---
title: "Өнерді таңдаған талапкердің назарына"
description: "Құрметті талапкерлер, араларыңызда өнерге ынтық жандар көп екеніне нық сенімдіміз. Болашақтарыңызды ..."
author: "elimai"
published: "2015-06-28T21:39:39+00:00"
modified: "2015-06-28T21:39:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nerdi-ta-da-an-talapkerdi-nazaryna-516454"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nerdi-ta-da-an-talapkerdi-nazaryna-516454/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өнерді таңдаған талапкердің назарына

> Құрметті талапкерлер, араларыңызда өнерге ынтық жандар көп екеніне нық сенімдіміз. Болашақтарыңызды ...

### Құрметті талапкерлер, араларыңызда өнерге ынтық жандар көп екеніне нық сенімдіміз. Болашақтарыңызды «өнер» атты киелі ұғыммен ұштастырып, дара қасиеттеріңізді шыңдағыларыңыз келсе зор мүмкіндіктеріңіз бар. Қазақ өнерінің қарашаңырағы Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясына оқуға баруға бел буған жас достар үшін қандай мамандықтар бойынша және қандай шығармашылық емтихандар тапсыратынын білуге тырыстық! Ақпарат кәделеріңізге жарайды деген сенімдеміз!

![Өнерді таңдаған талапкердің назарына](http://el.kz/media/images/tiny_images/895f94e3e7252a9c1adb628966535dde.jpg)

Т. Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясы 2015-2016 оқу жылына келесі мамандықтар бойынша студенттерді қабылдайды:

**Дәстүрлі музыка өнері мамандығы**

1.Халық әні (қаз.топ)

2.Халық аспаптары /домбыра, жетіген, қылқобыз/(қаз.топ)

**Режиссура мамандығы**

1. Хореография режиссурасы (аралас топ)

2. Көркем фильм режиссурасы (аралас топ)

3. Теледидар режиссурасы (аралас топ)

4. Режиссура, кино және теледидар продюсерлігі (аралас топ)

5. Анимациялық фильм режиссурасы (аралас топ)

6. Кино және ТВ дыбыс режиссурасы (аралас топ.)

**Актерлік өнер мамандығы**

1. Драма театрының артисі (орыс топ)

2. Драма театрының артисі (неміс тобы)

3. Музыкалық театр артисі (қаз .топ)

4. Сөз сөйлеу жанрының артисі

**Эстрадалық өнер мамандығы**

1. Эстрада вокалисі (аралас топ)

2. Эстрада оркестрінің артисі (аралас топ)

**Хореография мамандығы**

1. Хореография педагогикасы (аралас топ)

2.Спорттық бал биінің педагогикасы (аралас топ)

**Сценография мамандығы**

1. Киім дизайны (аралас топ)

2.Театр-сәндік өнері (аралас топ)

3. Театр, кино және ТД киімінің сценографиясы (аралас топ)

4. Театр, кино және ТД гримі (аралас топ)

**Операторлық өнер мамандығы**

1.Кино және ТВ операторы (аралас топ)

**Кескіндеме мамандығы**

1. Станоктік кескіндеме (аралас топ)

2. Монументалды кескіндеме (аралас топ)

**Графика мамандығы**

1. Станокті графика (аралас топ)

2. Жарнама графикасы (аралас топ)

**Мүсін мамандығы**

1.Мүсін (аралас топ)

**Өнертану мамандығы**

1. Театртану (қаз.топ)

2. Кинотану (қаз.топ)

3. Кинотеледраматургия (қаз.топ)

4. Этноөнертану (қаз топ)

**Сәндік өнер мамандығы**

1. Металды және басқада материалдарды көркемдеп өңдеу (аралас топ)

2. Көркем тоқыма (аралас топ)

3. Ағашты көркемдеп өңдеу (аралас. топ)

4. Көркем қыш (аралас топ)

**Дизайн мамандығы**

1. Сәулеттік дизайн (профилі: интерьер дизайны) (аралас топ)

2. Өнеркәсіптік дизайны (профилі:жиһаз дизайны) (аралас топ)

**Қабылдау шарттары:**

1. Актерлік өнер мамандығына түсушілердің жас мөлшері: қыздар (20 жасқа дейін), жігіттер (22 жасқа дейін).

2. Сәндік өнер және дизайн, бейнелеу өнері мамандығына түсушілердің орта көркемдік кәсіптік білімі (студия, мектеп, колледж) болуы шарт. Іріктеу комиссиясына өзінің 20-ға жуық жұмысын тапсыруы тиіс.

3. «Дыбыс режиссурасы» және «Эстрадалық оркестр артисі», «Эстрада вокалисі» мамандандыруына музыкалық орта білімі бар талапкерлер қабылданады.

4. Хореография мамандықтарына қабылдау кезінде хореогра-фиялық училищені, балеттік мектеп-студиясын және мәдениет колледждерін бітіргендерге аса назар аударылады.

**Қабылдау емтихандарының мерзімі:**

Іріктеу консультациялары: **20.06 - 01.07**

Құжаттарды қабылдау: **20.06 - 01.07**

**Шығармашылық емтихандар: 02.07 - 07.07**

Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны: 8(727) 261-14-17

**Ал, әр мамандық бойынша талапкерлерге қандай мәселені ескергені дұрыс және қандай шығармашылық емтихандар тапсырады? Толығырақ тоқталып өтейік.**

**Дәстүрлі музыка өнері мамандығы**

**Халық әні**

«Халық әні» мамандандыруына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде арнаулы оқу орнын бітірген болуы шарт. Жалпы білім деңгейін, мәдени дәрежесін, жігер-қажырын, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсете білуі керек. Мемлекеттік тілді жете меңгерген, тілі таза, әрбір сөзі анық, дауысы үнді болғаны абзал.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Барлық талапкер алғашқы шығармашылық байқаудан өтеді. Талапкердің музыкалық сауаты (теория, сольфеджио, гармония) қаралады. Домбыра, сырнай, қобыз, жетіген аспабында өзін сүйемелдей алуы шарт. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қәбілеттері ерекше болуы керек.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Орындаушылық өнері.

Талаптар

• қазақтың халық әндерін,халық композиторларының әндерін орындай алуы керек;

• Алтай-Тарбағатай, Жетісу дәстүрлі әншілік мектебінен хабары болуы керек;

• дауыс диапазонын көрсете алатын кең тынысты екі ән орындалуы шарт.

2. Музыка теориясы. Сольфеджио. Гармония. (билет бойынша).

