---
title: "ОҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов Қырғыз елінің «Ардақ» медалімен марапатталды."
description: "Кездесуге ОҚО ІІД полиция қызметкерлерінің жеке құрамы мен басшылығы қатысты. Кездесу барысында Қыр..."
author: "mvdgovkz"
published: "2017-09-22T06:08:12+00:00"
modified: "2017-09-22T06:08:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-o-iid-basty-y-policiya-polkovnigi-zh-s-leymenov-yr-yz-elini-arda-medalimen-marapattaldy-779556"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-o-iid-basty-y-policiya-polkovnigi-zh-s-leymenov-yr-yz-elini-arda-medalimen-marapattaldy-779556/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Ж.Сүлейменов Қырғыз елінің «Ардақ» медалімен марапатталды.

> Кездесуге ОҚО ІІД полиция қызметкерлерінің жеке құрамы мен басшылығы қатысты. Кездесу барысында Қыр...

Кездесуге ОҚО ІІД полиция қызметкерлерінің жеке құрамы мен басшылығы қатысты. Кездесу барысында Қырғызстан Республикасының ІІМ өкілі милиция полковнигі Азиз Долосбаев ОҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Жанат Сүлейменовке Оңтүстік Қазақстан облысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде қосқан үлесі үшін «Ардақ» медалімен марапаттады.

ОҚО ІІД бастығы полиция полковнигі Жанат Сүлейменов өз кезегінде қырғыз елінен келген әріптесіне алғысын білдіріп, Азиз Долосбаевты «ҚР Полициясына 25 жыл» медалі және Алғыс хатымен марапаттады. Қызметіне сәттілік тілеп, үлкен биіктерден көріне беруін тіледі.

«Қазақ пен қырғыз – қандай қиын кезеңдер болмасын, бір-біріне тірек болып, керек кезде жүрек болып өмір сүріп келе жатқан бауырлас халықтар. Дүниеде қазаққа қырғыздан өткен, ал қырғызға қазақтан өткен жақын ұлт та, ел де жоқ деп есептеймін. Алайда, қылмыскер шекара болмайды, қылмыскер ұлтқа қарамайды. Сондықтан да қылмысты ашуда бірлесе отырып, жұмыс жасасақ нұр үстіне нұр болар еді», – деген Қырғызстан Республикасының ІІМ өкілі милиция полковнигі Долосбаев Азиз Қошқарбаевич қазақ бауырларға Алатаудың арғы бетін жайлаған қалың қырғыздың ыстық сәлемін жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-o-iid-basty-y-policiya-polkovnigi-zh-s-leymenov-yr-yz-elini-arda-medalimen-marapattaldy-779556](https://yvision.kz/kk/post/o-o-iid-basty-y-policiya-polkovnigi-zh-s-leymenov-yr-yz-elini-arda-medalimen-marapattaldy-779556)