---
title: "«Нурикамал» әнінің шығу тарихын білесіз бе?"
description: "Ғасырлар бойы ән мен жырдың асылын өзі теріп, өзі таңдап, өзі құрметке бөлейтін халықтың таңдауы тал..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-06-30T00:17:00+00:00"
modified: "2015-07-03T06:33:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nurikamal-nini-shy-u-tarihyn-bilesiz-be-517955"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nurikamal-nini-shy-u-tarihyn-bilesiz-be-517955/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Нурикамал» әнінің шығу тарихын білесіз бе?

> Ғасырлар бойы ән мен жырдың асылын өзі теріп, өзі таңдап, өзі құрметке бөлейтін халықтың таңдауы тал...

**Ғасырлар бойы ән мен жырдың асылын өзі теріп, өзі таңдап, өзі құрметке бөлейтін халықтың таңдауы талқыға түспек емес. «Қалт айтпайтын» елдің көңіліндегіні тап басып тауып, ауыздан-ауызға жететін шығарма шын бағасымен есте қалады. Сондай туындылардың бірі – атақты «Нурикамал» әні.**

**

![«Нурикамал» әнінің шығу тарихын білесіз бе?](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/UcOM5i8WBMz50rchqYGLT8xnXrQ6VC.png)

**

«Нурикамал» әні – ерлі-зайыпты жандардың туындысы. Әннің сөзін жазған ақын **Ханбибі Есенқарақызы** жолдасы **Тұрдықылыш Ізтаев**тың Нурикамал деген қызға ғашық болғанын айтады. Бір күні ақын жан жарының пианино жанында отырғанын көреді. Сәлден соңы қасына барып, «айтқың келгені осы ма еді?»,-деп әннің мәтінін алдына тастайды.

«**Нурикамал** – өмірде бар лауазымды қызметтегі сұлу бойжеткен. Әуелі ол қандай адам, менен артық па деп ойладым. Әйелдердің барлығында дерлік эгоистік сезім болады. Бірақ, көбі жағдайдың байыбына бара бермейді», - дейді Ханбибі Есенқарақызы. .

Ақынның айтуынша, ол әнге арқау болған Нурикамалды көріп, жолдасының талғамына риза болған екен.

«Ол бойжеткенге ғашық болмау мүмкін емес еді. Осылайша, «Нурикамал» әні дүниеге келді. Бұл әнді – **Естайдың Қорланы** сияқты бағаладым»,- дейді Ханбибі Есенқарақызы.

Шығармашылық адамдарының дені туындысына арқау болған жандардың есімін өлеңдеріне қоспайды немесе өзгертіп жатады. Алайда, бұған **Ханбибі Есенқарақызы** түбегейлі қарсы шығып, әннің атын өзгертусіз қалдырады.

Ән тарихы туралы сыр шертетін бағдарламаның толық нұсқасын [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) көріңіздер.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nurikamal-nini-shy-u-tarihyn-bilesiz-be-517955](https://yvision.kz/kk/post/nurikamal-nini-shy-u-tarihyn-bilesiz-be-517955)