Талаптар

• теориялық музыкадан сұрақтар;

• гармония пәні бойынша сұрақтар;

• әндерді жатқа сүйемел арқылы орындау, берілген ән нотасын бірден оқу;

• есту қәбілетіне анализ. Диатоникалық ладтағы дыбыс қатарын анықтау, гамма түрлері (табиғи, гармониялық, әуендік), интервалдар (диатоникалық және айрықша), үн дыбыстықтардын 4 түрі (Б 5/3, М 5/3, Ұлғ 5/3, Кіш 5/3 негізгі септаккордтар ( Б7, М7, Мdur7, Мкіші7, Кіші7 айналымдарымен) аккордтар.

**Халық аспаптары (домбыра)**

**

![Өнерді таңдаған талапкердің назарына](http://el.kz/media/images/tiny_images/50f9219f833ff437a11a7a1d333debec.jpg)

**

«Халық аспаптары» (домбыра) мамандандыруына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде арнаулы орта оқу орнын бітірген болуы шарт. Олар жалпы білім деңгейін, мәдениеттілігін, жігер-қажырын, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсете білуі міндетті.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Барлық талапкер алғашқы шығармашылық байқаудан өтеді. Талапкердің музыкалық сауаты (теория, сольфеджио, гармония) қаралады. Домбыра аспабында орындаушылық деңгейі, күйшілік қабілеті жеткілікті болуы шарт. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері ерекше болуы керек.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Орындаушылық өнері.

Талаптар

• Орташа екпінде жүретін лирикалақ бағыттағы бір күй;

• Шертпе күй дәстүрінен бір күй;

• Шеберлікті көрсететін бір күй.

2. **Музыка теориясы. Сольфеджио. Гармония. (билет бойынша).**

**Талаптар**

• теориялық музыкадан сұрақтар;

• гармония пәні бойынша сұрақтар;

• әндерді жатқа сүйемел арқылы орындау, берілген ән нотасын бірден оқу;

• есту қәбілетіне анализ. Диатоникалық ладтағы дыбыс қатарын анықтау, гамма түрлері (табиғи, гармониялық, әуендік), интервалдар (диатоникалық және айрықша), үн дыбыстықтардын 4 түрі (Б 5/3, М 5/3, Ұлғ 5/3, Кіш 5/3 негізгі септаккордтар ( Б7, М7, Мdur7, Мкіші7, Кіші7 айналымдарымен) аккордтар.

**Халық аспаптары (жетіген)**

«Халық аспаптары» (жетіген) мамандандыруына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде арнаулы орта оқу орнын бітірген болуы шарт. Олар жалпы білім деңгейін, мәдениеттілігін, жігер-қажырын, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсете білуі міндетті.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Барлық талапкер алғашқы шығармашылық байқаудан өтеді. Талапкердің музыкалық сауаты (теория, сольфеджио, гармония) қаралады. Жетіген аспабында орындаушылық деңгейі, күйшілік қабілеті жеткілікті болуы шарт. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері ерекше болуы керек.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Орындаушылық өнері.

**Талаптар**

• Бір халық әуені

• Лирикалық шығарма

• Шеберлікті көрсететін бір күй.

2. **Музыка теориясы. Сольфеджио. Гармония. (билет бойынша).**

**Талаптар**

• теориялық музыкадан сұрақтар;

• гармония пәні бойынша сұрақтар;

• әндерді жатқа сүйемел арқылы орындау, берілген ән нотасын бірден оқу;

• есту қәбілетіне анализ. Диатоникалық ладтағы дыбыс қатарын анықтау, гамма түрлері (табиғи, гармониялық, әуендік), интервалдар (диатоникалық және айрықша), үн дыбыстықтардын 4 түрі (Б 5/3, М 5/3, Ұлғ 5/3, Кіш 5/3 негізгі септаккордтар ( Б7, М7, Мdur7, Мкіші7, Кіші7 айналымдарымен) аккордтар

**Халық аспаптары (қылқобыз)**

«Халық аспаптары» (қылқобыз) мамандандыруына түсем деген талапкерлердің міндетті түрде арнаулы орта оқу орнын бітірген болуы шарт. Олар жалпы білім деңгейін, мәдениеттілігін, жігер-қажырын, музыкалық сауаттылығын жоғары деңгейде көрсете білуі міндетті.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Барлық талапкер алғашқы шығармашылық байқаудан өтеді. Талапкердің музыкалық сауаты (теория, сольфеджио, гармония) қаралады. Қылқобыз аспабында орындаушылық деңгейі, күйшілік қабілеті жеткілікті болуы шарт. Есту, есте сақтау, ырғақты сезіну қабілеттері ерекше болуы керек.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Орындаушылық өнері.

Талаптар

• Батыс-европалық пьеса;

• Қазақстан композиторларынан 1-2 шығарма;

• Халық композиторларынан 3 күй;

2. **Музыка теориясы. Сольфеджио. Гармония. (билет бойынша).**

**Талаптар**

• теориялық музыкадан сұрақтар;

• гармония пәні бойынша сұрақтар;

• әндерді жатқа сүйемел арқылы орындау, берілген ән нотасын бірден оқу;

• есту қәбілетіне анализ. Диатоникалық ладтағы дыбыс қатарын анықтау, гамма түрлері (табиғи, гармониялық, әуендік), интервалдар (диатоникалық және айрықша), үн дыбыстықтардын 4 түрі (Б 5/3, М 5/3, Ұлғ 5/3, Кіш 5/3 негізгі септаккордтар ( Б7, М7, Мdur7, Мкіші7, Кіші7 айналымдарымен) аккордтар

**Режиссура мамандығы**

**Көркем фильм режиссурасы**

Абитуриенттің аяқталған орта білімі болуы тиіс. Ой-өрісі, білімдарлығы, шығармашылық қабілеті, бейнелі әрі өзбетінше ойлай алу мүмкіндігі бағаланады. Абитуриент мемлекет тілін білуі, компьютермен жұмыс істей алуы керек, сонымен қоса режиссер мамандығын түсініп, әдебиет, тарих, өнер саласында білімдерін таныта білуі қажет.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Алғашқы шығармашылық конкурсқа тапсырушылар әңгімелерін, очерктерін, эсселері мен суреттерін, фотосуреттері мен сюжеттерін, фильмдердің (көркемсуретті, деректі және ғылыми-көпшілік) тақырыптары және сценарийлерін алып келу керек.

**Шығармашылық емтихандар:**

1.Жазбаша жұмыс (4 сағат).

Талаптар

Жазбаша жұмысқа төрт әртүрлі тақырып ұсынылады. Бұл емтихан барысында мәнерлі баяндау икемдіктері мен қабілеттіліктері анықталады. Абитуриент ұсынылған тақырыпты барынша толық ашуға тырысуы керек. Шығармашылық фантазия мен бейнелі ойлау қабілеті, сюжет құра алу қабілеті мен тақырыпты ашудағы жаңаша көзқарас бағаланады. Жұмыстың көлемі – 5 бет.

