---
title: "Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек жұмыс сапарымен Қапшағай қаласына келді."
description: "Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қапшағай қаласына к..."
author: "userfacebook810643133096260"
published: "2020-10-02T09:50:02+00:00"
modified: "2020-10-02T09:50:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-t-ra-asyny-birinshi-orynbasary-b-baybek-zh-mys-saparymen-apsha-ay-alasyna-keldi-867777"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-t-ra-asyny-birinshi-orynbasary-b-baybek-zh-mys-saparymen-apsha-ay-alasyna-keldi-867777/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Б.Байбек жұмыс сапарымен Қапшағай қаласына келді.

> Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қапшағай қаласына к...

Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек жұмыс сапарымен Қапшағай қаласына келді. Жұмыс сапары кезінде Бауыржан Қыдырғалиұлы, Алматы облысы әкімінің орынбасары Ләззат Махатұлы, облыстық партия төрағасының бірінші орынбасары Жанболат Әкебайұлы және аймақ әкімі Нұрлан Орынбасарұлы бәрі бірге «Green Land Alatau» жылыжай кешенінде болып, атқарылып жатқан жұмыс барасын көрді. Голландық технологиямен жұмыс жасап отырған аталған жауапкерлігі шектеулі серіктестік басшысы Алмас Қадырұлы, келген қонақтарға жылдық қуаты 52 мың тонна өнім шығаратын кешенде 250 адам қызмет етеді. Жалпы, отандық нарық пен Ресей мемлекетіне де экспортталады. 105 мың шаршы метрді алатын жылыжай биыл үшінші желісін салу көздеп отырғанын баяндады. Одан, меймандар осындағы жұмысшалырмен кездесіп, олардың өтініш-тілектерін тыңдап, алдағы уақытта бұл көтерілген мәселелер бойынша жұмыстар қолға алынып, атқарылатындарын айтты. Бауыржан Қыдырғалиұлы бастаған топ қаладағы «КОМФОРТ» демалыс орнында праймериз үміткерлерімен жүздесіп, онда 2021-2025жж сайлауалды бағдарлама бойынша «Нұр Отан» партиясының қалалық филиалының бірінші орынбасары Ержан Ешмұханбетов және өңір басшысы Нұрлан Құматаев баяндама жасады. Осыдан барып Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбек сөз алып, Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә. Назарбаевтың бағдарламалық мемлекеттік және партиялық құжаттарда көрсетілген бағыттарын негізге ала отырып, сол бойынша іс жүзеге асырылуын, жергілікті халықпен тығыз байланыс орнатып, өзекті проблемаларды зерделеу арқылы халықтың нақты сұраныстарын ескере отырып, аумақтық бағдарламалар әзірлеу қажеттілігін айтты. Және ол мәселелер нақты шешілуін де тілге тиек етті. Сөз соңында баршасына ақ жол тілеп, жылы лебізін білдірді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-t-ra-asyny-birinshi-orynbasary-b-baybek-zh-mys-saparymen-apsha-ay-alasyna-keldi-867777](https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-t-ra-asyny-birinshi-orynbasary-b-baybek-zh-mys-saparymen-apsha-ay-alasyna-keldi-867777)