---
title: "Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)"
description: "«Кескіндеме поэзияға жақындай түсуде, өйткені фотография оны тарихты баяндау міндетінен босатты» Жо..."
author: "Arsik"
published: "2012-06-02T22:28:40+00:00"
modified: "2012-06-03T04:53:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nive-karzon-galereyasy-ultrazhad-k-rmesin-syndy-parizh-astana-almaty-2012-2013-266379"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nive-karzon-galereyasy-ultrazhad-k-rmesin-syndy-parizh-astana-almaty-2012-2013-266379/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)

> «Кескіндеме поэзияға жақындай түсуде, өйткені фотография оны тарихты баяндау міндетінен босатты» Жо...

*«Кескіндеме поэзияға жақындай түсуде, өйткені фотография*

* оны тарихты баяндау міндетінен босатты»*

*Жорж Брак*

12-сәуір мен 20-мамыр аралығында Астана қаласының әкімшілігі мен Қазақстанның Франция елшілігінің қолдауымен «Тәуелсіздік сарайында» Мишель Кастанье, Жозеф Чой, Анн Шарлотт Финель, Эрве Ик, Сәуле Сүлейменова, Ғалым Маданов, т.б. әлем елдерінің көптеген суретшілері қатысқан «Ультражад» көрмесі болып өтті.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/7x5MDmS7kh32zKREZK1MtZN7ZbrS7x.jpg)

Көрме кескіндеме мен фотосурет арқылы тарихтың байланысын көрсетуге тырысты. Негізгі жұмыстар фото-, видео- технологияларын қолдану арқылы жасалынған.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/lNlID2F1ZtHjRM8z6EM6Qf97y487YA.jpg)

Енді көрмеге қысқаша фотосаяхат жасап көрейік.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/WBGYlXO4uJTYjZVAxdMNjLaQpucksj.jpg)

Мынау париждік фотограф Наталия Ляхтың суреттері. Ол күнделікті өмірімізден тыс аспектілердің мәнін ашады. Оның көркем көзқарасы оптик, физик немесе психоаналитикке ұқсас: фото немесе видеокамераны телескоп, перископ, калейдоскоп, не болмаса микроскопқа айналдырады.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/E44XeVhoLyc9PZU4mZ9oEHW4or0FU8.jpg)

Наталияның "Ветровое стекло" атты жобасынан XIX бен XX-шы ғ.ғ басында түсірілген фотоларды автокөліктің айнасына орналастыру арқылы өткен шақ пен қазіргі кездің бір уақытта байланысқанын ұғынамыз. Көрермендерге айнадан қараған адамдардың көзқарастары мен көлік терезесінен көрінетін мегаполис көрінісі бір-біріне қарама-қайшы болып келеді. Фотосуреттерден бұл дүниеден өткен адамдардың рухы сезіледі.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/pCe07xuo047IZUV898z4tLMF3Kv5D4.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Mh2U04LRjizI5M32k4VWJ24JEETJ5A.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9F0if8Ab4a7fYda1g7IBCng0ST0e8A.jpg)

Келесі суретші Лондонның Middlesex Университетінде оқыған, 2006 жылғы Вена Биенналінде Францияның атынан шыққан - Мишель Кастанье.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/v4kKm1IhD6E0OMQJsf99lb6Jw36x3T.jpg)

Оның қозғалмалы бейнелері көбінесе ескі әуесқой фотосуреттер коллекциясынан туылған. Бейнелері көп мағыналы, сыртқы көрінісі ойын болса, ішкі дүниесі мұңға айналады.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/p2OlTtxwUwUtO3Xzksr58H815OhhPS.jpg)

"Мен тура сөйлеп, ең жеңіл жолмен жүруге тырысамын. Дилемма іздеймін, әр түрлі эффектілерден бас тартамын. Мен қолданатын фотосурет қарапайымдылығы кейіпкерлерімді жан-жақты етіп көрсетеді". *Мишель*

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/pk4FQ2o7kKGKmGwlS95ch49xCaNNMx.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Gy4JG9E8M6fMYdR2cgrCyrnfOwg49W.jpg)