**2.Ауызша емтихан (билет бойынша).**

**Талаптар**

Ауызша емтиханның мақсаты – абитуриенттің ортақ орташа білімін, оның шығармашылық мүмкіндіктерін, білім мен аудиокөрілімдік саладағы (әсіресе кино, телевизия, радиотаралым, музыка мен бейнелеу өнері) түсініктерін анықтау. Абитурент бейнелеу өнері, әдебиет (шетел және қазақ), музыка, кино және телевизия тарихын жақсы білуі қажет. Ол көркем шығарманы бағалай білуі, оған сипаттама беріп, жақсы мен әлсіз жақтарын, стилі мен бағытын анықтай алуы қажет. Сонымен қоса ауызша емтихан барысында абитурент өзінің шығармашылық ойын дәлелденген түрде негіздеп, жұмыстың (Алғашқы щығармашылық конкурсқа ұсынылған жұмыстарымен қатар емтихан кезінде жазған жұмысының) орындалуының логикасын түсіндіруі қажет.

**Режиссура, кино және теледидар продюсерлігі**

Абитуриент шығармашылыққа икемділігімен қатар ұйымдастырушылық қасиетке ие болуы керек. Бойындағы креатив пен коммуникалды қасиет бейне және сөз, әуендермен жұмыс істей алу икемділігімен ұштасып жатуы қажет. Абитуриент әдебиет, бейнелеу өнері, кино, телевизия және БАҚ салалалрында хабардар болып, адамдар мен құжаттар, финанс пен аудиовизуалды саладағы менеджментпен қалай жұмыс істеу керектігін білуі керек.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Алғашқы шығармашылық конкурсқа абитуриенттің автор ретінде жазған, режиссер немесе продюсер ретінде түсірген шығармашылық жұмыстары қабылданады. Жазбаша (компьютермен терілген) және аудиокөрілімдік жұмыстар жұмыстар ұсынулуы қажет. Жұмыстарда талаптанудың деңгейі, ойлану ерекшелігі, авторлық, режиссерлық және продюсерлік құрам бөліктері анықталып, бағаланады.

**Шығармашылық емтихандар:**

1.Жазбаша жұмыс (4 сағат).

**Талаптар:**

Автор, режиссер мен продюсердің фильмді жасаудағы рөлін ұғынып, анықтау. Фильмге мінездеме бере алу мен оны әртүрлі көзқарас деңгейінен бағалау. Көлемі – 5 бет. Шығармашылық өзбетіше орындаған жұмыстары. Әдеби, журналисттік жұмыстар: әңгімелер, эссе мен очеркілер, фильмдерге рецензиялар және т.б. жазбаша (компьютермен терілген) немесе газет-журналдарда басылған күйі ұсынылады.

**2.Ауызша емтихан (билет бойынша).**

**Талаптар:**

Емтихан барысында студенттің орта білім деңгейі анықталады, кино және ТВ саласындағы талаптары мен өнерге бейімділігі, ойлау қабілетінің бірегейлігі, нақты материал мен адаммен жұмыс істей алу қабілеті анықталады. Абитуриент киноөнері мен телевизия тарихы мен жанрларын талқылай біліп, кино мен бағдарлама жасаудағы режиссер-продюсер рөлін толық түсіне білуі қажет. Техникалық сауаттылығы болуы шарт.

**Теледидар режиссурасы**

Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Теледидаррежиссурасы» мамандандыруы бойынша талапкердің драматургия мен әдеби өнерi, қарасөз, поэзия және журналистикаға қабiлетке ие болуы қажет. Сонымен қатар талапкерөзбілімін драматургия, әдебиеттану, кино және теледидар аясында өз білетінін көрсетуге міндетті. Ол жанрлық ерекшелiктерiн және кең көлемде әр түрлiлiктi қолынан келтіруге, көркем әдеби шығармалар немесе кинематограф үшiн қарастыруға берілген ұсыныстарды талдай алуы, әлемдік телесерiктестiктердiң классикалық немесе қазіргі өнiмiн бағалауға бейім болуы керек. Бірақ бастапқы кезеңде өнер академиясына түсуші алдын ала шығармашылық конкурста және содан кейін шығармашылық емтиханда өз дүниетанымын және эстетикалық көзқарасын көрсетiп, жаңадан бастап жүрген талантқа лайықты өз жеке ойын, қабілетін жеткізіп, өзінің сарапатамалық ой жүйесін, шығармашылық байқағыштығымен және шынайы ойымен емтихан қабылдаушыларды қызықтырып, жауабымен қанағаттандыруға мiндеттi.

**Алғашқы шығармашылық байқау**

Академияға түсуге үміткер алдын-ала шығармашылық конкурсқа әңгімелерін, очерктерін, эсселерін, суреттер, фотосуреттер, телебағдарламалар мен телеқойы-лымдар сценарийлерінұсынуы және бағдарламалар, сюжеттер тақырыптарын қорғай білуі тиіс.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Жазбаша жұмыс (4 сағат).

**Талаптар**

Жазбаша жұмысты орындауға төрт түрліше тақырып беріледі. Емтихан барысында үміткердің шығармашылық шеберлігі айқындалып, көрнекті баяндауды құрастыра білу мүмкіндігі мен біліктілігі, бейнелі және айрықша ойлай алу мүмкіндігі тексеруден өтеді.

Үміткер ұсынылған тақырып мәселесін мүмкіндігінше кеңірек ашып көрсетуі қажет. Шығармашылық фантазиясы, драматургиялық жолмен құрастыра білуі бағаланады.

**2. Ауызша емтихан (билет бойынша).**

**Талаптар**

Ауызша емтиханның міндеті үміткердің жалпы білімдік және интеллектуалдық деңгейін, оның аудиовизуалдық саладағы білімін, соның ішінде кинода, телевидениеде, радиода, музыкада және суретшілік өнердегі біліктілігін, оның мамандандыру тақырыбын қалай бағамдай алуын айқындайды. Ауызша емтихан кезінде үміткердің алдын-ала шығармашылық конкурсқа ұсынған жұмыстары да және жазбаша емтихан жұмысы да талқыланады.

Үміткердің бейнелеу өнерінің тарихынан, шетелдік және қазақ әдебиетінен, музыкадан, кино және телевидение саласынан мағлұматы болуы тиіс. Шығармашылық өнімдерді бағалай білуі, оның әлсіз және күшті жақтарын, стилі мен бағытын айқындай білуі керек.

Ауызша емтихан барысында үміткер өзінің ойға алғанын және жазбаша жұмысты орындаудағы оның үлгісін негіздей алуы шарт, сондай-ақ алдын-ала конкурсқа ұсынылған өз жұмыстарына қатысты сұрақтарға толықтай жауап беруі тиіс.

