---
title: "Неке қиылғаннан кейін тегін портал арқылы ауыстыруға болады"
description: "Электрондық үкімет порталында некеге тұрудың актілік жазбасы немесе оны бұзу негізінде тегін, атын, ..."
author: "ceka"
published: "2014-07-28T01:29:54+00:00"
modified: "2014-07-28T01:29:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/neke-iyl-annan-keyin-tegin-portal-ar-yly-auystyru-a-bolady-423053"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/neke-iyl-annan-keyin-tegin-portal-ar-yly-auystyru-a-bolady-423053/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Неке қиылғаннан кейін тегін портал арқылы ауыстыруға болады

> Электрондық үкімет порталында некеге тұрудың актілік жазбасы немесе оны бұзу негізінде тегін, атын, ...

Электрондық үкімет порталында некеге тұрудың актілік жазбасы немесе оны бұзу негізінде тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге өтінішті беру қызметі іске қосылды.
eGov.kz арқылы тегін ауыстыруға Е-өтінішті беру үшін www.egov.kz порталында авторлануы және электрондық цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. «Тегін, атын, әкесінің атын өзгертуді тіркеуге электрондық өтінішті беру» қызметі «Онлайн қызметтер бір тізімде» тарауындағы «Отбасы» санатында орналасқан. Форма алаңын толтырғаннан кейін ТАӘ ауыстыру үшін негізді таңдау қажет: некеге тұру немесе бұзу. Одан кейін өтініш электрондық қолтаңбамен куәландырылады.
Үш жұмыс күні ішінде пайдаланушы өтінішті қабылдау немесе бас тартудың себебін түсіндіру туралы хабарлама алады. Бұл ретте өтініш беруші мемлекеттік қызметке мемлекеттік баж салығын төлемейінше, хабарламаға қолжетімділік жабық болады.
Е-үкімет порталы бұны электрондық тәсілмен жасаудың мүмкіндігін береді: кез келген банктің төлем картасы немесе «Сбербанк» жеке шотының көмегімен. Мемлекеттік баж салығын төлеу сонымен қатар шот-тапсырыс арқылы банкке болады.
Алынған хабарламада уақыты, күні және АЖАТ бөлімінің мекенжайы көрсетіледі, ол бойынша өтініш беруші тегін, атын, әкесінің атын ауыстыруды тіркеу және куәлікті алу үшін өтуі тиіс

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/neke-iyl-annan-keyin-tegin-portal-ar-yly-auystyru-a-bolady-423053](https://yvision.kz/kk/post/neke-iyl-annan-keyin-tegin-portal-ar-yly-auystyru-a-bolady-423053)