---
title: "Неке бұзуды азайтудың жолдары"
description: "Бірнеше жылға созылған жаһандық індеттен кейін Алматыда қайтадан той-томалақ көбейе бастағанын байқа..."
author: "jhasik"
published: "2023-05-05T12:12:44+00:00"
modified: "2023-05-05T12:12:44+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/neke-b-zudy-azaytudy-zholdary-988087"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/neke-b-zudy-azaytudy-zholdary-988087/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Неке бұзуды азайтудың жолдары

> Бірнеше жылға созылған жаһандық індеттен кейін Алматыда қайтадан той-томалақ көбейе бастағанын байқа...

Бірнеше жылға созылған жаһандық індеттен кейін Алматыда қайтадан той-томалақ көбейе бастағанын байқауға болады. Дегенмен ресми деректер аймақта ажырасудың да азаймай тұрғанын көрсетіп отыр.

Жалпы азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) ісі туралы айта келе, Алматыда отбасын құру мәселесі оң жағына ойысқанын мәлімдеді.

Бірақ ажырасу азаймай отыр, атап айтсақ Алматы қаласы Жетісу аудандық сотпен 2022 жылы жыл жалпы 1015 неке бұзу туралы арыз түскен, оның ішінде кері қайтарылғандардың саны- 215. Жалпы аудандық судьялармен 2022 жылы неке бұзу туралы туралы 754 азаматтық іс қаралған, оның ішінде шешім шығарумен аяқталғандардың саны-550, қысқартылғандар-6, қараусыз қалдырылғандың саны-186 құрайды.

2023 жылдың 1 тоқсанында жалпы 220 неке бұзу туралы арыз түскен, оның ішінде кері қайтарылғандардың саны- 27. Жалпы аудандық судьялармен 2023жылдың 1 тоқсанында неке бұзу туралы туралы 209 азаматтық іс қаралған, оның ішінде шешім шығарумен аяқталғандардың саны-153, қараусыз қалдырылғандың саны-56 құрайды.

Алматы қалалық Жетісу ауданы әкімі аппаратының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәлеметінше ауданында 370 ажырасу тіркеліп, бұл тек ортақ балалары жоқ және өзара келісім бойынша АХАТ органдарына өтініш берген азаматтарды ғана есепке алады.

Сотқа түскен ажырасу туралы арыздарда Біздің судьялар отбасыларды сақтау қалу үшін үлкен жұмыс жүргізеді. Мысалы, 2023 жылдың 1 тоқсаны бойынша татуластырушы судьяның көмегімен 12 некені сақталып, арыздар кері қайтарылған.

Әдетте сот судьялары ажыраспас бұрын ойлануға уақыт береді. Алайда барлық отбасыларды сақтап қалу мүмкін емес екені түсінікті. Талдау көрсеткендей, ажырасудың негізгі себептеріне – балаларының, баспанасының болмауы, тұрақты жұмысының жоқтығы, ерлі-зайып¬тылардың бірінің ішімдікке, есірткіге тәуелділігі, көзге шөп салу, татулық таба алмау жатады. Оның үстіне, ажырасулардың 70 пайызына әйелдер бастамашы болады екен.

2022 жылы неке жасының төмендеу жағдайларының саны төмендегенін атап өтті. Бүгінгі таңда некелескендердің жастары ересек болғанымен, ажырасатын ерлі-зайыптылардың жасы әртүрлі болып отыр.

Сонымен қатар, азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір түрлері автоматтандыруға байланысты алынып тасталғанын да айта кеткен жөн. Сонымен қатар сот шешімі негізінде некені бұзуды тіркеу тәртібі де автоматтандырылды. Бұл ақпарат Әділет министрлігінің ақпараттық жүйесіне автоматты түрде енгізіліп, неке қию туралы жазбаға оның бұзылғаны туралы белгі қойылады.

Азаматтардың тіркеуші орган мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен ала алатын құжаттарды (сот шешімі, медициналық анықтама, Қазақстан Республикасында тіркелген акт жазбалары туралы мәліметтер және т.б.) ұсыну қажеттілігі жойылды.

