---
title: "Неге қазақтар қазақша сөйлемейді?"
description: "Тіліңді ұқпай, басқасын білу – не теңің? Бір күні сен де өтерсің жазғы жаңбырдай. Қазақ боп келдің ө..."
author: "danasanseyeva"
published: "2016-02-16T22:48:32+00:00"
modified: "2016-02-16T22:56:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nege-aza-tar-aza-sha-s-ylemeydi-521853"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nege-aza-tar-aza-sha-s-ylemeydi-521853/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Неге қазақтар қазақша сөйлемейді?

> Тіліңді ұқпай, басқасын білу – не теңің? Бір күні сен де өтерсің жазғы жаңбырдай. Қазақ боп келдің ө...

Тіліңді ұқпай, басқасын білу – не теңің?

Бір күні сен де өтерсің жазғы жаңбырдай.

Қазақ боп келдің өмірге,

одан кете біл,

Қазақша, яғни жаман сөз артта қалдырмай!

![Неге қазақтар қазақша сөйлемейді?](https://storage.yvision.kz/images/user/danasanseyeva/I2eFzDU2dI7SaNlcFnaE27ZSFRHA1P.jpg)

Соңғы санақтың алғашқы мәліметтері бойынша, тәуелсіз Қазақстанның төлұлты 67 пайызды құрап отыр. Сол 67 пайыздың ішінен 60 пайыз қазақ өз тілін жетік меңгермеген. Біздің ана тіліміз «Қызыл кітапқа» кіретін халге жетті деп айтуға болады. Бұл тұжырымнаң себептері халқымыздың тарихы және қазіргі таңғы халқымыздың көз қарастарында табылады.

Қазақ жері ғасырлар бойы Ресейдің қолында болған. Біздін ата-аналарымыз совет заманының соңғы буыны. Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының (КСРО) құрамында болып, қазақ халқы өзінің мәдени және дәстүрлі құндылықтарынан айырыла бастаған. КСРО идеологтарының мақсаты орындалып, қазақтар орысша білім алатын болды. Сол кезде жақсы білім тек орыс мектептері мен институттарында берілген. Сонымен қатар орыс тілі - білім тілі, аристократия тілі, даму тілі деген таптаурындар қалыптаса бастаған. Бұл Совет үкіметінің саяси жоспарларының бірі – КСРО идеологиямен Совет азаматының бейнесін құрау (советский гражданин).

 

Олардың саяси әрекеттерінің салдары әлі күнге дейін социумымызда байқалады. Бүгін «қазақ тілі - ауыл тілі» деген таптаурын нықтай орнап барады, өйткені көп жағдайларда ауылдан шыққан азаматтар ана тілімізде еркін түрде ойын жеткізе алады. Егер қалалар жылдам серпінмен өзгерістерді тез меңгеріп, жаһандануға ұмтылса, ал ауылдық аудандар, керісінше, халық дәстүрін, ата-баба салтын және ана тілдік құндылықтарды сақтап отырады. Бұл ассоциациялар қазақ тілді менгеру идеясын жас қоғамға дұрыс түрде насихаттамайды. Бұл стереотипты бұзу үшін, менің ойымша, мектептерде қазақ тілі сабақтарын көбейтіп, жоғарғы деңгейде өткізілуі абзал болар еді. Сол кезде ғана қазақ тілінің деңгейі жас қоғам арасында құрметтеліп, еркін түрде дами бастайды.

Кей қазақ азаматтары қазақ тілінде акцентпен сөйлеп немесе грамматикалық қате жасаған басқа қазақ азаматына кекетіп, мысқылдап қарауы, менің ойымша, орынсыз әрекет. Ендеше, сіздердің ойлауларыңыз бойынша, ол азамат қалай қазақ тілін үйренеді? Еңсесі түскен адам, әрине, бірден өзі жетік меңгерген орыс тілінде сөйлей бастайды.

 

Егеменді еліміз национализация жобасы бойынша, 2020 жылда әрбір азамат қазақша еркін сөйлеу керек. Бұл жоба «Казахизация - 2020» деп аталады. Осы мақаладағы себептерді еске алып, бір бірімізге мейірімділік білдіріп, қателерімізді түзеп, көмек қолын беруді асығайық, ағайын! Сонда қазағымыз қазақша сөйлеуге тырысады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nege-aza-tar-aza-sha-s-ylemeydi-521853](https://yvision.kz/kk/post/nege-aza-tar-aza-sha-s-ylemeydi-521853)