---
title: "Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени, діни және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі"
description: "А.ж. 24 тамызда М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасы ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет і..."
author: "anticorr03akmol"
published: "2017-08-24T07:00:05+00:00"
modified: "2017-08-24T07:00:05+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amda-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyruda-y-etnom-deni-dini-zh-ne-kimettik-emes-yymdardy-r-li-776590"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amda-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyruda-y-etnom-deni-dini-zh-ne-kimettik-emes-yymdardy-r-li-776590/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени, діни және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі

> А.ж. 24 тамызда М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасы ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет і...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorr03akmol/O9eJS5t6r27Cp7XXX8LBut8YgYNw6s.jpg) А.ж. 24 тамызда М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық кітапханасы ғимаратында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментінің бастауымен «Қоғамда жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы этномәдени, діни және үкіметтік емес ұйымдардың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараға облыстық этномәдени, діни және үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары, сондай-ақ, «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы» ҚҰ төрағасының орынбасары Р.Е.Ақылбеков қатысты.

Аталған іс-шараның мақсаты – жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қоғамда жемқорлыққа төзбеушілікті танытатын құндылықтар жүйесін орнықтыру.

Өз баяндамасында «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа-орталығы» ҚҰ төрағасының орынбасары Р.Е.Ақылбеков жемқорлық көріністерінің азаюына оң әсерін тигізетін тұрғындарымен жұмыс істеу тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ, «Белый блоггер» ҚҰ президенті Е.М.Жайықпаев, «Ақмола облысы татар және бащқұрт бірлестігі» ҚҰ төрағасы Р.Ф.Сулькарнаев, «Насихат» ҚҰ өкілі Д.С.Тоқсанбаев, Қазақстан халқы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы З.Е.Киікова, дін өкілдері және т.б. баяндама жасады.

Қатысушылар қоғамда жемқорлық көріністері мәселелерін талқылап, жемқорлыққа жол бермеу тәсілдері мен тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруда жаңа тәсілдері ұсынды. Атап айтқанда, діни ұйымдар өкілдерінің және этномәдени бірлестіктер басшыларының әлеуетін толыққанды пайдалану жөнінде айтылды.

Сонымен қатар, қатысушылар қоғамның барлық санаттарымен жүргізіліп отырған жұмыстың облыста жемқорлық көріністерінің азайуына оң әсерін тигетінін атап өтті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-amda-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyruda-y-etnom-deni-dini-zh-ne-kimettik-emes-yymdardy-r-li-776590](https://yvision.kz/kk/post/o-amda-zhem-orly-a-arsy-m-denietti-alyptastyruda-y-etnom-deni-dini-zh-ne-kimettik-emes-yymdardy-r-li-776590)