---
title: "ОҚО «Қарулы күштер қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында әскери қызметшілермен семинар өткізілді"
description: "2015 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа..."
author: "finpolukopress"
published: "2015-12-07T22:14:37+00:00"
modified: "2015-12-07T22:14:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-o-aruly-k-shter-atarynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-ta-yrybynda-skeri-yzmets-666217"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-o-aruly-k-shter-atarynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-ta-yrybynda-skeri-yzmets-666217/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# ОҚО «Қарулы күштер қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында әскери қызметшілермен семинар өткізілді

> 2015 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа...

2015 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) және ҚР Ұлттық гвардиясы 6698 Әскери бөлімшесімен бірлесе ұйымдастыруымен, офицерлер және әскери қызметшілер арасында «**Қарулы күштер қатарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру*****»*** тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді.

Сонымен қатар, Департамент қызметшілері тарапынан баяндамалар оқылып, тыңдаушылар мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта Департаменттің құрылымымен жұмысы туралы, сондай-ақ 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясымен, ұлт жоспары 100 нақты қадаммен таныстырылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта видеороликтер көрсетілді.

Аталмыш іс-шараның негізі **мақсаты** – қоғам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды насихаттау және қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, бұл әлеуметтік құбылысқа азаматтардың мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру, ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, азаматтық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды, жан – жақты дамыған тұлғаны жетілдіру болып табылады.

Іс-шара соңында, әскери қызметшілер тарапынан сұрақтар қойылып, Департамент қызметшілері тарапынан нақты жауаптар берілді. Сауалнама жүргізіліп, алдағы уақытта тығыз жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-o-aruly-k-shter-atarynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-ta-yrybynda-skeri-yzmets-666217](https://yvision.kz/kk/post/o-o-aruly-k-shter-atarynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyru-ta-yrybynda-skeri-yzmets-666217)