Дамыған отыз елдің қатарына ену үшін жасалған Ұлт жоспарында заң үстемдігін қамтамасыз ету мақсатында, әсіресе сот саласына үлкен мән берілді. Оның ішінде сот рәсімдерін оңайлату жағы айтылып, бірқатар тапсырма берілген болатын. Осы бағытта бүгінде еліміздің соттарында медиация әдісі жиі қолданылуда. Әсіресе медиация жүйесінің ажырасудың алдын алуда, некені бұзу туралы талаптарды азайтуда өзінің оң әсерін тигізуде.

Атап өтер жайт, бүгінде елімізде ажырасушылар қатары жыл өткен сайын артып барады. Әсіресе пандемиялық жағдай, карантин, қымбатшылық, әлеуметтік жағдайдың төмендеуі жалпы ел ішінде қалыптасқан ахуал ажырасушылар қатарын арттырып, тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғаларының көбеюіне өз әсерін тигізді. Сондықтан шағын мемлекет саналатын отбасылардың шаңырағының ортасына түскеніне жайдан жай қарап отыру мүмкін болмағандықтан, сот жүйесінде медиацияның рөлін арттырып, заңнамамамызға да өзгерістер мен толықтырулар енгізу уақыт талабы болып отыр. Осы орайда сот жандарынан ашылған медиациялық кабинеттердің маңызын арттыру арқылы, екі тарапты келісімге шақыру жолдары жетілдіруде.

Яғни, сот қарауына жіберілген кейбір істер сотқа жетпей, екі тараптың бітімгершілікке келуінен жабылады. Мұндай әдістің сот ісіне үлкен көмек екені қазіргі уақытта дәлелденіп отыр. Бізде медиацияны пайдаланудың алғашқы талпынысы отбасылық қатынастар саласындағы дауларды шешу барысында жасалды. Кейіннен медиация отбасылық даулардан бастап коммерциялық және жария саладағы көп тарапты күрделі дауларды шешуде де табыспен қолданылып, мойындалды. Қазіргі кезде Қазақстанда әрбір үшінші неке ерлі-зайыпталардың ажырасуымен аяқталады екен.

Британдық «Economisrt» басылымының 2015 жылғы статистика мәліметтеріне сүйенсек, ажырасу саны жағынан көрші Қырғыз елі әлем бойынша 48-ші орында, 1 миллиардтан астам халқы бар Қытайда мың адамға шаққанда ажырасу көрсеткіші 1,8 болса, ал 17 миллион ғана халқы бар Қазақстан бірінші ондыққа кірген (1000 адамға шаққанда ажырасу көрсеткіші – 2.8). Қазіргі таңда қоғам болып, осы бір көрсеткішті жақсарту жолдары қарастырылуда. Отбасы институттарын жетілдіру жолдары қамтылуда.

Елімізде неке бұзуды азайтудың жолы ретінде келесіні енгізіуге болады.

Сот тәжірбиесіне жүгінсек, ажырасудың негізгі себептері – ерлі-зайыптылардың тұрмыста бірін-бірін түсінбеуі, олардың біреуінің араққа салынуы немесе опасыздық жасауы, зорлық-зомбылық көрсетуі, отбасындағы материалдық қиыншылықтар екен. Ажырасу шешімін шығару көбіне соттарға қатысты болғандықтан, мүмкіндігінше ажырасудың алдын алу жұмыстары жасалуда. Соның бірі сот мамандарының ұсынысымен ажырасу кезіндегі БАЖ салығының мөлшерін көбейту, оны ерлі зайыптыларды бөліп төлеуге міндеттеу секілді материалдық әрекеттер жасалуда. Осыдан біршама уақыт бұрын сот мамандарының елімізде ажырасу кезінде төленетін БАЖ салығының басқа елдермен салыстырғанда өте төмен болып отырғаны айтылған болатын. Сондықтан қазір осы салық мөлшерлемесін көбейтіп қана қоймай, оны төлеуді ерлі зайыптыларға теңдей бөлу арқылы олардың жауапкершілігін арттыру көлделуде. Қазір ажырасқысы келетін ерлі зайыптылар елімізде бұл салықты бөліп төлеуде.

