---
title: "\"Nur Otan\" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы"
description: "«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалынының мәжіліс залында партияішілік іріктеу – сайлау ұйым..."
author: "zhanaozen.nurotan.kz"
published: "2020-12-04T06:01:59+00:00"
modified: "2020-12-04T06:02:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-zha-a-zen-alaly-filialy-884683"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-zha-a-zen-alaly-filialy-884683/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Nur Otan" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы

> «Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалынының мәжіліс залында партияішілік іріктеу – сайлау ұйым...

«Nur Otan» партиясы Жаңаөзен қалалық филиалынының мәжіліс залында партияішілік іріктеу – сайлау ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша семинар-кеңес өтті.​ Отырысқа Маңғыстау облыстық филиал төрағасының орынбасары З.Есбергенова, Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Н.Худибаев, қалалық ұйымдастыру комитеті мен есеп комиссиясының және бастауыш партия ұйымдарының төрағалары мен мүшелері қатысты.

!["Nur Otan" партиясы Жаңаөзен қалалық филиалы](https://storage.yvision.kz/images/user/443456/df222294d1541805e2fc190c1af30a.jpg)

Отырыстың күн тәртібі бойынша облыстық филиал төрағасының орынбасары З. Есбергенова «Nur Otan» партиясының праймеризін өткізудің ережесі мен міндеттері, қағидаттары мен тәсілдері туралы, Сайлау өткізу барысында үгіт-насихат жүргізудің практикалық нұсқаулығы және Сайлау өткізу барысында үгіт-насихат жүргізудің Жадынамасы туралы мәселелерді жан-жақты түсіндіріп өтті. Жиын соңында ұйымдастыру комитетімен есеп комиссиясына алдағы өткізілетін сайлауды практикалық нұсқаулықтың және жадынаманың талаптарын сақтай отырып өткізуді тапсырды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-zha-a-zen-alaly-filialy-884683](https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-zha-a-zen-alaly-filialy-884683)