---
title: "«Nur Otan» Есмаханда көше жарығын жүргізуге ықпалдасуда"
description: "«Nur Otan» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлібек Наутиев пен Қайыржан Мәжиев, ..."
author: "atyrau.obl.nurotankz"
published: "2021-01-05T10:58:29+00:00"
modified: "2021-01-05T11:10:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-esmahanda-k-she-zhary-yn-zh-rgizuge-y-paldasuda-909527"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-esmahanda-k-she-zhary-yn-zh-rgizuge-y-paldasuda-909527/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Nur Otan» Есмаханда көше жарығын жүргізуге ықпалдасуда

> «Nur Otan» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлібек Наутиев пен Қайыржан Мәжиев, ...

«Nur Otan» партиясының облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Әлібек Наутиев пен Қайыржан Мәжиев, Ақтұрлан Ерманов, Серік Қойбақов, Биғайша Құмарова сынды аудандық мәслихатқа үміткерлер бастаған топ Махамбет ауданы Бақсай ауылдық округінің орталығы Таңдайдан 14 шақырым шамасындағы Есмахан ауылында болып, сайлаушылармен кездесті. Әуелден-ақ ұйымшыл есмахандықтар басқосуға уақытылы жинала қалды.

![«Nur Otan» Есмаханда көше жарығын жүргізуге ықпалдасуда](https://storage.yvision.kz/images/user/453328/ddc1ed4569a030d433479d527e622f.jpg)

Бір кездері «болашағы жоқ» ауылдардың қатарына енген Есмаханның бүгінгі жайы тіптен бөлек. «Бақсай» каналының иінінен орын тепкен бұл ауылға көгілдір отын келіп тұр, партияның ықпалдасуымен көше жарығы жүргізіле бастады, құдықтағы сулары үйдің ішіне тартылған. Кездесуде «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшелері партияның алдағы бес жылдағы сайлауалды бағдарламасымен, шалғай елді мекендерді дамыту бағытындағы атқарып жатқан жұмыстармен жан-жақты таныстырды.

- Облыстық мәслихатқа үміткерлер келіп, сайлауалды бағдарламаны түсіндіруде. «Nur Otan» партиясының араласымен елімізде көптеген жағымды жаңалықтар болып жатыр. Газ келді. Жарық қосылып жатыр. Болашақта интернет, су мәселесін шешеміз деп жатыр. Сондықтан да алдағы сайлауға бірауыздан қатысамыз деген сенімдемін,- дейді ауыл тұрғыны Асхат Қарпашев.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

Сайлау 2021

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-esmahanda-k-she-zhary-yn-zh-rgizuge-y-paldasuda-909527](https://yvision.kz/kk/post/nur-otan-esmahanda-k-she-zhary-yn-zh-rgizuge-y-paldasuda-909527)