---
title: "Қоғам игілігі үшін еңбек ету"
description: "Қазақстанда 2022 жылы «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы 415 мың уақытша жұмыс орны ашылды. Оның 10 м..."
author: "MalikaD"
published: "2022-12-19T08:19:00+00:00"
modified: "2022-12-21T06:31:21+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-am-igiligi-shin-e-bek-etu-980934"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/o-am-igiligi-shin-e-bek-etu-980934/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қоғам игілігі үшін еңбек ету

> Қазақстанда 2022 жылы «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы 415 мың уақытша жұмыс орны ашылды. Оның 10 м...

Қазақстанда 2022 жылы «Қоғамдық жұмыстар» жобасы арқылы 415 мың уақытша жұмыс орны ашылды. Оның 10 мыңға жуығы Алматыда

Жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын еңбек қызметінің бұл түрі қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлығын талап етпейді және қоғамдық пайдалы бағыттылыққа ие

ЖАҚСЫ ЖАҢАЛЫҚ – БИЫЛ ЖОБА ҚАТЫСУШЫЛАРЫНЫҢ ЖАЛАҚЫСЫ САЛЫҚ пЕН ӘЛЕУМЕТТІК ШЕгерімДЕРДІ ҚОСқанДА 85 000 теңгеден (2 ажк) 91 890 теңгеге (30 АЕК) дейін өсті

Бірақ мұндай мәртебені 12 айдан аспайтын мерзімге жалақыны субсидиялау кезінде, ең төменгі жалақының 1 мөлшерінен кем емес (2022 жылы бұл 60 000 теңге) алуға болады

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдарда жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырады және олардың өтініші бойынша бюджет қаражаты мен жұмыс берушілердің қаражаты шегінде қаржыландырылады. Қоғамдық жұмыстарға қатысуға мыналар құқылы: 1) жұмыссыздар; 2) егер бос уақытында жұмысы оқуына кедергі келтірмейтін болса, жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушылары мен студенттері. Сондай-ақ кәсіпорынның тоқтап қалуына байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген тұлғалар

Қоғамдық жұмыстарға қатысуда жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік жәрдемақы алмайтын жұмыссыздар басымдыққа ие. Одан кейін жұмыспен қамту орталығында 6 айдан астам тіркелген жұмыссыздар келеді

![](https://storage.yvision.kz/images/user/268572/604fec24abda9a643021e6dea17078.png)

Бұл ретте қазақстандықтардың қоғамдық жұмыстарға қатысуы олардың келiсiмi бойынша кезектiлiк ретiнде және жұмыссыз ретiнде тiркелген күнi бойынша жүзеге асырылады

Жергілікті жұмыспен қамту органдары өз кезегінде өңірлердегі қоғамдық жұмыс құруға өтінім берген ұйымдардың тізбесін, ұйымдастырылатын жұмыс орындарының санын, түрлерін, көлемін және жұмыстың нақты шарттарын, қатысушыларға еңбекақы төлеудің мөлшерін, оларды қаржыландыру және еңбекақы төлеу көздерін бекітеді

Маңызды жайт – өз еркімен, дәлелді себепсіз қоғамдық жұмыстарға қатысуын тоқтатқан жұмыссыздар жұмыссыз ретінде есептен шығарылады. Және тағы да олар жұмыссыз ретінде қайта тіркелген күннен бастап үш айдан кейін ғана қоғамдық жұмыстарға қатысу құқығын ала алады

Қоғамдық жұмыстар есебіне табиғи апаттардың және басқа да төтенше жағдайлардың зардаптарын жедел жою қажеттілігіне байланысты іс-шаралар жатпайды

Бұл ретте Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы қоғамдық жұмыстарға қатысушылардың барлығына толық қолданылады

Жалпы, оңтүстік астанада 1 қарашада 9778 алматылық қоғамдық жұмыстар арқылы «күнделікті нан» алды. Әдетте, бұл коммуналдық қызметтегі қоғамдық еңбек түрлері: курьерлік қызмет, абаттандыру жұмыстары, аумақтар мен ғимараттарды тазалау, балалардың бос уақытын ұйымдастыруға көмектесу және қала үшін пайдалы басқа да көптеген іс-шаралар

Ал Г.Колетт жақсы айтқандай, жұмыс сұлу әйел сияқты: күткенді ұнатпайды

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/o-am-igiligi-shin-e-bek-etu-980934](https://yvision.kz/kk/post/o-am-igiligi-shin-e-bek-etu-980934)