---
title: "ОҚО-дан оныншы сынып оқушысы кикбоксингіден Әлем кубогында алтын медальді жеңіп алды"
description: "Анапада өткен кикбоксингіден Әлем кубогында Ася Азизова алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады ..."
author: "kazsportagent"
published: "2014-11-06T01:56:38+00:00"
modified: "2014-11-06T01:56:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-o-dan-onynshy-synyp-o-ushysy-kikboksingiden-lem-kubogynda-altyn-medaldi-zhe-ip-aldy-437962"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-o-dan-onynshy-synyp-o-ushysy-kikboksingiden-lem-kubogynda-altyn-medaldi-zhe-ip-aldy-437962/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОҚО-дан оныншы сынып оқушысы кикбоксингіден Әлем кубогында алтын медальді жеңіп алды

> Анапада өткен кикбоксингіден Әлем кубогында Ася Азизова алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады ...

[!\[ОҚО-дан оныншы сынып оқушысы кикбоксингіден Әлем кубогында алтын медальді жеңіп алды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20141105233033-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2014/11/20141105233033.jpg)

Анапада өткен кикбоксингіден Әлем кубогында Ася Азизова алтын медальді жеңіп алды, деп хабарлады Сайрам ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

«Бұл жарыста күшті спортшылар көп болды, бірақ мен өз күшіме сендім», — деді спортшы қыз. Асяның айтуынша, оның жеңісіне жаттықтырушысы мен ата-анасы көп қайрат жұмсады. Спортшы кикбоксингімен 2 жылдан бері айналысып жүр, осы кезеңде ол әртүрлі турнирлерде бірнеше рет ең жоғары жеңістерге жетті.

Басты сөздер: [Спорт](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/290) , [Оңтүстік Қазақстан облысы](http://www.inform.kz/kaz/searchtag/266)

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-o-dan-onynshy-synyp-o-ushysy-kikboksingiden-lem-kubogynda-altyn-medaldi-zhe-ip-aldy-437962](https://yvision.kz/kk/post/o-o-dan-onynshy-synyp-o-ushysy-kikboksingiden-lem-kubogynda-altyn-medaldi-zhe-ip-aldy-437962)