---
title: "«Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты"
description: "1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер..."
author: "ceka"
published: "2015-02-24T00:34:54+00:00"
modified: "2015-02-24T00:34:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/neke-iyudy-erli-zayyptyly-ty-tirkeu-ony-ishinde-azamatty-hal-aktileri-zhazbalaryna-zgerister-toly-ty-474085"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/neke-iyudy-erli-zayyptyly-ty-tirkeu-ony-ishinde-azamatty-hal-aktileri-zhazbalaryna-zgerister-toly-ty-474085/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет cтандарты

> 1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер...

1. «Неке қиюды (ерлі-зайыптылықты) тіркеу, оның ішінде азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу» Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі әзірлеген.Қызмет «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал): www.e.gov.kz арқылы көрсетеді.Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері: 1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап: неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тіркеу некеге тұруға (ерлі-зайыпты болуға) ниет білдірушілердің көрсетілетін қызметті берушіге өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн өткеннен кейін жүргізіледі (қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді); некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлесе берген өтініші бойынша тиісті құжаттармен (дәрігерлік-біліктілік комиссияның жүктілік туралы анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, басқа да ерекше мән-жайларды растайтын анықтамалар) расталатын дәлелді себептердің болуы кезінде (жүктілігі, бала тууы, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнгенде және басқа да ерекше мән-жайлар) неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір ай өткенге дейін неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) рұқсат береді не мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылардың не олардың бірінің берген жазбаша өтініші негізінде оны бір айдан аспайтын мерзімге ұзартады;

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/neke-iyudy-erli-zayyptyly-ty-tirkeu-ony-ishinde-azamatty-hal-aktileri-zhazbalaryna-zgerister-toly-ty-474085](https://yvision.kz/kk/post/neke-iyudy-erli-zayyptyly-ty-tirkeu-ony-ishinde-azamatty-hal-aktileri-zhazbalaryna-zgerister-toly-ty-474085)