---
title: "Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін біріктіруге арналған лекторий"
description: "2018 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 11.00 де Қызылорда қаласы Студенттер сарайында (Жақаев көшесі, 75)..."
author: "AdilNazar"
published: "2018-09-12T06:50:56+00:00"
modified: "2018-09-12T06:50:58+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-kelisim-men-zhalpy-ltty-birlikti-aza-standy-lgisin-biriktiruge-arnal-an-lektoriy-814343"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-kelisim-men-zhalpy-ltty-birlikti-aza-standy-lgisin-biriktiruge-arnal-an-lektoriy-814343/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін біріктіруге арналған лекторий

> 2018 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 11.00 де Қызылорда қаласы Студенттер сарайында (Жақаев көшесі, 75)...

2018 жылғы 12 қыркүйек күні сағат 11.00 де Қызылорда қаласы Студенттер сарайында (Жақаев көшесі, 75) ҚХА-ның XXVI сессиясында қолға алынған Қазақстан халқы Ассамблеясының «Қазақтану» мәдени-ағартушылық жобасына арналған, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін нығайту бойынша республикалық лекторий өз жұмысын бастайды.

Пленарлық отырыс жұмысына ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Л.Прокопенко, Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары, ҚХА мүшелері, сондай-ақ, еліміздегі жетекші институттардың ғалымдары, қоғам қайраткерлері, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесі мен этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мемлекеттік органдар мен республикалық жастар бірлестіктерінің, жоғары оқу орындарының, қоғамдық келісім кеңесінің өкілдері және т.б. қатысады.

Сондай-ақ, 12 қыркүйекте Қызылорда қаласының жоғары оқу орындары мен Шиелі ауданында, 13 қыркүйекте Сырдария, Қармақшы аудандары мен Байқоңыр қаласында «Қазақтану» жобасына арналған дәрістер оқылады.

Лекторий шеңберінде 2 күн бойы кәсіби емес медиаторларға арналған тренингтер, «Менің жетістігімнің тарихы – ел жетістігінің тарихы» тақырыбында шығармашылық кеш, Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардағы ҚХА-ның қоғамдық келісім кеңестері басшыларына арналған жиналыс, сондай-ақ, Қызылорда облыстық ассамблеясының ғылыми-сарапшылық тобының кеңейтілген отырысы өтеді.

***

«Қазақстану» жобасы қазақ халқының этностары, гуманистік дәстүрлер мен рухани байлығы негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті біріктіру мақсатына бағытталған.

Жобаның міндеттері:

- түрлі этностықтоптардың өкілдеріне қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, мәдениеті, діні, рухани орталықтары, тұрмыс салты таныстыру:

- ұрпақарасындағы байланыстардың, бірліктің негізгі принциптері мен келісімнің, этникалық толеранттылықтың негізінде бірігуі мен дамуы;

жалпықазақстандық құндылық пен қазақстандық патриотизмді біріктіру мен қалыптастыру болып табылады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-kelisim-men-zhalpy-ltty-birlikti-aza-standy-lgisin-biriktiruge-arnal-an-lektoriy-814343](https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-kelisim-men-zhalpy-ltty-birlikti-aza-standy-lgisin-biriktiruge-arnal-an-lektoriy-814343)