---
title: "Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді"
description: "Әнші, композитор Берік Сексенбекұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтар..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-01T00:48:03+00:00"
modified: "2015-07-01T00:48:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nshi-berik-seksenbek-ly-astana-nine-beynebayan-t-sirdi-517959"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nshi-berik-seksenbek-ly-astana-nine-beynebayan-t-sirdi-517959/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді

> Әнші, композитор Берік Сексенбекұлы бүгін «Таңшолпанда» қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтар...

**Әнші, композитор Берік Сексенбекұлы бүгін [«Таңшолпанда»](http://tankaz.kz/videoclips) қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.**

**

![Әнші Берік Сексенбекұлы «Астана» әніне бейнебаян түсірді](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/7uUZ9AEc99bxu2jIAFyx3PpK87MjW2.png)

**

Жуырда «Астана» әніне бейнебаян түсірген әнші: «Бейнебаянның сөзін жазған – Таңшолпан Абайқызы, әні – өзімдікі», - дейді.

Берік Сексенбекұлы қазір «Мәңгілік ел» атты әнді жазып бітіріпті.

«Одан басқа да әндер бар. Әндерім дені патриоттық бағытта. Алғашқыда, лирикалық әндерді де жаздым. Бірақ, Астананы көргенде ән жазбау мүмкін емес», - дейді ол.

Домбырамен қатар, фагот атты аспапты шебер меңгерген **Берік Сексенбекұлы** **әу баста бұл аспапты меңгеру ойында бомлағанын айтады.**

**«**Оқуға түсерде гитарамен ән айтамын, деп келдім. Алайда, онда мектептен алған музыкалық білім керек екен. Менде музыкалық білім болмаған соң, қабылдау комиссиясының мүшелері оқуға түсе алмайтынымды айтты. Содан музыкалық білімсіз үйренуге болатын қандай аспап барын сұрағанда, осы фаготты көрсетті. Алғашқыда, фаготты үйренейін, кейін гитараға ауысамын деген ой болды. Бірақ, алты айдан кейін айнып қалдым. Бұл – үні ерекше керемет аспап», - дейді композитор.

Сұхбаттың толық нұсқасын «Қазақстан» ұлттық арнасы ұсынатын [«Таңшолпаннан»](http://tankaz.kz/) бағдарламасынан көріңіздер.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nshi-berik-seksenbek-ly-astana-nine-beynebayan-t-sirdi-517959](https://yvision.kz/kk/post/nshi-berik-seksenbek-ly-astana-nine-beynebayan-t-sirdi-517959)