---
title: "Қоғамдық қабылдау"
description: "А.ж. 18 қазанда Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-10-18T06:24:54+00:00"
modified: "2017-10-18T06:24:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-abyldau-782129"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-abyldau-782129/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қоғамдық қабылдау

> А.ж. 18 қазанда Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/6Q1FDzlW1ISN0HdqM09WzCJ4z5G04K.jpg) А.ж. 18 қазанда Ақмола облысы Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде Қоғамдық қабылдау болып өтті.

Іс-шара барысында консультациялық көмекке 3 азамат жүгініп, оларға сәйкес көмек көрсетілді. Қатысушыларға жемқорлыққа қарсы мәтіндегі ақпараттық парақшалар таратылды.

Сондай-ақ, Жолдарда жемқорлық көріністерін азайту бойынша 10 қадам өңірлік қадамдық жоспарын жүзеге асыру мақсатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен Әкімшілік полиция басқармасының Тіркеу-емтихан бөлімінде «Қоғамдық қабылдаудың» апта сайын сәрсенбі күндері сағат 10.00 – ден 18.00 –ге дейін жұмысы ұйымдастырылған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-abyldau-782129](https://yvision.kz/kk/post/o-amdy-abyldau-782129)