---
title: "Неғылған, бітпейтін дағдарыс?(!)"
description: "Президент те пенде. Оның да өз мүддесі, көздеген мақсаты (өз қалтасы) бар. Бір сөзбен айтсақ, еліне ..."
author: "tracyb"
published: "2017-05-20T00:15:04+00:00"
modified: "2017-05-20T00:15:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ne-yl-an-bitpeytin-da-darys-767318"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ne-yl-an-bitpeytin-da-darys-767318/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Неғылған, бітпейтін дағдарыс?(!)

> Президент те пенде. Оның да өз мүддесі, көздеген мақсаты (өз қалтасы) бар. Бір сөзбен айтсақ, еліне ...

**Президент** те пенде. Оның да өз мүддесі, көздеген мақсаты **(өз қалтасы)** бар. Бір сөзбен айтсақ, еліне бір пайдам тисін деген ішкі дәмесі болады.

Осы аптада, әлемді дүр сілкіндірген **Пекин** форумының мақсаты да осы. Бізге көптеу керек, оған сәл аздау болса да жетеді деген **«мендік»** психологияны бұл жолы да дәлелдеді. Бірақ, бәрі дипломатиямен, ым-жыммен көрсетті. Былай қарағанда, бәрі дұрыс. Бәрі, қалтаны қампитып риза болғандай көрінді. Бірақ, шын мәнінде, кім ұтты? Қай тарап ұтылды, оны уақыт көрсетеді...

Бастысы, **Қазақстан** ұтылмасын деп тілейік. Өзгені қайтеміз, өзімізден бастайық. Бұл **«белдеу»** **Ресей** мен **Қазақстан** арқылы **Еуропаға** алып баратын **«алтын»** қақпа рөлін атқарады. **Қазақстан** мен **Қытай** жанталасып жатыр, қазір. **Қытай** осы **«алтын»** жолдың болашағы үшін **(инфрақұрылымы мен жол-полдарын жасауға)** **50 млрд** долларды шаша салды. **250 млрд** доллары тағы бар, берем деген уәдесін айтам. Соңғысын, кешегі форумда **28 елдің** басшыларының алдында **«сүйіншілеп»** айтты. Қытай тарихта, не жақсылық істесе де, өз қамын алдыға қоятын **«сақ»** мемлекет екенін сан мәрте дәлелдеді. Аспан асты елі бізбен қашаннан жақын араласа бастады? 2007 - 2009 жылдардағы **«көбік»** ақша саясатының кезіндегі **«дағдарыста»** жаһан елдері сияқты Қазақстан да **«дағдарысқа»** тап болды. АҚШ, Еуропа елдерінің өзі қиналды, бұл да кетеді деген **«тоқмейіл»** мінезбен одан да өттік. Құр өтпедік, Қытайға **«қарыз»** болып өттік. Алғашында, **5 млрд** доллар, кейін, **10 ға** жетті.

Дағдарыс,өтеді де шығады. Бастың, жал-жанның амандығын тілейтін қазаққа, қиындықтан соң, бір жақсылық болар деген үміт оты бәрінен де қымбат көрінеді. Бірақ, алмақтың да салмағы бар. Бүгін алғаныңды ертең еселеп қайтаратын уақыт келеді. Соны да ойлайық дегенді сарапшылар басып айтты.

Бірақ, көңілге демеу болатын сенімді фактор бар. Ол – **Қазақстанның «Батыс Еуропа- Батыс Қытай»** автобанын салуы. Енді, қалай болғанда да, **Қытай** арқылы шығатын тауар **Қазақстан, Ресей** арқылы **Еуропаға** шығады. Жол бойындағы елдерге бұл өте пайдалы. Егер, жемқорлықты сызып тастап, көз алдымызда **«елестетсек**», аспанға қарап жатып-ақ, ауадан ақша жасауға болады. Ең бастысы, бұл ақша біреудің қалтасына кетпесі, игі!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ne-yl-an-bitpeytin-da-darys-767318](https://yvision.kz/kk/post/ne-yl-an-bitpeytin-da-darys-767318)