---
title: "Құны 230 млн теңгелік майнинг фермасын шекарадан алып..."
description: "Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері \"Қайрақ\" АПП-да құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Департаменттің мәліметінше, 2023..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-05-02T07:16:16+00:00"
modified: "2024-05-02T07:19:16+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ny-230-mln-te-gelik-mayning-fermasyn-shekaradan-alyp-tpek-bol-andar-staldy-1004223"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ny-230-mln-te-gelik-mayning-fermasyn-shekaradan-alyp-tpek-bol-andar-staldy-1004223/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Құны 230 млн теңгелік майнинг фермасын шекарадан алып...

> Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" АПП-да құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті. Департаменттің мәліметінше, 2023...

*Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері "Қайрақ" АПП-да құны 230 млн теңгеден асатын криптовалюта өндіруге арналған жабдықты Ресей Федерациясына заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/89499b1268bccf304f734f57b69ad8.jpg)

Департаменттің мәліметінше, 2023 жылдың қараша айында Қазақстанда тіркелген "А" ЖШС 640 серверді шетелге шығаруға тырысқан. Осы оқиға бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 463-бабымен әкімшілік іс қозғалып, қазіргі уақытта аяқталды. Сот шешімімен барлық жүк мемлекет кірісіне тәркіленіп, 25 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салынды.

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/4dbae6c84cb66512deb13ae7eac5d0.jpg)

МКД "Ерекше тауарларды бақылау туралы" ҚР Заңының нормаларына сәйкес тиісті рұқсат құжаттарынсыз нақты тауарларды тасымалдауға тыйым салынғанын еске салады. @kgdmfrk

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ny-230-mln-te-gelik-mayning-fermasyn-shekaradan-alyp-tpek-bol-andar-staldy-1004223](https://yvision.kz/kk/post/ny-230-mln-te-gelik-mayning-fermasyn-shekaradan-alyp-tpek-bol-andar-staldy-1004223)