---
title: "Өнер алды — қызыл тіл"
description: "«Өнер алды – қызыл тіл» 7 шілде,2014 Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман қауым! Бүгін сіздердің назар..."
author: "TAMAK"
published: "2014-07-07T02:04:08+00:00"
modified: "2014-07-09T05:55:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ner-aldy-yzyl-til-420439"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ner-aldy-yzyl-til-420439/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өнер алды — қызыл тіл

> «Өнер алды – қызыл тіл» 7 шілде,2014 Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман қауым! Бүгін сіздердің назар...

«Өнер алды – қызыл тіл»

7 шілде,2014

Сәлеметсіздер ме, құрметті оқырман қауым! Бүгін сіздердің назарларыңызға Атырау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік Мектебінде өткен Павлодарлықтардың алтыншы күні. «Өнер алды – қызыл тіл» - демекші , көне дәстүрлерді көздің карашығындай сақтап және байыта отырып, халықтық қөркем қолөнер кәсібі қазіргі мәдениеттің айқын құбылысы болып, үй тұрмысының маңызды және бөлінбес құрамына айналды. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды, шыны, ағаш және металл бұйымдардарын қамтиды. Пішіндердің ықшам да мәнді үйлесімі, түстердің жоғары талғамы, өрнектердің әсемдігі, композициялық шешімі, көздің мүлтіксіздігін, колдың дәлдігін және қиял ұшқырлығын ұштастырып, шебердің өзіне тән тәсілдермен орындауына жеткізеді.

![Өнер алды — қызыл тіл](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/i2e6GGYcOhA4G32LVewL0x9DY6ebxS.jpg)

![Өнер алды — қызыл тіл](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/SMm5S242rFjw12AwpuH39oQPTyroE1.jpg)

Халық өнерінің сарқылмай дамуы үшін ол шебер жандардың қолында өрістеп, жүрек жылуына бөленіп жетіле беруі тиіс. . Өздерінің дарындылығы мен таланттарының арқасында Атыраулықтар бізді күн сайын тамсандыруда. Негізінен қазақ халқы - он саусағынан өнер тамған халық. Осының мысалы ретінде Қалиев Нұрсұлтан ағамыз өз өнерімен көздің жауын ала білді. «Өнерлі бала – өрге жүзер » - демекші, ағамыздың жұмысына шығармашылық табыстар мен биіктен көрінуіне, басқан қадамына - гүл, келбетіне – нұр, басына бас, жасына жас қосылуына шын жүректен тілектеспіз.

![Өнер алды — қызыл тіл](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/5odrR2H36qG7eAKtKlI7t2676CA08r.jpg)

![Өнер алды — қызыл тіл](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/0VTu07e184TqHX7N66hJRs1ljzz76a.jpg)

Өнер қасиетті дүние. Ал ел ішіндегі өнердің құдіретін алтынға теңесек, қателеспейміз. Халықтық сәндік-қолданбалы өнер - әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі деп бүгінгі блогымызды аяқтағымыз келеді. Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

![Өнер алды — қызыл тіл](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/1WrUrWme59j06kp5JS8wP6fIejig30.jpg)

![Өнер алды — қызыл тіл](https://storage.yvision.kz/images/user/tamak/VWeec8ZAnisjv0RNPoFW06orPxW9zP.jpg)

*Блогты дайындаған: Медетбек Қаламқас 11 – «С» сынып оқушысы*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ner-aldy-yzyl-til-420439](https://yvision.kz/kk/post/ner-aldy-yzyl-til-420439)