---
title: "О.Бөкей атындағы байқау өтеді"
description: "Бүгін Алматы қаласында Қазақстан халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі аясында көркемсөз оқу..."
author: "makala"
published: "2014-10-07T23:18:41+00:00"
modified: "2014-10-07T23:18:41+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-b-key-atynda-y-bay-au-tedi-433017"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-b-key-atynda-y-bay-au-tedi-433017/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# О.Бөкей атындағы байқау өтеді

> Бүгін Алматы қаласында Қазақстан халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі аясында көркемсөз оқу...

![О.Бөкей атындағы байқау өтеді](http://baq.kz/foto/2071ac0fd5d848239aefdcf84f0a21dd.jpg)

Бүгін Алматы қаласында Қазақстан халқы тілдерінің XVІ республикалық фестивалі аясында көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІ республикалық байқауы өтеді.

Байқаудың мақсаты - мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, ел ішінен талапты, талантты жастарды іздеп табу. Көркем шығармаларды оқып-үйрену мен насихаттауда жастардың ықыласы мен қызығушылығын арттыру.

Байқауға қатысушылар Оралхан Бөкей шығармаларынан басқа елімізге белгілі, сөз өнеріміздің дамуына өзіндік үлес қосқан драматург, ақын-жазушыларымыздың кез-келген шығармаларынан үзінді оқып, өз өнерлерін ортаға сала алады. (жалғасы мұнда: [mtdi.kz](http://www.mtdi.kz/info/71-zhanalyktar/4122-2014-10-08-04-17-31))

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-b-key-atynda-y-bay-au-tedi-433017](https://yvision.kz/kk/post/o-b-key-atynda-y-bay-au-tedi-433017)