---
title: "Неге жүрек ауруы көбейіп кетті?"
description: "Жүрек ауруының өте көп бөлігі рухани себептерден болады. Жүрек—дене тәріздес: адам денесінің ауырған..."
author: "Aldo"
published: "2016-02-09T08:49:40+00:00"
modified: "2016-02-09T08:51:07+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nege-zh-rek-auruy-k-beyip-ketti-677588"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nege-zh-rek-auruy-k-beyip-ketti-677588/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Неге жүрек ауруы көбейіп кетті?

> Жүрек ауруының өте көп бөлігі рухани себептерден болады. Жүрек—дене тәріздес: адам денесінің ауырған...

Жүрек ауруының өте көп бөлігі рухани себептерден болады. Жүрек—дене тәріздес: адам денесінің ауырғаны сияқты күнәлардың себебінен жүрек те ауырады. Оның шипасы—Аллаға тәубе жасау (күнəға өкініп, қайта жасамау). Айнаның бетін шаң-тозаңның басатыны сияқты жүректі де кір басады. Оны жарқырату үшін Алланы еске алып оған жалбарыну қажет. Сондай-ақ, жүрек жалаңаш дене сияқты лыпасыз да болады. Оны әсем киімдермен киіндіру үшін Алланың тыйымдарынан тыйылып, тақуалық жасау (Алладан қорқу) ләзім. Асқазанның қарны ашқаны сияқты жүректің де қарны ашады. Оның асы мен суы—сауапты істерге құштарлық, намазға деген сүйіспеншілік және тек Аллаға деген тәуекел (Аллаға сену, арқа сүйеу, істі тапсыру)

![Неге жүрек ауруы көбейіп кетті?](https://storage.yvision.kz/images/user/aldo/X7p181sNWeFvD33fhKlX6JwceqMog3.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nege-zh-rek-auruy-k-beyip-ketti-677588](https://yvision.kz/kk/post/nege-zh-rek-auruy-k-beyip-ketti-677588)