Әрине, заң тұрғысынан алғанда неке қию (ерлі-зайыпты болу) еркек пен әйелдің, ал осы некені (ерлі-зайыптылықты) тоқтату ерлі-зайыптылардың өз еріктері. Алайда, қоғамдағы мінез-құлық ережелері бекітілген әдептілік қағидалары, дін уағыздары, кез-келген мемлекеттің саясаты ажырасуға қарсы. Кейде "ашу дұшпан" ерік бермей, ерлі зайыптылардың ажырасып алып, ашуы басылған соң қайтадан қосылып жататын оқиғалары да кездесіп жатады. Сондықтан мүмкіндігінше ажырасудың алдын алу жұмыстары жетілдіре бермек.

Тек, белгілі-бір жағдайларда ғана – некедегі ерлі-зайыптылардың біреуі зорлық-зомбылық көрсетсе немесе онымен бірге тұру жұбайының, балаларының және өзге де отбасы мүшелерінің, өміріне, денсаулығына қауіп төндірсе, қандайда бір психологиялық қысым көрсетілсе ажырасу абзал ғана емес, міндетті. Ондай некені дер кезінде бұзбаса, арты қандайда бір қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін. Ажырасу туралы арыз ерлі-зайыптылардың екеуінің қатысуымен қаралып, олардың өзара қатынастарын, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы мәселенің себептерін, ерлі-зайыптылардың арасындағы алауыздықтың нақты себептерін жан-жақты анықтап, мүмкіндігінше екі жақты татуластыру қажет. Ал, татуласпаған жағдайда ғана ерлі-зайыптылар сотқа талап арыз беру құқығын пайдалануы керек. Сондай-ақ заңнамамызда да ажырасудың, тұрмыстық зорлық зомбылықты азайту бағытында өзгерістер жасалуда.

Мәселен жақында ғана "тұрмыстық зорлық зомбылық оқиғалары бірнеше рет қайталаған жағдайда оны медиациялық жолмен татуластырмау" мәселесі көтерілді.

Жалпы ажырасудың алдын алу бағытында сот жүйесінде көптеген жұмыстар жүзеге асуда. Осындай тәртіппен ажырасудың санын азайтуға болады деп күтілуде. Себебі, ерлі-зайыптылардың ажырасу көп жағдайларда бала тәрбиесіне кері әсер етеді. Сондықтан сот саласында ажырасудың алдын алу бағытында жасалып жатқан тағы бір шара Жоғарғы сот бас¬тамасымен елімізде «Отбасылық сот» жобасы іске асырылып, әрбір сотта «Отбасы орталықтары» ашылып жатыр. Онда ажырасу талабымен келген ерлі-зайып¬ты¬лармен психолог мамандар, татуластыру¬шы судья, медиаторлар сөйлеседі, ақыл-кеңес береді. Шағымданған жандардың от¬ба¬сылық мәселелерін анықтап, қиындықты некені бұзбай-ақ шешуге болатын оңтайлы жол, бағыт-бағдар көрсетеді. Осындай орталықтардың көмегімен ажырасудан аман қалған отбасы саны көбейіп келе жатқаны қуантады.

Әрбір ата-ана баласының жақсы тәрбиеленуіне, міндетті орта білім алуына, дене бітімі, психикалық, адамгершілік жағынан және рухани дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін жауаптылықта болады. Ал, ата-аналарының арасындағы некенің бұзылуы ең алдымен балаларына моральды жағынан ауыр тиетіні сөзсіз. Қазақстандағы әрбір баланың отбасында тәрбиеленуі және өмір сүруі, ата-ана қамқорлығына бөленуі және олармен бірге тұруы заңды құқығының бұзылуына жол бермеу керек.

Алматы қаласы Жетісу аудандық соты судьясы

Н.Баймаханова

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/neke-b-zudy-azaytudy-zholdary-988087](https://yvision.kz/kk/post/neke-b-zudy-azaytudy-zholdary-988087)