Ал мынау /Ертеңге дейін/ атты суреттер топтамасы. Ғарышты бағындыру эволюциясының тарихын фотомен көрсетеді.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/Ryq9KsIO278tnt64xNfxl9ol59bmM9.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/mMBIgYrgdh643jg1fSHWM61M77LPEn.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/89P6hz16rfxZ328w6jJw2rgp7if437.jpg)

Францияның оңтүстігіндегі Родез қаласының суретшісі Сириль Хатт стереоскопиялық фотосуреттерінде көне кескіндеме туындыларын рельеф тәрізді арнайы тәсілдер арқылы түсірген, бедер елесін құрайды.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/T2e2sMH5pnWqFD2e7mpo0pD8f7HFXe.jpg)

"Мадонна"

Ол қарапайым құралдар (сандық камера, принтер, скотч, степлер) және орасан зор шыдамдылық арқылы объективіне түскен қарапайым мотоцикл, көлік, аяқ-киім, электр құралдарын максимальды түрде жақындатып, осындай өнер туындысын жасап шыққан. Бір-біріне жапсырылған кішкентай суреттерден үлкен туындылар шығады.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/P0u5wQXJ3Q2kq72afmGa0vN2MN7eOS.jpg)

"Гүл ұстаған бикеш"

Жозеф Чой - франко корейлік суретші, трансформация, транскрипция процессіндегі көне фото, видеоматериалдарды бір өлшемнен екіншісіне ауыстырып жұмыс істейді.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/H7rz99j5O7kEf2psn61RxiC3H13BS1.jpg)

Оның "Адамдар" сериясы 1962 жылғы Кеннедидің Далласқа қайғылы сапарының видеоматериалдары әсерінен туылған.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/soU988Naj9FT2h4Ixb0Z3piC7t3PjL.jpg)

Бұл жерде Жозеф топ ішіндегі кездейсоқ адамдарды таңдаған, көптеген бояу қабаттары, мөлдір шайыр, шілтерлер бізді белгісіз куәгерлерден алыстатып әкетеді.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/9HUMWMmm8E0ijoK769nic0416UT107.jpg)

Ирве Иктің көркемсуреті мутация процесіндегі заманауи адаммен қосақталатын реконструкция, рекомпозиция және қайта ұйымдастыруды зерттейді.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/33vZXqxTpKqVc38DBAxMr1KSGcJ71e.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/T8Z71C6P1Y5n1snH0AG33h2mcaSGmZ.jpg)

"Цирк"

Бұл процесс белгілі бір кезеңді анықтайтын стиль және тәжірибе арқылы, белгілі бір уақытты құрайтын психология арқылы біздің тарихқа деген қатынасымызға негізделіп құралған және осы шақтың көлемі, бедері және мәні болып табылады.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/cmj0y2a5Y66860N6LNIHQ32JIsvfg1.jpg)

Ирве негативке қазіргі рейверлері мен XV ғ. фламандтық өрнектерінің кейіпкерлері атты екі көркемсурет қабатын бір-бірінің үстіне қояды. Оның көркемөнерінде нысан аз дәрежеде өз фонынан бөлінеді, ал көп жағдайда сыртқы және ішкі байланыстардың сәйкестілігі байқалады.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/JMJIQw3Jxm0jifg3f8eJDVNB5obkB8.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ir5PXnJikofmN2OShiRb2l5VyWP10r.jpg)

"Мені ұмытпа"

Көрмеге қойылған отандық суретшілердің туындыларына келейік.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/cOA8GhXHDF2Qua8Wra7baBH1Y1873e.jpg)

Мәскеудегі Кинематография Институтының (ВГИК) өнер факультетін тәмамдаған суретші, түрлі объектілер мен инсталляциялар авторы, Венециядағы 54-биенналенің қатысушысы Ғалым Мадановтың "Аспанмен тілдесу" көркем шығармалар топтамасы 90 ж.ж. аяғында бүкіл Қазақстанға жасаған саяхаты кезінде жинақталған фотодеректерге сүйеніп жасалған.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/wAsxgOmzkdvAoW3PR5CEtqeiyA5X7G.jpg)

Бұл шығармаларда ол фотосурет пен көркем суретті үйлестіреді, бірақ бұл топтамадағы көркемсуреттің фотосуреттен айырмашылығы - өзінің қанық түстерінен айырылған, тіпті елеске айналғандай. Мұнысымен ол түп-тамырынан қол үзіп, күші мен мән-маңызын жоғалту үстіндегі салт-дәстүрлерді еске салады. Ғалым философия магистрі, Алматыда тұрып, жұмыс жасайды.