**Анимациялық фильм режиссурасы**

Үміткердің арнайы орта білімі, бейнелеу өнері саласынан, музыкадан, әдебиеттен, кино өнерінен жақсы мағлұматтары болып, талапты да дарынды ақыл оймен бірге, білімге құштарлығы негізгі талап. Мемлекеттік тілді меңгеретіндігі талаптардың маңыздысы.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Үміткердің кем дегенде 20-шақты кескіндеме, сурет, графика және қиял (композиция) негізінде жасалған туындылары болуы керек. Осы талаптар негізінде үміткер қабылдау емтихандарына жолдама алады.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Сурет (8 сағат) – натюрморт. Кескіндеме (8 сағат) – натюрморт.

«Сурет» пәнінен емтиханға қойылатын талаптар

Сурет қарындашпен орындалады.

• қарындашпен қағаз бетіне салынады;

• бейненің қағаз бетіне дұрыс орналасуы;

• жалпыдан нақтыға бағышталған негізде салынған суреттің талабына сай болуы;

• адамның бейнесінің мүмкіндігінше ұқсайтын болуы;

• суреттің өнер талабына сай жақсы сапада орындалуы.

**«Кескіндеме» пәнінен емтиханға қойылатын талаптар:**

Қағаз бетіне акварельмен, гуашь не темперамен, кенепте майлы бояумен орындау.

• су бояу/акварель, темпера, гуашь/ қолдана, қағаз бетінде орындалады;

• бейненің қағаз бетіне дұрыс қондырылуы;

• суреттің түсі мен коллориттік шешімін дұрыс табу;

• бейненің түрі мен түсін, ұқсастығын дұрыс шешу;

• суреттің сапалы, әрі өнер талабына сай болуы.

**2. Композиция (6 сағат). Ұсынылған тақырыпты бейнелеу, бөлшектеуі (раскадровка темы).**

Қазақ фольклорының негізінде тапсырылған тақырыпты 12-16 бетте (А4 форматы) сюжеттік бөлшектеуге ұйғару. Үміткер кино, анимация өнері талабына сай кадр шешіміне сай, бейнелеу өнері негізінде сапалы етіп ұсынуы қажет. Кейіпкерлерді әртістік, тартымды, әрі шығарманың нақышына келетіндей етіп жасау. Кейіпкерлердің тартымдылығын, әрқайсының ерекшелігін жақсы бейнеленуі қажет.

Үміткер әдебиет және бейнелеу өнерін тоғыстыра, фильмнің ерекшелігімен даралығын аша алатынына сендіруі керек.

Талапкер өзінің дарынының өнердің көп түрін қамтитын анимация саласына сай екенін көрсетіп, аталмыш кино шығармашылық ерекшелігінің жаңа буыны, дара да дарынды, мәдениеті зор, азаматтық көзқарасының өте кең екенін дәлелдеуі қажет, жұмысы емтиханның талабына сай маңызды болуы керек.

Қағаз, картонның сыртқы размері 50 сантиметрден аспауы керек.

**Кино және ТВ дыбыс режиссурасы**

Талапкерлердің «Режиссура» мамандығы «Кино және ТВ дыбыс режиссурасы» мамандандыру бойынша толық кәсіби оқу бағдарлама білімін игерушілердің алдыңғы деңгейі - толық орта білім деп саналады.

Музыкалық білімі бар талапкерлер (музыкалық мектеп) бағаланады.

**Құжаттарды өткізу кезінде есту қабілеті туралы анықтама (аудиограмм) тапсырылады.**

**Талапкер дыбыс режиссер ретінде қалыптасу үшін келесі қажетті қассиеттерге ие болуы керек:**

• жоғарғы жалпы білімді және зерделі деңгей иесі болуы керек;

• жақсы есту қабілеті мен жоғары деңгейде ырғақты сезу;

• ассоциативтік-бейнелі ойлау қабілеттілігі;

• музыкалық өнер, әдебиет, театр, кинематография салаларында жақсы білім иесі болуы керек;

• орта мектеп көлемінде физика бөлімінен - акустика, электр, электроникалардан білімі болуы керек;

• компьютерді игере білу керек;

• дыбыс жазу және дыбыс шығару аппаратураларымен жұмыс істеуінің бастапқы дағдысы болуы керек;

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Алғашқы шығармашылық конкурсқа вокал, эстрадалық, симфониялық және поп-музыка жазылған немесе репродукцияға арналып жасалған бірнеше музыкалық бөліктердің фонограммалары қабылданады.

Шығармашылық емтихандар:

1. Жазбаша жұмыс (фильмнің дыбыстық шешімі бойынша) (3 сағат)

**Талапкер міндетті:**

- Фильмнің ассоциативтік-бейнелі жоспарын ашу;
- Фильм жанрын, дыбыс құрамының фактураларын, фильмнің драматургиясындағы дыбыс фактурасының мағынасын анықтаудағы сауаттылықты көрсету.

- Фильмнің жанрындағы сәйкестікті фильмнің түпнұсқалық дыбыс шешімінде таба білу.

Фильмнің дыбыстық шешімін экрандағы бейнемен салыстыра отырып, талдау кезінде ассоциативті ойлау қабілетінің деңгейін анықтау.

Талапкерлер фильмнің негізгі идеясын ұғынып оның дыбыстық шешімінің құрам бөліктер (музыка, шуылдар мен сөздер) фильмнің драматургиясын тереңдетуге қалай көмектесе алатынын және оның ішкі мағынасын ашудағы рөлін бағалауы керек.

**Шығармашылық фантазия мен ойлау қабілетінің бейнелілігі бағаланады.**

**2. Ауызша емтихан (билет бойынша)**

Музыка, музыкалық әдебиет, композиторлар, орындаушылар мен музыканттар, бейнелеу өнері бойынша білім деңгейін бағалау. Дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппаратурамен жұмыс істей алу деңгейін анықтау. Жалпы физика мен акустиканы мектеп деңгейінде білу деңгейін бағалау.

Абитуриент дыбыс жазу тарихының, кино мен телевизияның дамуын, кино, театр, әдебиет өнерінің жанрларын білуі керек. Орта мектеп деңгейінде физиканың техникалық бөлімі бойынша: акустика, электр қуаты, электроника - жақсы білім көрсеткішін танытуы қажет. Бұның бәрі абитуриенттің теориялық білімін анықтап, дыбыспен тәжірибелік жұмысын, оқуға талпынысы мен «дыбыс режиссеры» мамандығы бойынша жұмыс істеу қабілетін анықтауға көмектеседі.

