---
title: "Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды"
description: "Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды«Қазақстан Республикасындағы сайлау ту..."
author: "zko.nurotan.kz"
published: "2021-01-13T09:24:30+00:00"
modified: "2021-01-13T09:24:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasynan-m-zhilis-deputattaryny-tizimi-zhariyalandy-917050"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasynan-m-zhilis-deputattaryny-tizimi-zhariyalandy-917050/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды

> Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды«Қазақстан Республикасындағы сайлау ту...

Nur Otan» партиясынан Мәжіліс депутаттарының тізімі жарияланды

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның 97-1 бабының 5-тармағына сәйкес «Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының 12 қаңтардағы шешімімен 76 кандидаттан тұратын тізім бекітіліп, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылымының депутаттары ретінде тіркеу үшін Орталық сайлау комиссиясына жолданды.

Жалпы, Мәжілістегі «Nur Otan» партиясы Фракциясының құрамы 70%-ке жаңарды. Орташа жасы - 49, яғни 4 жылға жасарды.

Қорытынды партиялық тізім теңдестірілген. Яғни тізімдегі 36 кандидат – праймериз жеңімпаздары, 40 кандидат Саяси кеңес Бюросының квотасы бойынша бекітілген. Бұл аймақтық өкілдікті сайлаушылар санына сәйкес пропорционалды түрде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.

Партия Төрағасының Парламент Мәжілісіндегі жастар мен әйелдердің үлесін арттыру жөніндегі тапсырмасы нақты іске асырылды. Яғни, «Nur Otan» Фракциясының жаңа құрамының 40%-ті әйелдер мен 35 жасқа дейінгі жастардан тұрады.

Негізінен Мәжілістегі «Nur Otan» депутаттық корпусына білім беру, денсаулық сақтау, ҮЕҰ, БАҚ, сарапшылар қауымдастығы, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және т.б. салалардың өкілдері енді.

Депутаттыққа кандидаттардың 7-уі ғана бұрынғы мемлекеттік қызметкер, яғни Фракция құрамында олардың саны 10%-тен аспайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasynan-m-zhilis-deputattaryny-tizimi-zhariyalandy-917050](https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasynan-m-zhilis-deputattaryny-tizimi-zhariyalandy-917050)