---
title: "Қоғамдық қорғаушылар тергеу қапасына телефон кіргізбек болған"
description: "Еліміздің екі тергеу изоляторында ұялы телефондарды алып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар..."
author: "orazali"
published: "2024-02-07T04:00:13+00:00"
modified: "2024-02-07T04:42:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-or-aushylar-tergeu-apasyna-telefon-kirgizbek-bol-an-1000780"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-or-aushylar-tergeu-apasyna-telefon-kirgizbek-bol-an-1000780/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қоғамдық қорғаушылар тергеу қапасына телефон кіргізбек болған

> Еліміздің екі тергеу изоляторында ұялы телефондарды алып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар...

Еліміздің екі тергеу изоляторында ұялы телефондарды алып өтуді жоспарлаған қоғамдық қорғаушылар ұсталды.

![Қоғамдық қорғаушылар тергеу қапасына телефон кіргізбек болған](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/1eaf5b822d921e303d030f09ba3a28.jpg)

5 ақпанда Астананың тергеу изоляторында жедел бөлімнің қызметкерлері фронт-офис кабинетіндегі бейнебақылауды арқылы қоғамдық қорғаушының ұялы телефонды, құлаққапты, екі SIM-картаны және қуаттағышты сотталғанға беру фактісін анықтады.

Сол күні Маңғыстау облысы бойынша ҚАЖД №77 мекемесінде қызметкерлер қоғамдық қорғаушыны тексерген кезде аяқ киімінен телефон мен SIM-картаны тапты. Ер адам тергеу қамауына алынған туысына “тыйым салынған затты” беруді жоспарлаған.

Мобильді құрылғылар мен басқа да заттар тәркіленді. Қоғамдық қорғаушыларға қатысты әкімшілік материалдар жасалды. Сондай-ақ сотталғандарды тәртіптік жауапкершілікке тарту үшін материалдар толтырылды.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар мен бұйымдарды бергені үшін ескерту немесе он АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн. Сонымен қатар қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес тергеуші “қоғамдық қорғаушы” мәртебесін алу туралы қаулының күшін жоюға құқылы.

Polisia.kz

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-or-aushylar-tergeu-apasyna-telefon-kirgizbek-bol-an-1000780](https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-or-aushylar-tergeu-apasyna-telefon-kirgizbek-bol-an-1000780)