---
title: "Қоғамдағы стереотиптер"
description: "Сендерге біздің қоғамда қалыптасқан \"стереотиптер\" жайлы айтып өтейін.Жалпы стереотип деген не? Стер..."
author: "b_maadi"
published: "2016-07-01T05:07:13+00:00"
modified: "2016-07-01T05:07:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amda-y-stereotipter-700346"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amda-y-stereotipter-700346/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қоғамдағы стереотиптер

> Сендерге біздің қоғамда қалыптасқан "стереотиптер" жайлы айтып өтейін.Жалпы стереотип деген не? Стер...

Сендерге біздің қоғамда қалыптасқан **"стереотиптер"** жайлы айтып өтейін.Жалпы стереотип деген не? **Стереотип** – *оқиғаларға, адамдарға қатысты халық арасында кеңінен қалыптасқан жалпы түсінік.*Сендер қолданып жүрген стереотиптерді айтып өтейін:

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Әкім, депутат болсам барлығының жағдайын жасаймын;

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Мультфильмді тек балалар көреді;

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Қымбат па? Онда сапасы жақсы;

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Қыздар сән салонына барған соң әдемі болып кетеді;

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Қыз ақылды болса көріксіз, көрікті болса ақылсыз;

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Шымкенттіктер өте қу!

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Кәрістің жігіттері мен қыздары өте сұлу!

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Айфон смартфонын ұстаса бай, абыройлы болып кетеді(оны тағы кредитке алған);

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Жігіт жыламауы керек;

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Қыздың жолы жіңішке;

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Жігіт күтініп, әдемі киініп жүрсе, ол- гей болуы мүмкін.

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Армияда болмасаң жігіт емессің!

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Адал еңбекпен байып кету мүмкін емес;

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Соңғы үлгідегі қымбат телефон ұстауың керексің!

![🔸](https://vk.com/images/emoji/D83DDD38.png)

Мен еркекпін сондықтан, есепті мен төлеймін;

![Қоғамдағы стереотиптер](https://storage.yvision.kz/images/user/b_maadi/R7FZ2bZ1Ir1BOQJjRpSm45W8e9z1gx.jpg)

Жарнамалардың барлығы стереотипке кіріп кетеді.

Осылар сияқты саналарына қатып қалған ойлармен өмір сүріп жатқандар өте көп екені айдан анық. Олай болмаса бұл ойлар қалыптаспас еді.

Стереотипсіз өмір сүру санаңның еркіндігі. Бұл адамның жаңалықтарды өзіне қабылдауына кері әсерін тигезетінін ғалым болмай-ақ түсінуге болады!

P.S. Сенің ойыңда қай қате тұжырым қалыптасып қалып еді? Ұялмай айта бер, тек осыдан соң қолданбасаң болғаны...

P.S. Өмірімде бірде бір рет қолданбадым деп айтпашы😁

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-amda-y-stereotipter-700346](https://yvision.kz/kk/post/o-amda-y-stereotipter-700346)