---
title: "Өнегелі отбасы YouTube арнасы"
description: "Қайырлы күн, құрметті достар! Өткен жылдың қараша айынан бастап YouTube желісінде аузына дуа қонған,..."
author: "y_o_o"
published: "2019-01-03T14:28:50+00:00"
modified: "2019-01-03T14:28:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/negeli-otbasy-youtube-arnasy-823037"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/negeli-otbasy-youtube-arnasy-823037/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Өнегелі отбасы YouTube арнасы

> Қайырлы күн, құрметті достар! Өткен жылдың қараша айынан бастап YouTube желісінде аузына дуа қонған,...

Қайырлы күн, құрметті достар!

Өткен жылдың қараша айынан бастап YouTube желісінде аузына дуа қонған, сөз сүлейі, абайтанушы Омар Жәлелұлының Шалқар радидиосындағы "Өнегелі отбасы" хабарына берген сұхбаттарын жариялап келеміз. Алғашқы күннен бастап YouTube арнамыз көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп келеді.

Абай атамыз "өзіңе өзің есеп бер" демекші, біз де 2018 жылды қорытындылап, сандарды сөйлетіп көрейік:

5 000-нан астам жазылушы - біз үшін ең үлкен қуаныш. Сіздерге шексіз алғыс білдіреміз;

250 000 рет - жалпы видеоларымыздың қаралымы;

13 000 рет - көрмермендер бөлісіп, елге кеңінен таралуға ат салысты;

7000 рет - көңілден шықты (лайк басты);

700 - пікірлер саны;

51% аудитория - ер адамдар;

49% аудитория - әйел адамдар;

10 мин - видеолардың орташа қаралым ұзақтығы (барынша толық тарайық);

3 айға жуық - арнамыздың дүниеге келгеніне.

Ең үздік сұхбаттар:

"Тектіден текті туады"

"Денсаулық - зор байлық"

"Жақсы әйел, жаман әйел"

"Жақсы мен жаман"

"Жарды қалай таңдаймыз?"

Алда бірнеше жоспарлар бар, Алла қаласа олармен де бөлісіп отырамыз)) Қымбатты оқырман, пікір қалдырайық және арнамызға ЖАЗЫЛУДЫ (ПОДПИСАТЬСЯ) ұмытпайық!!!

Дайындаған: Аюпов Мәдибек (@ayupovmadibek)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/negeli-otbasy-youtube-arnasy-823037](https://yvision.kz/kk/post/negeli-otbasy-youtube-arnasy-823037)