---
title: "ОҚО заңсыз арқарларды атқан үшін үш браконьер ұсталды"
description: "Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау орман шаруашылығы аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануа..."
author: "msh"
published: "2015-06-30T07:56:02+00:00"
modified: "2015-06-30T21:47:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-o-za-syz-ar-arlardy-at-an-shin-sh-brakoner-staldy-517801"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-o-za-syz-ar-arlardy-at-an-shin-sh-brakoner-staldy-517801/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОҚО заңсыз арқарларды атқан үшін үш браконьер ұсталды

> Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау орман шаруашылығы аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануа...

![ОҚО заңсыз арқарларды атқан үшін үш браконьер ұсталды](http://storage.yvision.kz/images/user/msh/F1U9XQ1pL2gwNVTGhhTRbtt9OERB7H.png)

Оңтүстік Қазақстан облысының Қаратау орман шаруашылығы аумағында ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекциясының қызметкерлері мен Түркістан қ. ҚІІБ табиғатты қорғау полиция инспекторлары бірлескен рейдтік іс-шаралар барысында үш браконьерді қолға түсірді. Олардан бір жабайы қабан еті мен арқардың 4 ұшасы, 3 ойық ұңғылы, 1 тегіс ұңғылы атыс қаруы, 5 рация, 1 GPS құралы, 3 дүрбі, мылтыққа арналған 1 оптикалық көздегіш, 2 аңшы пышағы, 131 дана мылтық оқтары анықталып, тәркіленді. Осы факт бойынша материалдар құқық қорғау органына жолданды.

ҚР АШМ баспасөз қызметі Тел.: 555-765 e-mail: minagripress@gmail.com www.minagri.gov.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-o-za-syz-ar-arlardy-at-an-shin-sh-brakoner-staldy-517801](https://yvision.kz/kk/post/o-o-za-syz-ar-arlardy-at-an-shin-sh-brakoner-staldy-517801)