**Хореография режиссурасы**

Түсем деуші талапкердің міндетті түрде хореографиялық білімі болу керек, хореография училищесі, арнайы өнер мектебі, балет студиясы, мәдениет колледжі, жалпы білімі және интеллектуалды деңгейі жоғары болуы қажет, балет тарихы, театр және әдебиет саласында білімі болу қажет. Шығармашылық қиялы мен музыкалық-ой өріс бағаланылады. Еңбек стажы 2 жылдан кем болмау тиіс.

**Алдын ала өткізілетін шығармашылық конкурсы:**

XX-ғасырдың басы мен ортасы және соңғы кезеңдеріндегі отандық және шет елдердің белгілі балетмейстерлерін атаңыз. Әлемдік хореография мұрасындағы репертуарлар және композиторлармен балет атауларын білуі қажет. Сондай-ақ талапкер, Қазақстандық хореографтармен және олардың қойылған балеттері туралы мағлұматтарды білуі тиіс.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Орындаушылық өнері:
- классикалық би-станок тұсындағы және ортадағы экзерсис, аллегро;
- халықтық-сахна биі - станок тұсындағы және ортадағы экзерсис, би этюді;
- қазақ биі - би этюді.

**Қойылатын талаптар.**

Талапкер өзінің білімі мен орындау машығын классикалық би, халықтық-сахна биі, қазақ биі экзерсистерінің негізінде құралған оқу үлгісінде көрсетуі тиіс. Сауаттылығы, шеберлігі, музыкалық орындауы және мәнерлігі бағаланылады.

**2. Балетмейстер өнері:**

- өзінің жеке шығаруында, 1 жеке қойылым, 1 көпшілік қойылым, (3,4 және оданда көп орындаушылар);
- либретто концерттік номірден көрініс (жазбаша түрі);
- импровизация - берілген музыкаға би композициясын шығару (талапкердің дайындалуына 30 минут беріледі).

**Қойылатын талаптар.**

Өзінің шығармасында шығармашылық қиял, бейнелі ойлау және музыкалық орындау есептелінеді.

Либретто хореографиялық шығарманың ой желісіне сәйкес келуі тиіс. Суырып салуда музыкалық көруі және оның хореографиялық пластикаға айналуы бағаланылады.

**Актерлік өнер мамандығы**

**

![Өнерді таңдаған талапкердің назарына](http://el.kz/media/images/tiny_images/16fb2b591cf5db1f490423d481828f77.jpg)

**

**Музыкалық театр артисі (қазақ тобы)**

**Талапкерлерге және бағалаудың «кірістік» сынақтық процедураларына, нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар.**

«Музыкалық театр артисі» мамандандыруы бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлердің орта білімі немесе кәсіби орта білімі болуы міндет. Талапкерлер өзінің мәдени дәрежесін, ойлау қисынын, талғамын, жігер қажырын, музыкалылығын, дене сымбаттылығын, көрсете білуі шарт. **Тілі мен дауысы таза болуы керек.**

**Жас шамасы**:
- қыз бала - 20 жасқа дейін;
- ұл бала – 22 жасқа дейін.

**Бойының биіктігі:**

- қыз бала - 165 см жоғары;
- ұл бала -175 см жоғары.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

**Жатқа оқу:**

1.қара сөз;

2.өлең;

3.прозалық шығармадан мысал (сықақ).

• Би, пластикалық этюд орындау;

• Вокалдық шығарма орындау;

• Ұсынылған жағдайға этюд көрсету.

Шығармашылық емтихандар:

1. Актер шеберлігі;

2. Сахна тілі;

3. Сахна қозғалысы;

4. Вокал.

**Талаптар:**

Талапкердің сахналық түр келбеті болуы тиіс, физикалық жағынан және сөз сөйлеу мәнерінен кемшіліктер болмауы керек.Тыңдау қабілеті, ритм, сезім, музыка, ән салу қабілеті болуы керек.

Талапкер әр түрлі жанрдағы әдеби шығармалардан үзінділерді жатқа оқуы керек. (Проза, өлең, мысал (сатира, юмор, қысқаша әңгіме). Ән мен биге бейімділігі, әншілік қабілеті тексеріледі. Талапкерге қимыл координациясын, музыкалық ырғақты, оқыс құбылыстарға сай әрекет жасау (реакция), зейін мен зердесін тексеруге арналған жаттығулар беріледі. Ұсынылған шартты жағдайға байланысты этюд құрастырып, сезім мен сенімін паш етіп көрсетеді. Ойлап табу қабілеті мен ой жүйріктігі тексеріледі.

**Сахнадағы қимыл-қозғалыс және би.**

- Талапкердің түр-тұлғасы, есту, сезіну, көру, қимыл қабілеті, сахналық көркемділігі болуы қажет.

- Талапкердің музыкалық ырғақты, өлшем мен екпінді түсінуі бойына сіңіріп қимыл-қозғалыс жасауы керек.

- Би түрлерінен (халық билері, классикалық билер, жастар билерінің ырғақты-брэйк, рок-н-ролл, пантомима, акробатикалық элементтер т.б.) еркіндікте қалауынша көрсетуі тиіс.

- Бойы, дене құрылысы сахналық қалыпқа сай болуы қажет.

**Сөз сөйлеу жанрының артисі**

Талапкерлерге және бағалаудың «кірістік» сынақтық процедураларына, нормаларына (критерийлеріне) қойылатын талаптар.

«Сөз сөйлеу жанрының артисі» мамандандыруы бойынша жоғары оқу орнына түскісі келетін талапкерлердің орта білімі немесе кәсіби орта білімі болуы міндет. Талапкердің білімін, ой-өрісін, дүние танымын, талғамын, мәдени дәрежесін, жігер қажырын, музыкалылығын, дене сымбаттылығын тексеру мақсатында әлемдік әдебиетпен өнер жайында (кино, театр, телеведение, бейнелеу өнері) жан-жақты сұрақтар беріліп, сұхбат өткізіліп, білім деңгейі тексеріледі.

**Жас шамасы:**

- қыз бала – 19 жасқа дейін;
- ұл бала – 19 жасқа дейін.

- Көркемсөзден (проза) үзіндіні жатқа оқу;
- Өлең (поэзия) жатқа оқу;
- Мысал, сықақтарды жатқа оқу;
- Монолог жатқа оқу;

• Би, пластикалық этюд орындау;

• Вокалдық шығарма орындау;

• Ұсынылған жағдайға этюд көрсету.

**Шығармашылық емтихандар:**

5. Актер шеберлігі;

6. Сахна тілі;

7. Сахна қозғалысы;

8. Вокал.

