699838"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysty-sotyny-t-ra-asy-zhurnalisterdi-k-sibi-merekelerimen-tty-tady-699838/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады

> Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов БАҚ өкілдерімен кездесіп, жур...

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы Нұрсерік Шәріпов БАҚ өкілдерімен кездесіп, журналистерді алдағы келе жатқан кәсіби мерекелері ‒ Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күнімен құттықтады. Салтанатты кездесуге «КТК» телеарнасындағы «Черный квадрат» бағдарламасының шеф-редакторы Валерий Тараканов, сондай-ақ, республикалық және жергілікті БАҚ-тың басшылары мен журналистері қатысты. Өзінің кіріспе сөзінде облыстық соттың төрағасы сот жүйесі жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз етуге журналистердің қосқан үлестерін ерекше атап өтіп, оларға жаңа заңнамалар мен облыс соттарының жұмысына енгізілген жаңалықтарды насихаттауда белсенділік танытқандары үшін алғыс білдірді. Кездесу аясында Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының БАҚ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіруші-судьясы Виталий Мирошников баяндама жасап, қатысушыларды облыс соттарының ақпараттық жұмысы, «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының заң үстемдігін қамтамасыз ету бөлігін жүзеге асыру барысы туралы хабардар етті, сонымен қатар Қазақстан Республикасы соттарының бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл Тұжырымдамасының негізгі қағидаларымен таныстырды. Кездесудің қонағы В.Тараканов өз сөзінде әріптестерін мерекемен құттықтап, Москвада өткен ХVIII Detective FEST Халықаралық фестивалінде «Черный квадрат» бағдарламасының екі кубок пен үш диплом алғанын, «КТК» телеарнасының жобасы ең үзіктердің бірі деп табылғанын айтып өтті. «Біздің бағдарлама фестивальда 57 елден келген бәсекелестердің арасынан озып шықты. Бұл жетістікке бағдарламаның кезекті шығарылымдарын дайындауда белсенділік танытқан облыстық соттың төрағасы Н.Шәріпов пен облыстың кейбір судьяларының да еңбегі бар»,- дей келе, В.Тараканов Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасына ынтымақтастығы үшін алғысын білдірді. Оңтүстік Қазақстан облысындағы үш судьяның төрағалық етуімен қаралған істердің негізінде түсірілген сюжеттері фестивальдің жеңімпазы деп табылғандықтан, В.Тараканов фестивальда алған дипломдарының көшірмелерін оларға табыс етті. Облыс судьялары қауымдастығы атынан іс-шараға шақырылған барлық журналистерге облыстық сот төрағасының алғыс хаты және естелік сыйлықтар тапсырылды. БАҚ өкілдері атынан «Егемен Қазақстан» газетінің облыстағы меншікті тілшісі Б.Тайжан, «Отырар - TV» телекомпаниясының директоры В.Куликова, «Дөңгеленген дүние» газетінің Бас редакторы Т.Орманов облыстық сот төрағасына жылы лебіздері мен журналистерге көңіл бөлгені үшін рахмет айтып, алдағы уақытта да бірлесе жұмыс атқаруға дайын екендіктерін білдірді. [http://sud.gov.kz/kaz/news/ontustik-kazakstan-oblystyk-sotynyn-toragasy-zhurnalisterdi-ksibi-merekelerimen-kuttyktady](http://sud.gov.kz/kaz/news/ontustik-kazakstan-oblystyk-sotynyn-toragasy-zhurnalisterdi-ksibi-merekelerimen-kuttyktady)

![Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/4r5igsxFsmrQl01Uo6YBkgFPsz56O2.jpg)

![Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/OQi3o6jWO29123Xvv2z70NKmOPbz0E.jpg)

![Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/42G798HBQQDj0ivuveLbkQ9g94ZwnZ.jpg)

![Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/YHfjVyPM2U6pEyfZ2837uNf358OgQP.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysty-sotyny-t-ra-asy-zhurnalisterdi-k-sibi-merekelerimen-tty-tady-699838](https://yvision.kz/kk/post/o-t-stik-aza-stan-oblysty-sotyny-t-ra-asy-zhurnalisterdi-k-sibi-merekelerimen-tty-tady-699838)