Келесі жас суретші Ғайша Маданованың "Сана жалғыздығы" фототоптамасы "Кеңістік құжаттамасы" атты ірі фотожобаның бір бөлігі.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/l8avWCvIpMoEXnE5WsNCNkNCtsLJwD.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/ViFBV9MW6z94AECC55MH39cx01cm4T.jpg)

Фотосуреттер дүрбі көмегімен түсірілген, мұнда дүрбі жобаның концептуалды және эстетикалық негізін қалаушы маңызды құрал болып табылады. Дүрбі шеңберінің ортасына орналастырылған нысан үйреншікті ортасынан алынып тасталып, шеңбер ортасына бекітіледі. Бұл көрерменге сол көріністерді ойында үлгіленген басқа ортаға орналастыруға мүмкіндік береді.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/e7rq0wEY1m0lZmTtFqLI31sS45prZA.jpg)

"Ұялы телефонмен сөйлесіп тұрған адамды бақылап отырып түсірген суреттерім - оқиғаның нақты орны мен уақытын емес, сол жағдайдың эмоционалдық күйін, шиеленісін, өз ойыңды сараптаудан қашу сезімін жеткізеді. Маған адамның өзімен оңашада қалғанда өз-өзінен қашу үшін жанталасып, кез келген сылтау іздейтіндегі күйін есіме салады". *Ғайша*

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/05L6K57Hm8NTtCu569pzVV7IyXmrzr.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/p66eP44ChyQ7s1sKZMfG0IxIPRirSe.jpg)

Ғайша Маданова сәулет факультетін тәмамдаған. Алматыда тұрып, жұмыс жасайды.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/rxuddO8FwoFfnlt2gIvtr4P00QH52q.jpg)

"Қазақ шежіресі"

Сәуле Сүлейменованың бұл топтамасы қазіргі уақыт пен дәстүрдің қарама-қайшылық шеңберіне сыймайды. Қарапайым адамдар түрінің өзі қазіргі заманның сипатына еніп кеткен және де ол сипаттар әркез жағымды емес.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/e7H96yHVVnH7t1OuWfOlFP1C4S883T.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/YV33Q29elwiEXF6K2419nz0oxC6j60.jpg)

Ескі суреттердің жапсырма қабырғаларға топтастырылуында үлкен мән бар: заманның ағымы, ескіліктен бірден жаңамодерн заманға көшуі бейнеленген.

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/4ZXBHW63j9AhARCE4qFng7m112a8Em.jpg)

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/XAzzaG72BQBhaTxwZgpHh2vv58y5Gy.jpg)

"Мен гараж, үй, шарбақ, қабырғалардың әр түрлі беттерін суретке түсіремін, онда адамдардың әр түрлі бояу, граффити, жазулар арқылы қарғыстар, махаббат сезімдерін білдіру түрлерінде өз іздерін қалдырған. Табиғат өзінің ізін ағаштардың көлеңкесі түрінде қалдырды. Және бұл фотожазықтықта мұрағатты және қазіргі фотосуреттерден бейнелер айқындалады. Осылайша уақыт пен кеңістік арасындағы ойын пайда болады". *Сәуле*

![Ниве-Карзон галереясы «Ультражад» көрмесін ұсынды. Париж-Астана-Алматы (2012-2013)](https://storage.yvision.kz/images/user/kerbez_/0xB0eYbh3xQEUdMQR4ifO0an6TYdkJ.jpg)

Көрме Астанада 6-шы рет көрермендеріне жол тартты, бұған дейін ол Стамбулда, Вологда, Вильнюс, Мәскеу, Санкт-Петербургта суретшілердің әр түрлі құрамымен қойылған. 2013 жылы Қастеев мұражайында Алматыда көрсетіледі.

*Материалды дайындаған Айжан Кәрібаева*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nive-karzon-galereyasy-ultrazhad-k-rmesin-syndy-parizh-astana-almaty-2012-2013-266379](https://yvision.kz/kk/post/nive-karzon-galereyasy-ultrazhad-k-rmesin-syndy-parizh-astana-almaty-2012-2013-266379)