**Талаптар:**

Талапкер автордың айтайын деген ойын, оның мазмұнын көрермендерге жеткізе білуі керек. Тілдің тазалығы мен әр бір сөз анық болуы шарт. Сөз сөйлегенде тіл мүкістігі бар талапкерлер (тұтығып сөйлеу, асығыс, быдық сөйлеу), «р», «с», «з» дыбыстарын айта алмайтындар емтиханға жіберілмейді. Көркемсөз оқудағы тыңдау, есту, еске сақтау қабілетіне ыждахатты көңіл бөлінеді. Сөйлеу барысында қазақ тілінің үндестік заңдары сақталуы қажет.

**Сонымен қатар:**

Орыс тілі, ағылшын тілі т.б. тілдерді меңгеруі шарт.

**Эстрадалық өнер мамандығы**

**Эстрада вокалисі**

«Эстрадалық вокал» мамандығы бойынша I курсқа орташа музыкалық білімі (колледж) бар талапкерлер қабылданады.

Комиссия мүшелерінің шешімі бойынша ерекшелік ретінде, дарынды талапкерлер үшін жеңілдік болуы мүмкін.

Эстрадалық әнші болып қалытасу үшін, талапкер келесі қасиеттерге ие болу керек:

1) Жасы 18-23 жасқа дейін, бойы 168-174;

2) Өте жоғары вокалдық дәреже;

3) Тіл ақауларының жоқтығы;

4) Дауыс аппаратының саулығы;

5) Өте жақсы музыкалық қабiлет пен ырғаққа;

6) Эстрадалық әндi орындаудың стилін сезіну;

7) Актерлық қабілетке ие болу;

8) Пластикалық қимылдау шеберлігі.

**«Эстрадалық вокалисті» мамандығы бойынша талапкерлерге ұсынылатын талаптар:**

Бекітілген кестеге сәйкес арнайы кеңестер (консультация) өткізіледі, репертуарда әр түрлi сипаттағы 3-4 ән дайындалып, оның ішінде біреуі міндетті түрде қазақ тілінде болуы керек.

Кеңесшi (консультант) екі әнді анықтайды, талапкер анықталған әндерді қабылдау емтихандарында орындайды.

Кеңесші талапкердің профессионалдық деңгейіне қарап, қабылдау емтихандарына өткізу немесе өткізбеуге құқығы бар.

**Емтихандар екі кезеңнен тұрады:**

1) Шығармашылық емтихан;

2) Теориялық пәндер бойынша емтихандар (сольфеджио, теория).

2-ші емтиханға қойылатын талаптар – музыкалды-теориялық пәндер (Теория, сольфеджио):

1) 3 түрдегі (натуралды, гармониялық, мелодиялық) мажорлық және минорлық гаммаларды орындау;

2) Диатониялық сатылардағы ладты есту қабілетіне (слух) қарай анықтап оны орындау;

3) Диатоникалық және характерлік интервалдарды есту қабілетіне (слух) қарай анықтап оны орындау;

4) Мажорлық және минорлық үшендыбыстылықтары (трезвучие) мен айналымдарын, кішірейтілген және үлкейтілген үшен дыбыстылықтарын негізгі түрде есту қабілетіне (слух) қарай анықтап орындау;

5) Mdur7(D7), Mmoll7(SII7), Mум7 и Ум7 (D˅II7) айналымдарымен есту қабілетіне (слух) қарай анықтап орындау;

6) Аккордтық тiзбекті түрдегi: T-S6/4-D6/5-T-S6-K6/4-D7-Tесту қабілетіне (слух) қарай анықтау;

7) Эстрада-джаз жанрында мажорлы немесе минорлы бір дауыстағы әуенді нота бойынша орындау. (Мысалы, Роджерс «Голубая комната»).

**Сольфеджио пәні бойынша қабылдау билетінің нұсқасы:**

1) E dur гаммасын гармониялық түрде жоғары, мелодиялық түрде төмен орындау;

2) E dur үндестілігінде: б3(I)-D4/3-м6(III)-ум4-м3(I˅)-s5/3-II6/5-К6/4-D7-б3(I) орындау;

3) «е» дыбысынан: жоғары м3, б6, ув4, Б6, М7; төмен б2, б7, ув2, М6/4, Мdur6/5 орындау;

4) Нота бойынша Роджерстың «Голубая комната» атты әуенін оқу.

5) Акустикалық талдау (слуховой анализ).

**Эстрада оркестрінің артисі**

Бұл мамандыққа аяқталған арнайы орта музыкалық білімі бар музыканттар қабылданады.

**Талаптар:**

• Арнайы аспапта орындау техникасын білу керек;

• Қазіргі эстрада-джаздық ырғақтардың керемет сезімін игеруі қажет;

• Музыкалық және орындау дарыны жеткілікті болуы;

• Суырып- салма техникасын меңгеру қажет.

**Алдын-ала шығармашылық байқау:**

Барлық талапкерлер шығармашылық іріктеуден өтеді: әртүрлі техникада гамма, арпеджио, нұсқаулар ойнайды, суырып-салмалықты көрсетеді, концертмейстердің немесе минустық фонограммасының сүймелдеуімен дайын бағдарламаны орындайды. Теориялық пәндер (сольфеджио, музыкалық теория және гармония) бойынша алдын-ала тестілеуден өтеді.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Бағдарламаны орындау. Талаптар.

Талапкер - 2-3 классикалық және джаз стиліндегі жазылған пьесаларды орындауы керек. Джаз шығармалардың әр-түрлі стилінде импровизациялау және сүйемелдеу қабілеті болу керек.

**Талапкер бағдарламаны орындау кезінде мынаны ескеру керек:**

• Таза интонациялық негіз, дыбыстың әуезділігі;

• Бағдарламаны ырғақты, әуенді, көркем орындау;

• Орындайтын шығарманың стилі мен мазмұнын түсінудегі бірлік;

• Әрбір шығармадағы ерекше интонация, бояу, штрих, акцент таба білу;

• Суырып салмалық.

**2. Музыканың қарапайым теориясы бойынша сұрақ.**

• Музыканың қарапайым теориясы бойынша сұрақ;

• Джаздың үйлесім бойынша немесе базалық үйлесім курсынан сұрақ;

• Нотаға қарап әуенді оқып- айту;

• Гаммалардың түрлерін анықтау (табиғи, үйлесімдік және әуендік), диатоникалық және мінезді интервалдар.

**Хореография мамандығы**

**Хореография педагогикасы**

Оқуға түскісі келген талапкердің міндетті түрде хореографиялық білімі болуы қажет (хореография училищесі, балет студиялары, өнер мектептері, мәдени колледждері), жалпы білімі мен ой өрісінің жоғары деңгейде болуы тиіс. Балет тарихы туралы, театр мәдениеті мен өнері жайлы және әдебиет саласында білімі болуы керек. Еңбек стажы екі жылдан кем болмауы тиіс.

