---
title: "\"Nur Otan\" партиясының кезектен тыс ХХ съезі"
description: "Партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне тоқталды.«30 жыл ішінде Қа..."
author: "atyrau.obl.nurotankz"
published: "2020-11-26T06:35:26+00:00"
modified: "2020-11-26T06:35:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasyny-kezekten-tys-hh-sezi-879223"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasyny-kezekten-tys-hh-sezi-879223/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезі

> Партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне тоқталды.«30 жыл ішінде Қа...

Партия Төрағасы еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы негізгі жетістіктеріне тоқталды.

«30 жыл ішінде Қазақстан айтарлықтай әлеуметтік және экономикалық жетістіктерге жетті. Бұған, ең алдымен, нарықтық экономикаға көшудің және елді жаңғыртуға бағытталған түбегейлі реформаларды жүзеге асырудың нәтижесінде қол жеткіздік. Нарықтық реформалар, индустрияландыру және шетелден келген инвестиция өнімділікті арттыруға қозғаушы күш болды. Сондай-ақ, экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, жаңа жұмыс орындарын ашуға және қоғамның әлеуметтік бөлінісін азайтуға мүмкіндік берді», - деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның тәуелсіздік жылдар…

Партиялық тізімдердің 24%-ін мәслихаттардың қызметтегі депутаттары құрайды, ал 76% – жаңа тұлғалар.

Бұл ретте партияға 42 мыңнан аса жаңа мүше қосылды. Олардың 1000-нан астамы партияішілік сайлауға қатысып, әрбір 3-шісі «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне енді.

Халықтың белсенді қатысуының арқасында праймериз барысында «Nur Otan» партиясының 216 өңірлік сайлауалды бағдарламасы талқыланып, қабылданды. Онда азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныс ескерілді.

Атырау облысында праймериз қорытындысы бойынша :

!["Nur Otan" партиясының кезектен тыс ХХ съезі](https://storage.yvision.kz/images/user/453328/0ceeafc29d7a298a868ee5d62e0463.jpg)

ТУРГАНОВ Дюсенбай Нурбаевич («Орталық-Азия Электроэнергетикалық Корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары)

НАКПАЕВ Салимжан Жумашевич («Эмбамұнайгаз» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары)

БЕЙСҚАЛИ Толқын Ермекқызы (Қызылқоға аудандық мәслихатының хатшысы)

ОЖАЕВ Нұрлыбек Жұмахметұлы Орталық партиялық квотасымен Мәжіліс депутаттығына ұсынылатын партиялық тізімге енді

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasyny-kezekten-tys-hh-sezi-879223](https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasyny-kezekten-tys-hh-sezi-879223)