---
title: "Үнсіз диалог"
description: "Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы, бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп..."
author: "yvision_user"
published: "2013-02-14T17:23:42+00:00"
modified: "2013-02-14T17:24:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nsiz-dialog-325393"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nsiz-dialog-325393/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Үнсіз диалог

> Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы, бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп...

![Түнгі аспан](https://storage.yvision.kz/images/user/yvision_user/qL4yn4dGY39ZrZbnb1fOukoFE1ED13.jpg)

Түн бетіндегі шыр-шыр, сыр-сыр еткен шегіртке дауысы, бәсеңдей берді. Бұлшық еттер шымыр-шымыр етіп тітіркенгендей. Естіледі қатайған деміміз ап-анық.

Сол кезде жан:

-Жүрек, дем алуға мұрша бер, сыр ашылмас асыққанға.

Төс:

-Тосамын өзіңді.

Қол:

-Алар едім құшаққа.

Ақыл:

-Асықпа жан..

Ғашықтар:

-Қайда біздің жұлдыз, қарап едік аспанға.

-Әне, жарқырайды жарық болып бәрінен!

Жарқ етті де жарық жұлдыз:

-Куә болам серттеріңе, берген сәулем астында, -деп көктен дауыстады.

Көтеріп едім иегімді, айналып келдің алдыма, естіп соққан жүректі.

-Абай бол,- деп алақанмен үстінен басып жұбатты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nsiz-dialog-325393](https://yvision.kz/kk/post/nsiz-dialog-325393)