**Іріктеуден өтетін шығармашылық конкурсы.**

Талапкер, көрнекті отандық және шет елдік педагог-хореографтардың есімін білу қажет. Тәуелсіз мемлекеттер достығындағы белгілі хореография мектептерін білуі тиіс. Классикалық бидің, халықтық-сахна биінің, тарихи-тұрмыс биінің сабақтары қандай бөлімдерден тұратынын білу қажет. Классикалық бидің позаларындағы музыкалық жіктеуді білу, оқу үлгісін құрастыра білу және практикалық көрсете білу қажет.

**Шығармашылық емтихандар:**

**1. Орындау шеберлігі:**

- классикалық би - станок тұсындағы және ортадағы экзерсис, аллегро, өзіндік құрастырған оқу үлгілерін көрсету;
- халықтық-сахна биі-станок тұсындағы және ортадағы экзерсис, өзіндік құрастырған би этюдтерін көрсету.

**2. Орындау шеберлігі:**

- қазақ биі – ортадағы экзерсис; өзіндік құрастырған би - этюдтерін көрсету, кем дегенде 32 такты;
- тарихи-тұрмыс биі - практикалық көрсету; па вальс, фигуралық вальс, шоссенің 4 түрін «А», «Б», па де грасс, конькобежділер, па полонез, па полька.

**Қойылатын талаптар.**

Талапкер станок тұсындағы және ортадағы экзерсисті, аллегроны білу қажет, әдістемелік жағынан дұрыс және сауатты орындау, қимылдарды музыкалық материалға жіктеуін, музыкалық өлшемін-ырғақты анықтау. Классика, халықтық-сахна, қазақ, тарихи-тұрмыс биінің негізгі қимылдарын іс жүзінде көрсету.

**Спорттық – бал биінің педагогикасы**

«Д», «С», «В», «А» және «Е» би кластары бар талапкерлер қабылданады. Өзімен бірге би класын құптайтын мамандық кітапшасы болуы тиіс.

Талапкер жалпы білімі мен ой -өрісінің жоғары деңгейде болуы қажет, сонымен қатар спорт биі жайлы, мәдениет пен өнер, театр мен әдебиет саласында білікті болуы тиіс.

**Іріктеуден өтетін шығармашылық конкурсы.**

Талапкер спорттық бал-биі саласында көрнекті шетелдік және отандық орындаушылардың есімдерін білу тиіс. Қазақстан Республикасындағы және тәуелсіз мемлекеттер достығындағы белгілі спорттық би клубтарын білу қажет. Стандарт пен латинаның құрамында қандай билер бар. Әр бір бидің музыкалық негізін білу қажет. «Е» және «Д» класындағы фигураларды қолдана отырып, вариациялар құрастыра білу. Құрастырылған вариацияларды практика жүзінде көрсету қажет.

**Шығармашылық емтихандар.**

1. орындау шеберлігі:
- классикалық би – станок тұсындағы экзерсис;
- халықтық-сахна биі –станок тұсындағы экзерсис.

2. орындау шеберлігі:
- спорттық – бал биі (Стандарт);
- спорттық – бал биі (Латина).

**Қойылатын талаптар:**

Талапкер станок тұсындағы экзерсистің қимылдарын білу тиіс. Классикалық би мен халықтық-сахна биінің негізгі қимылдарын практика жүзінде көрсете білуі қажет.

Талапкер бидің музыкалық негізін білу тиіс, қолданылатын ырғақтарды, екпінді және европалық, латынамерикалық бағдарламалардағы «Е», «Д» класының фигураларының техникалық орындалуын, осы фигуралармен жұмыс жасай білу керек және оларды музыкамен орындауы қажет. Әр бағдарлама бойынша бір-бір биден практикалық көрсету, емтиханның міндетті шарты болып табылады.

**Сценография мамандығы**

**Театр-сәндік өнері**

Оқуға түсушінің міндетті түрде орта кәсіби білімі (колледж) немесе көркемсурет білімі (көркемсурет мектебі) болуы керек. Талапкер білімді және интеллектуалды деңгейде болуы қажет. Сурет техникасын және әр-түрлі бояулармен (акварель, гуашь, темпера, және т.б.) жұмыс істеудің практикалық дағдыларын жақсы қолдана білуі керек.

**Алдын-ала шығармашылық сайыс:**

Іріктеу комиссиясына талапкер 20 шақты (сурет және кескіндеме) шығармашылық жұмыстарын көресетеді. Көрсетілген суреттерге сәйкес негізгі шығармашылық емтихандарға жіберілу шешімі қарастырылады.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Сурет - (адам бет-бейнесі кеудесімен), Кескіндеме - (адам бет-бейнесі кеудесімен);

2. Композиция.

«Сурет» емтиханына ұсынылатын талаптар:

Тақырып: адам бет-бейнесі кеудесімен (8 сағат).

**Талаптар:**

• бейнелеудегі нысанды қағаз бетіне композициялық тұрғыда орналастыру;

• құрылымдық құрастыру және өзара-өлшемдіктің нақтылығы;

• реңнің жалпыдан жекеге деген негізгі қатынасы және бөлшектерді нақтылы түрде реңдік пішіндеу;

• бетбейненің бейнелеудегімен неғұрлым ұқсастығын жасап шығару.

**«Кескіндеме» емтиханына қойылатын талаптар:**

Тақырып: адам бетбейнесі кеудесімен (8 сағат).

**Талаптар:**

• бейнелеудегі нысанды қағаз бетіне (кенепке) композициялық тұрғыда орналастыру;

• сызық түрде құрастыру;

• сауатты түстік және реңдік шешімімен нақты бөлшектердің аяқталғандығы;

• тапсырманы толық көлемде орындау.

**«Композиция» пәнінен емтихан талаптары:**

Композиция негіздері бойынша білімдерін, тәжірибелік тапсырма орындау барысында шығармашылық ой-өрісін көркемдік тұрғыда көрсету. Жасалған жобаның белгіленген тақырыпқа сай болуы.

Тақырыбы: таңдау бойынша 3 тапсырма (6 сағат)

**Театр, кино және ТД киімінің сценографиясы**

Оқуға түсушінің міндетті түрде орта кәсіби білімі (колледж) немесе көркемсурет білімі (көркемсурет мектебі) болуы керек. Талапкер білімді және интеллектуалды деңгейде болуы қажет. Сурет техникасын және әр-түрлі бояулармен (акварель, гуашь, темпера, және т.б.) жұмыс істеудің практикалық дағдыларын жақсы қолдана білуі керек.

