---
title: "Өнімді инновацияларды ынталандыру"
description: "«Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология коми..."
author: "Rustem_Erbatyr"
published: "2017-10-02T23:54:03+00:00"
modified: "2017-10-02T23:54:03+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nimdi-innovaciyalardy-yntalandyru-780453"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nimdi-innovaciyalardy-yntalandyru-780453/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өнімді инновацияларды ынталандыру

> «Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология коми...

«Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті» РММ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті "Өнімді инновацияларды ынталандыру" жобасының шеңберінде Өндірістік сектор консорциумдарына (әрі қарай - ӨСК) арналған гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайтынын хабарлайды.

Бағдарламаның мақсаты саланың жүйелік міндеттерін шешуге бағытталған технологияларды енгізу үшін ғылыми ұйымдар және өндірістік сектор кәсіпорындары арасында ынтымақтастықты қамтамасыз ету және консорциумдарды құру болып табылады.

Бұл Гранттық бағдарлама бойынша технологияларды коммерцияландыру мерзімі үш (3) жылдан аспауы тиіс. Консорциум кем дегенде бір ғылыми ұйымнан (ЖОО, ҒЗИ және т.б.) және кем дегенде екі бизнес өкілінен құралуы тиіс.

Гранттың максималды мөлшері 650 млн. теңгені құрайды.

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2017 жыл 1 қазан Астана уақытымен сағат 18.00-де аяқталады.

Үміткерлер Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттар конкурсының қатысушыларына арналған нұсқамада көрсетілген қатысу бойынша барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондай ақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

**Өндірістік сектор консорциумдарына арналған гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты** [consortia@fpip.kz](mailto:consortia@fpip.kz) **электрондық поштасы немесе +7 7172 23 90 35, +7 708 984 27 11 телефондары арқылы ала аласыз****.**

## Кім қатыса алады?

Конкурсқа қатысу үшін ғылым, өнеркәсіп, бизнес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор, бірлескен жобаларды табысты жүзеге асыру мақсатында құрылған ұлттық және шетелдік коммерциялық емес және үкіметтік емес консорциумдардың өкілдерінің бірлескен тобы шақырылады.

## Қатысуға өтініш қалай беріледі?

ӨСК гранттарын беру Ғылым және Коммерцияландыру бойынша халықаралық кеңестің дербес сараптарынан кейін іріктеу арқылы жүзеге асады.

Өтінім жинаудың, бағалау мен мониторинг жасаудың ортақ жүйесін қамтамасыз ету мақсатында өтініштер осы сайтқа біріктірілген арнайы портал арқылы қабылданады.

Өтінім берудің басталғаны жайлы хабар бұқаралық ақпарат құралдарында, ҚР Білім және Ғылым министрлігінің сайтына және Жобаның сайтында жарияланатын болады.

## "ӨНДІРІСТІК СЕКТОР КОНСОРЦИУМДАРЫ" ГРАНТТЫҚ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ЕСКЕРТПЕ

 

**Гранттық бағдарлама мынадай жүйелік міндеттерді шешуге бағытталған****:**

- Ұлттық инновациялық жүйеде (әрі қарай - ҰИЖ) өзара байланыстардың әлсіздігі және көлденең координация және;
- Инновацияларға деген сұраныс пен ұсыныстың төмендігі; ҰИЖ-нің басты үш мүдделі тараптары - өндірістік сектор мекемелері, ғылыми-зерттеу институттары мен университеттер арасында құрылымдық байланыстардың жеткіліксіздігі бұл ұйымдар арасындағы консолидация мен синергияға бөгет болуда.

Өндірістік сектор консорциумдары Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің елдік көрсеткіштерін жақсартуға бағытталатын болады. Консорциумдарға арналған гранттық бағдарлама индустриялық, зерттеу және білім беру ұйымдарының ынтымақтастығының, ғылыми-зерттеу институттарының сапасының жақсаруына, кластерлік дамуға, қосымша құн салығы тізбегін қамтуға, фирмалардың технологияларды абсорбциялауына, сондай ақ тікелей шетелдік инвестициялар мен технологиялар трансферіне ықпал ететін болады.

**ӨСК консорциумдары мынадай міндеттерді орындайды деп күтілуде:**

- Өнімді сектор кәсіпорындарының, ғылыми-зерттеу институттары мен жоғары оқу орындарының арасындағы жүйелі серіктестікті құрады және нығайтады;
- Инновациялық ұсыныс және сұранысты ынталандыратын болады: ҒЗТКЖ-ға жеке сектор инвестициялары және сапалы ҒЗТКЖ зерттеу ұйымдарының бұған жағдайлар жасауы;
- Өнеркәсіп пен ғылыми-зерттеу ұйымдарының координациясының инфрақұрылымына, индустриялық инновациялардың, сондай ақ технологиягың дамуы мен оның өндірістік сектордағы жүйелік мәселелерді шешу үшін берілуіне қолдау көрсететін болады;
- Республикалық маңызы бар салалардағы жаңа технологияларды дамыту бойынша ұжымдық күшке ықпал ететін болады;
- Жетекші халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарымен және жаһандық бизнеспен ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.

**Гранттар Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен және Қазақстан Республикасының Президентінің 2017 жыл 31 қаңтардағы Жолдауында анықталған ғылыми-техникалық дамудың стратегиялық проблемаларды қарастыратын консорциумдарға берілетін болады****:**

- Табиғи, оның ішінде су ресурстарын ұтымды пайдалану, геология, қайта өңдеу, жаңа материалдар мен технологиялар, қауіпсіз бұйымдар және құрылымдар;
- Ақпараттық, телекоммуникациялық және ғарыш технологиялары, жаратылыстану ғылымдары саласындағы ғылыми зерттеуле;
- Энергетика және машина жасау;
- Ауыл шаруашылығы өнімдерін, ауыл шаруашылығы мен қауіпсіздігін тұрақты дамыту;
- Өмір туралы ғылым және денсаулық сақтау;
- Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс (құпиялық таңбасынсыз);
- Сандық қызметтер, 3D принтинг, автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, нанотехнология және big data («үлкен деректер»).

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nimdi-innovaciyalardy-yntalandyru-780453](https://yvision.kz/kk/post/nimdi-innovaciyalardy-yntalandyru-780453)