---
title: "«Қоғамдық қабылдау» жобасы жалғасуда"
description: "Мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ту..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-08-08T05:38:25+00:00"
modified: "2019-08-22T14:14:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-abyldau-zhobasy-zhal-asuda-811838"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-abyldau-zhobasy-zhal-asuda-811838/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қоғамдық қабылдау» жобасы жалғасуда

> Мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер ту...

Мақсаты – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары және Әдеп кодексінің сақталуы туралы кеңестер беру.

Қоғамдық қабылдау өз қызметін аптаның сенбі мен жексенбі және мереке күндерінен басқа, күнделікті негізде жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, бекітілген кестеге сәйкес департамент, басқарма және дербес бөлімдердің басшылары аптаның сейсенбі және бейсенбі күндері сағ.15.00-17.00 аралығында азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдау жүргізеді.

2018 жылдың7 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Исақов Б.Ә. азаматтарды қабылдау жүргізді. Қабылдауға келген әр азаматтардың өтініштері тыңдалып, заң аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

«Қоғамдық қабылдау» орнының мекен-жайы: Орал қаласы, Т.Масин көшесі, 67-үй, 1 қабат, 1 кеңсе. Жұмыс күндері: дүйсенбі-жұма (09:00-18:00-ге дейін). Лаврентьев Борис Георгиевич 8708 433 05 11

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-abyldau-zhobasy-zhal-asuda-811838](https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-abyldau-zhobasy-zhal-asuda-811838)