**Алдын-ала шығармашылық сайыс:**

Іріктеу комиссиясына талапкер 20 шақты (сурет және кескіндеме) шығармашылық жұмыстарын көресетеді. Көрсетілген суреттерге сәйкес негізгі шығармашылық емтихандарға жіберілу шешімі қарастырылады .

Шығармашылық емтихандар:

1. Сурет - (адам бет-бейнесі кеудесімен), Кескіндеме - (адам бет-бейнесі кеудесімен);

2. Композиция.

**«Сурет» емтиханына ұсынылатын талаптар:**

Тақырып: адам бетбейнесі кеудесімен (8 сағат).

Талаптар:

• бейнелеудегі нысанды қағаз бетіне композициялық тұрғыда орналастыру;

• құрылымдық құрастыру және өзара-өлшемдіктің нақтылығы;

• реңнің жалпыдан жекеге деген негізгі қатынасы және бөлшектерді нақтылы түрде реңдік пішіндеу;

• бетбейненің бейнелеудегімен неғұрлым ұқсастығын жасап шығару.

**«Кескіндеме» емтиханына қойылатын талаптар:**

Тақырып: адам бетбейнесі кеудесімен (8 сағат).

Талаптар:

• бейнелеудегі нысанды қағаз бетіне (кенепке) композициялық тұрғыда орналастыру;

• сызық түрде құрастыру;

• сауатты түстік және реңдік шешімімен нақты бөлшектердің аяқталғандығы;

• тапсырманы толық көлемде орындау.

**«Композиция» пәнінен емтихан талаптары:**

Композиция негіздері бойынша білімдерін, тәжірибелік тапсырма орындау барысында шығармашылық ой-өрісін көркемдік тұрғыда көрсету. Жасалған жобаның белгіленген тақырыпқа сай болуы.

Тақырыбы: таңдау бойынша 3 тапсырма (6 сағат)

**Киім дизайны**

Оқуға түсушінің міндетті түрде орта кәсіби білімі (колледж) немесе көркемсурет білімі (көркемсурет мектебі) болуы керек. Талапкер білімді және интеллектуалды деңгейде болуы қажет. Сурет техникасын және әр-түрлі бояулармен (акварель, гуашь, темпера, және т.б.) жұмыс істеудің практикалық дағдыларын жақсы қолдана білуі керек.

**Алдын-ала шығармашылық сайыс:**

Іріктеу комиссиясына талапкер 20 шақты (сурет және кескіндеме) шығармашылық жұмыстарын көресетеді. Көрсетілген суреттерге сәйкес негізгі шығармашылық емтихандарға жіберілу шешімі қарастырылады .

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Сурет - (адам бет-бейнесі кеудесімен), Кескіндеме - (адам бет-бейнесі кеудесімен);

2. Композиция.

**«Сурет» емтиханына ұсынылатын талаптар:**

Тақырып: адам бетбейнесі кеудесімен (8 сағат).

Талаптар:

• бейнелеудегі нысанды қағаз бетіне композициялық тұрғыда орналастыру;

• құрылымдық құрастыру және өзара-өлшемдіктің нақтылығы;

• реңнің жалпыдан жекеге деген негізгі қатынасы және бөлшектерді нақтылы түрде реңдік пішіндеу;

• бетбейненің бейнелеудегімен неғұрлым ұқсастығын жасап шығару.

**«Кескіндеме» емтиханына қойылатын талаптар:**

Тақырып: адам бетбейнесі кеудесімен (8 сағат).

Талаптар:

• бейнелеудегі нысанды қағаз бетіне (кенепке) композициялық тұрғыда орналастыру;

• сызық түрде құрастыру;

• сауатты түстік және реңдік шешімімен нақты бөлшектердің аяқталғандығы;

• тапсырманы толық көлемде орындау.

**«Композиция» пәнінен емтихан талаптары:**

Композиция негіздері бойынша білімдерін, тәжірибелік тапсырма орындау барысында шығармашылық ой-өрісін көркемдік тұрғыда көрсету. Жасалған жобаның белгіленген тақырыпқа сай болуы.

Тақырыбы: таңдау бойынша 3 тапсырма (6 сағат).

**Театр, кино және ТД гримі**

Оқуға түсушінің міндетті түрде арнайы орта білімі (колледж, училище) немесе көркемсуреттік білімі (көркессурет мектебі) болуы керек. Талапкердің жалпылотабілімдік және интеллектуалдық деңгейі жоғары болуымен қатар бейнелеу жұмыстарын орындау жағынан тәжірибелі болуы қажет.

**Алдын-ала іріктеу бойынша шығармашылық конкурс:**

Талапкер іріктеу комиссичсына өзінің сурет, кескіндеме және композиция тақырыптарына орындаған кемінде 20 шығармашылық жұмыстарын ұсынуы керек. Ұсынған жұмыстарының негізінде негізгі шығармашылық емтихандарға жіберілу рұқсатын беру мәселесі қарастырылады.

**Шығармашылық емтихандар:**

1. Сурет – белге дейін портрет салу

2. Кескіндеме - белге дейін портрет салу

3. Композиция – берілген тақырып бойынша

**«Сурет» емтиханына қойылатын талаптар:**

Тақырыбы: Белге дейін портрет салу (8 сағат).

• Бейнелеу объектісін қағаз бетіне композициялық орналастырылуына;

• Конструкциялық құрылуы мен тепе-теңдік табуына;

• «Жалпыдан жеке бөлікке» ұстанымы бойынша реңктік шешім табуына;

• Бөліктерді тондық моделдеу;

**Операторлық өнер мамандығы**

**Кино және ТВ операторы**

Талапкердің міндетті түрде толық орташа білімі болуы тиіс. Фотосурет негізін, технологиялық процессін білуі тиіс. Жалпы білім деңгейі жоғары, бейнелеу өнері кинематография саласында білімі жақсы дәрежеде болуы қажет. Компьютерді қолдана және мемлекеттік тілді білуі тиіс.

**Алғашқы шығармашылық байқау:**

Алғашқы шығармашылық конкурсқа келесі жанрда түсірілген фотосуреттер ұсынылады: пейзаж, портрет, натюрморт, гипсті бюст, интерьер, архитектуралық суреттер, спорт және қоғамдық-әлеуметтік фоторепортаждар. Жанрлары әркелкі.

**Құрметті жас достар, білім ордасы тек болашақ өнер саласы мамандарын оқытатындықтан барлық мамандықтарда қосымша шығармашылық емтихандар болатыны академияның басты шарты. Сәттілік серік болсын, баршаңызға!**

**Әзірлеген Бақытгүл АБАЙҚЫЗЫ**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nerdi-ta-da-an-talapkerdi-nazaryna-516454](https://yvision.kz/kk/post/nerdi-ta-da-an-talapkerdi-nazaryna-516454)