---
title: "Әншілер Айланға көмектеспек"
description: "11.10.12.Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лау­реаты Мейрамбек Бесба..."
author: "AIKYN"
published: "2012-10-10T23:31:43+00:00"
modified: "2012-10-10T23:31:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nshiler-aylan-a-k-mektespek-295529"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nshiler-aylan-a-k-mektespek-295529/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әншілер Айланға көмектеспек

> 11.10.12.Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лау­реаты Мейрамбек Бесба...

** ****11.10.12.

![Әншілер Айланға көмектеспек](http://www.aikyn.kz/images/stories/11.10.12/22-bet-3.jpg)

Мәдениет қайраткері, Мемлекеттік «Дарын» жастар сыйлығының лау­реаты Мейрамбек Бесбаевтың енші­лігіндегі «Өнеге» журналының ұжымы «Unitу.KZ» қайырымдылық қорымен бірігіп концерт өткізбек. **** **

****

20 қазанға жоспарланған қайырым­дылық шарадан түскен қаржы ақмо­ла­лық 1 жасар сәби Айлан Дәулетбаеваның жеке шотына аударылмақ. Жиналған ақша өзгелер сияқты емес, өңеші бітеу болып туылған бүл­діршінге күрделі ота жасау үшін жұм­салмақ. Концертке қазақ эстрадасының та­нымал әншілері Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Ақмарал Леубаева, Жанар Айжанова, Жұбаныш Жексенұлы, Шахизада, Мадина Сәдуақасова, Ме­руерт Түсіпбаева, Роза Әлқожа, Жан­болат пен Жазира, Индира Расылхан, «Денар» тобы, «Асыл» тобы, «Азия» тобы, Ерлан Орынбасаров, Таңат Ма­мырхановтар қатысады. Сондай-ақ «Өнер қырандары» әзіл-сықақ командасы өз өнерлерін ортаға салады. «Өңеші мен асқазаны қосыл­ма­ғандықтан, бала өз еркімен тамақтана алмайды. Қазақстанда жасалған өңеш пен асқазанды қосуға арналған отадан кейін бірде-бір бала тірі қалмаған. Айлан­ға да Қазақстанда 5 рет ота жа­­сал­ғанымен, жағдайы әлі түзелер емес. Ре­сей дәрігерлері баланы емдеуден бас тартқан. Өйткені қазақстандық дәрі­герлер оған қажетсіз оталарды жасап, оның өміріне одан сайын қауіп кел­тір­ген. Айланға көмектесуге тек Из­раильдің дәрігерлері келісіп отыр. Қазір Айланның қорында 10 мың АҚШ дол­лары ғана бар. Оны емге жіберу үшін тағы да қосымша қаржы жинау қажет. Бір жастағы сәбидің өміріне араша түсейік» дейді ұйымдас­тыру­шылар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nshiler-aylan-a-k-mektespek-295529](https://yvision.kz/kk/post/nshiler-aylan-a-k-mektespek-295529)