---
title: "«Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы «Біз біргеміз» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға 12 млн"
description: "Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен партияның корона..."
author: "almatyobl"
published: "2020-03-31T16:54:19+00:00"
modified: "2020-03-31T16:54:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-almaty-oblysty-filialy-biz-birgemiz-akciyasy-ayasynda-m-tazh-otbasylar-a-12-mln-853040"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-almaty-oblysty-filialy-biz-birgemiz-akciyasy-ayasynda-m-tazh-otbasylar-a-12-mln-853040/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы «Біз біргеміз» акциясы аясында мұқтаж отбасыларға 12 млн

> Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен партияның корона...

Елбасы, «Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен партияның коронавируспен күресті күшейту мақсатында халыққа көмек көрсетуге бағытталған «Біз біргеміз» акциясы басталған болатын.

Партия филиалының мәліметіне қарағанда, партия мүшелерінің, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының қолдауымен құны 12,3 млн. теңге болатын азық-түлік пен жеке гигиена құралдары сатып алынды. Партияның аймақтық филиалдары, «Jas Otan» жастар қанатының жастары мен еріктілері партияның «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» жобасының аясында жалпы саны 793 отбасыға антисептикалық құралдар, медициналық маскалар және азық-түліктермен көмек көрсетілді.

Атап өтсек, облыста "Біргеміз, Жетісу" қайырымдылық қоры құрылып, қор жұмысы өңірдегі халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарына қажетті көмек көрсетуге бағытталған.

Осы сайттан материалдарды көшірген, ретрансляциялаған немесе үзінді алған жағдайда ешқандай өзгеріссіз төмендегідей жазбаны пайдалана отырып (тырнақшасыз) дереккөзді көрсету міндетті шарт болып табылады:

«Дереккөз: Алматы облысы әкімдігінің ресми сайты https://www.zhetysu.gov.kz»

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-almaty-oblysty-filialy-biz-birgemiz-akciyasy-ayasynda-m-tazh-otbasylar-a-12-mln-853040](https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-partiyasy-almaty-oblysty-filialy-biz-birgemiz-akciyasy-ayasynda-m-tazh-otbasylar-a-12-mln-853040)