---
title: "Қоғамдағы орнымды тапқым келеді..."
description: "Сәлеметсіздер ме, оқырман қауым!Бүгін жұмыс, мамандық, қызығушылық жайында сөз қозғамақпын. Мен тұрм..."
author: "saniya1990"
published: "2014-12-02T03:46:14+00:00"
modified: "2014-12-02T03:46:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amda-y-ornymdy-tap-ym-keledi-444565"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-amda-y-ornymdy-tap-ym-keledi-444565/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қоғамдағы орнымды тапқым келеді...

> Сәлеметсіздер ме, оқырман қауым!Бүгін жұмыс, мамандық, қызығушылық жайында сөз қозғамақпын. Мен тұрм...

Сәлеметсіздер ме, оқырман қауым!Бүгін жұмыс, мамандық, қызығушылық жайында сөз қозғамақпын. Мен тұрмыс құрғанмын, екі жарым жастағы балам бар. Жоғарғы оқуымды бітіре салып, бала тудым, екі жасқа дейін балама қарадым. 4 ай бір құрылыс компаниясында кадрлар бөлімінде мемлекеттік тілде іс жүргізуші болып жұмыс істедім. Еңбек ақысын уақтылы төлемеген соң, шығып кеттім. Негізгі мамандығым ағылшын тілінің мұғалімі, алайда мамандығым бойынша жұмыс істеуге зауқым жоқ. Енді қазіргі уақытта қандай салада жұмыс іздерімді білмеймін. Хабарландырулар бойынша "офис менеджер" орнына көптеген компанияларға сұхбаттасуға барамын.Бірақ еш нәтиже жоқ. Мүмкін жұмыс берушілер менің ондай жұмысқа деген талпынысым жоқ екенін сезетін шығар, немесе менің біліктілігім жеткіліксіз бе білмедім себебін...Аудармашы жұмысын да іздеуге талпындым. Сұхбаттасуға шақырды, алдыма толған термин, техникалық сөздерге толы екі бетті ұсынып, көзімізше аудар деді. Екі бетім қызарып, өзімнің білімсіздігімнен қатты қынжылып, кірерге тесік таппай, шала-пұла білгенімше аудардым. Әрине бірден байқалды. Сол сынаудан соң, аудармашы жұмысын іздеуден аулақ болдым. Мен жасыратыным жоқ, ағылшын тілін ұмытыңқырағанмын, бірақ негізгі білімім бар, сауатты түрде сөйлеп, жаза аламын. Бірақ,меніңше, аудармашы жұмысын істеу үшін сол мамандық бойынша оқып, жетік білім алу керек, аудару техникасын білу керек. Сондықтан, аудармашылар қауымдастығының беделіне кір келтірмей, тыныш жүруді ұйғардым. Ал енді қандай жұмыс іздеймін? Бір сұхбатқа барғанда маған бір әйел көптеген психологиялық сұрақтарды жаудырды, соңында сіз офис менеджер орнына лайық емессіз, сізге шығармашылық жұмыс іздеу керек деді, үйге барып өзіңіздің қызығушылығыңыз жайында ойланыңыз деді. Мен, әрине, басында ренжіп, көңіл күйім түсіп қалды. Содан соң ойланып қарасам, ол әйелдің сөзі рас...Ойлана, ойлана,өзімнің шынымен ондау жұмысқа ешбір қызығушылығым жоқ екенін сездім. Ия, мен шығармашыл адаммын. Мен балалық шағымнан өлең, тақпақ шығарып, журналист болып, өз кітабымды шығаруды армандаушы едім...Ендігі уақытта сол ұмыт болған өлеңдерімді жаңартып, жаңа тақырыптағы өлеңдермен толықтырып, жаңғыртқым келеді. Алайда, бұл істі табыс көзі болатынына күмәнім бар. Сондықтан...??? Қазіргі заманның қоғамында қызығушылығын іске айландыратынына күмәні бар Сәния, міне тағы, терең ой үстінде...Мен тек қоғамдағы орнымды тапқым келеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-amda-y-ornymdy-tap-ym-keledi-444565](https://yvision.kz/kk/post/o-amda-y-ornymdy-tap-ym-keledi-444565)