---
title: "Құны алтыннан да жоғары"
description: "Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі: «уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амалда..."
author: "Aldo"
published: "2016-04-27T04:34:37+00:00"
modified: "2016-04-27T04:39:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ny-altynnan-da-zho-ary-690932"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ny-altynnan-da-zho-ary-690932/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құны алтыннан да жоғары

> Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі: «уа, Алланың елшісі! Мен сізден қандай амалда...

Бірде пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) бір араб кісі: *«уа,* *Алланың елшісі! Мен сізден қандай амалдарды* *жасап,ізгілікке қол жеткізуге* *болатынын сұрау үшін келдім»* деді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Сұрақтарыңды қой, мен жауап берейін» деді.

Сұрақ қоюшы көкейіндегі сұрақтарын қойды, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) төмендегі жауапты берді:

*- Адамдардың арасындағы ең білімді болғым келеді.*

**- Алладан қорық, адамдардың ең білімдісі боласың.**

*- Адамдардың ең байы болғым келеді.*

**- Алланың бергендеріне шүкір қыл, адамдардың ең байы боласың.**

*- Ең әділетті кісі болғым келеді.*

**- Өзіңе қалаған нәрсеңді өзгеге де қала, адамдардың ең әділі боласың.**

*- Адамдардың ең жомарты болғым келеді.*

**- Адамдарға пайда тигізуші бол, адамдардың ең жомарты боласың.**

*- Алланың ең сүйікті құлы болғым келеді.*

**- Сен Алланы көп еске ал, ең сүйікті құлдардан боласың.**

*- Иманымның қуатты болғанын қалаймын.*

**- Мінезіңді түзет, иманың қуатты болады.**

*- Алладан шын қорқатын адам болғым келеді.*

**- Құлшылықтарыңды сен Алланы көріп тұрғандай орында, егер сен Оны көрмесең, Ол сені көріп тұр.**

*- Аллаға бойсұнушы құл болғым келеді.*

**- Бұйырылғанды орында, тыйғаннан тиыл, бойсұнушылардын боласың.**

*- Қиямет күні Алланың құзырында дәрежем көтерілгенін қалаймын.*

**- Ешкімге қатыгездік жасама, қияметте Алла сенің дәрежеңді көтеретін болады.**

*- Қияметте Алланың мейіріміне бөленуді қалаймын.*

**- Өзіңе және Алланың құлдарына мейірімді бол.**

*- Күналарымның азайғанын қалаймын.*

**- Көп тәубе ет, күналарың азаяды.**

*- Шүкіршіл құлдардан болғым келеді.*

**- Ешбір нәрседе адамдарға шағымданба.**

*- Барлығынан күшті - қуатты болғым келеді.*

**- Аллаға тәуекел ет, барлығынан күшті-қуатты боласың.**

*- Алла менің несібемді көбейткенін қалаймын.*

**- Үнемі дәретпен жүр.**

*- Қиямет күні Алла тағаланың маған ашуланбайтындығына сенімді болғым келеді.*

**- Алланың жаратқандарының ешбіріне ашуланба.**

*- Алланың менің дұға-тілектеріме жауап бергенін қалаймын.*

**- Тиылған нәрселерден өзіңді аулақ ұста, Алла сенің дұға-тілектеріңе жауап беретін болады.**

*- Қиямет күні Алланың құзырында кемшіліктерімнің жасырылғанын қалаймын.*

**- Өз бауырларыңның кемшіліктерін жасыр.**

*- Күнә мен қателіктер не нәрсемен кешіріледі?*

**- Көз жасы, итағат ету және ауру.**

*- Алла қай амалды жақсы көреді?*

**- Көркем мінез, қарапайымдылық және қайғыға сабыр ету.**

*- Алла қай амалды өте жек көреді?*

**- Жаман мінез бен сараңдықты өте жек көреді.**

*- Осы дүниеде Алланың ашуын қайтаратын қандай амал бар?*

**- Жасырын садақа беру және ренжіскен екі адамның арасын татуластыру.**

*- Қиямет күні тозақтың отын сөндіретін қандай амал бар?*

**- Қайғы – мұңда сабыр ету.**

*- Алла мен Оның елшісінің (с.ғ.с.) сүйіктісі болғым келеді.*

**- Алла мен оның елшісінің жақсы көрген нәрселерін сен де жақсы көр, -** деп жауап берді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ny-altynnan-da-zho-ary-690932](https://yvision.kz/kk/post/ny-altynnan-da-zho-ary-690932)