---
title: "Өнер - білім бар жұрттар"
description: "Тастан салай салғызды,Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып - жұмғанша,Жылдам хабар алғызды.Аты жоқ қ..."
author: "ybyrai_altynsarin"
published: "2018-01-24T08:05:06+00:00"
modified: "2018-01-24T08:05:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ner-bilim-bar-zh-rttar-793861"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ner-bilim-bar-zh-rttar-793861/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өнер - білім бар жұрттар

> Тастан салай салғызды,Айшылық алыс жерлерден, Көзіңді ашып - жұмғанша,Жылдам хабар алғызды.Аты жоқ қ...

Тастан салай салғызды,

Айшылық алыс жерлерден,

Көзіңді ашып - жұмғанша,

Жылдам хабар алғызды.

Аты жоқ құр арбаны

Мың шақырым жерлерге,

Күн жарымда барғызды.

Адамды құстай ұшырды;

Мал істейтін жұмысты

От пен суға түсірді;

Отынсыз тамақ пісірді,

Сусыздан сусын ішірді.

Теңізде жүзді балықтай,

Дүниені кезді жалықпай,

Білгендерге осылар

Бәрі - дағы анықтай,

Білмегенде танықтай;

Біз де бекер жатпалық,

Осыларға таныспай;

Ат өнері білінбес

Бәйгеге түсіп жарыспай;

Желкілдеп шыққан көк шөптей

Жаңа өспірім достарым,

Қатарың кетті-ау алысқа-ай,

Ұмтылыңыз, қалыспай.

Біз надан боп өсірдік

Иектегі сақалды.

Өнер – жігіт көркі деп

Ескермедік мақалды...

Біз болмасақ сіз барсыз,

Үміт еткен достарым,

Сіздерге бердім батамды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ner-bilim-bar-zh-rttar-793861](https://yvision.kz/kk/post/ner-bilim-bar-zh-rttar-793861)