---
title: "Nur Otan: Қостанай облысында 77 жаңа бизнес-жоба құру үшін грантқа 40,8 млн. теңге қаралды"
description: "Кандидат алдағы сайлау туралы, сайлауалды бағдарламаның негізгі тармақтары, азаматтарға көмек көрсет..."
author: "kostanay.nurotan.kz"
published: "2021-01-04T10:38:48+00:00"
modified: "2021-01-11T06:57:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-ostanay-oblysynda-77-zha-a-biznes-zhoba-ru-shin-grant-a-40-8-mln-te-ge-araldy-908509"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-ostanay-oblysynda-77-zha-a-biznes-zhoba-ru-shin-grant-a-40-8-mln-te-ge-araldy-908509/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Nur Otan: Қостанай облысында 77 жаңа бизнес-жоба құру үшін грантқа 40,8 млн. теңге қаралды

> Кандидат алдағы сайлау туралы, сайлауалды бағдарламаның негізгі тармақтары, азаматтарға көмек көрсет...

Кандидат алдағы сайлау туралы, сайлауалды бағдарламаның негізгі тармақтары, азаматтарға көмек көрсету үшін партия қабылдап жатқан шаралар туралы айтып берді. ⠀ "Әлемдік коронавирустық пандемия біздің елдегі экономикалық жағдайға теріс әсер етті, сондықтан 2020 жылы мемлекет дағдарысқа қарсы шараларды әзірледі.Карантин шараларының енгізілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсетілді: -Халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 10,9 мың адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды;
- 1,2 мың аз қамтылған отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 5,5 мың кепілдендірілген әлеуметтік пакет 6 жасқа дейінгі балаларға берілді. – 4,9 мың адам үшін коммуналдық шығындар өтелді. Елбасы бастамалық жасаған «Biz birgemiz» акциясы шеңберінде «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілер 1,1 мыңнан астам отбасына азық-түлік себетін үлестірді, 9,6 мың адам 50 000 теңгеден ақша алды.

![Nur Otan: Қостанай облысында 77 жаңа бизнес-жоба құру үшін грантқа 40,8 млн. теңге қаралды](https://storage.yvision.kz/images/user/440428/2cc833dc7dd03541fbee042d8eaa61.jpg)

COVID-19 пандемиясынан зардап шеккен ШОБ қолдау үшін екінші деңгейдегі банкілермен жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша сомасы 16,1 млрд. теңгеден астам 81 несие берілді;
- 77 жаңа бизнес-жоба құру үшін грантқа 40,8 млн. теңге қаралды;
- Еңбекпен қамту жол картасы шеңберіндегі жобаларға 19,7 млрд. теңге бөлінді, ол жаңадан 5 295 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді;
- коммуналдық меншіктегі 109 нысанның сомасы 18 млн. теңге 3 айлық жал ақысы шегерілді» - деді Аслан Дабылов.

«Іс-шара барысында жергілікті жұрт "Nur Otan” партиясының осы игі жоспарларын бірауыздан қолдайтындығын және партияға деген сенімдері мол екендігін айтты.

![Nur Otan: Қостанай облысында 77 жаңа бизнес-жоба құру үшін грантқа 40,8 млн. теңге қаралды](https://storage.yvision.kz/images/user/440428/06ecc90ee011ba47b170c456c5fb45.jpg)

Біздің партия Қостанай қаласы халқының үміттеріне сай болуы үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, халықтың барлық топтарының мүдделерін қорғап, халық пен билікті байланыстыратын буын болады.Мақсатымыз – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын үнемі өсіріп отыру.

Біз бірге қаланың әрбір тұрғыны жайлы тұрмыс үшін, даму және өзін-өзі көрсете алу үшін бәрі де мүмкін болатын қолайлы қоғам құрамыз» , - деді өз сөзін қортындылай келе Аслан Дабылов.

«Nur Otan» партиясы Қостанай облысының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Сайлау-2021

Выборы-2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-ostanay-oblysynda-77-zha-a-biznes-zhoba-ru-shin-grant-a-40-8-mln-te-ge-araldy-908509](https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-ostanay-oblysynda-77-zha-a-biznes-zhoba-ru-shin-grant-a-40-8-mln-te-ge-araldy-908509)