---
title: "Әнші Luina Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады"
description: "Әнші Luina Қазақ радиосы арқылы барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен ..."
author: "TRK_kaz"
published: "2014-09-17T04:07:00+00:00"
modified: "2014-09-17T04:10:55+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nshi-luina-aza-stan-hal-y-tilderi-k-ni-merekesimen-tty-tady-429976"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nshi-luina-aza-stan-hal-y-tilderi-k-ni-merekesimen-tty-tady-429976/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әнші Luina Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады

> Әнші Luina Қазақ радиосы арқылы барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен ...

*Әнші Luina Қазақ радиосы арқылы барша қазақстандықтарды Қазақстан халқының тілдері күні мерекесімен құттықтады.*

> «Қазақстан халқының тілдері күні Құтты болсын! Мол жақсылық болсын. Қазақша сөйлеп, қазақша ән айтайық» - дейді ол.

Айта кетейік, Luina 2013 жылы ЕМА еуропалық музыкалық жүлдесі бойынша «Жыл әншісі» атанды.

Қазақ радиосының эфирінде атақты әнші «Кешір мені» әнін жолдады.

«Luina» ол Луиза Кәрінбаеваның лақап аты. Әнші қыз 1987 жылы Жаңаөзен қаласында туды. Қазақ эстрадасында поп және поп-рок жанрларында ән шырқайды.

![Әнші Luina Қазақстан халқы тілдері күні мерекесімен құттықтады](https://storage.yvision.kz/images/user/red13/owOeaN6ahf6qud447Na2QfW9649qKQ.jpg)

Жыл сайын тілдер күні мерекесін Қазақстанда тұратын ұлт өкілдері мен ұлыстар тойлап келеді. Атап айтқанда, Қазақстанда 100-ден асатын ұлттардың біразында өз тілдерін оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау бағытында Қазақстан халқы Ассамблеясы да жұмыс істеп тұр.

Осыдан 24 жыл бұрын - 1989 жылы 22 қыркүйек күні "Тіл туралы" заң қабылданған болатын, соған орай жыл сайын 22 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдер күні.

Алайда бір күннің ішінде, әрине, Қазақстан аумағында тұратын халықтардың жетістіктерін көрсету мүмкін емес. Сондықтан барлық облыстарда тілдер апталықтары, онкүндіктері, айлықтары, фестивальдары өтеді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nshi-luina-aza-stan-hal-y-tilderi-k-ni-merekesimen-tty-tady-429976](https://yvision.kz/kk/post/nshi-luina-aza-stan-hal-y-tilderi-k-ni-merekesimen-tty-tady-429976)