---
title: "Назарыңызға! Конкурс!"
description: "Назарыңызға! Конкурс! Қазақ хандығының 550-жылдығының тойлануы қарсаңында Павлодар облысы жастар сая..."
author: "CRMI"
published: "2015-08-11T03:47:12+00:00"
modified: "2015-08-11T03:47:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazary-yz-a-konkurs-528677"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazary-yz-a-konkurs-528677/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Назарыңызға! Конкурс!

> Назарыңызға! Конкурс! Қазақ хандығының 550-жылдығының тойлануы қарсаңында Павлодар облысы жастар сая...

**Назарыңызға! Конкурс!**

Қазақ хандығының 550-жылдығының тойлануы қарсаңында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ «Книга, которую стоит прочесть» облыстық байқауына бастау береді. Мұндай блиц-байқауды ай сайын өткізу жоспарланып отыр. Кітаптың нақты қайсысын оқу керектігін байқау ұйымдастырушылары ұсынады.

- **Байқауға кімдер қатыса алады?**

Отандық және шетелдік жазушылардың сапалы әдебиетін оқып, аралысқысы келетін кез-келген 14 пен 29 жас аралығындағы жас азаматтар.

- **Байқау қашан басталады?**

Сұранымдарды 2015 жылдың 17-ші тамызынан бастап қабылдаймыз. Байқау ай бойы өтеді.

- **Байқау шарттары қандай?**

**1 қадам:** [kgu_crmi@mail.ru](mailto:kgu_crmi@mail.ru) сайтына «Караван выходит на рассвете» белгісімен сұраным жіберу;

**2 қадам:** ұсынылатын кітапты тауып, оқып шығу;

**3 қадам:** ұйымдастырушылардың қитұрқы сұрақтарына жауап беру үшін кітапты тағы бір рет оқып шығу:

**4 қадам:** байқау қатысушыларына арнап, өзіндік арнайы сұрағын құрастырып келу;

**5 қадам:** Жастар бастамаларын дамыту орталығына тағайындалған күні келіп, шығарма мазмұны бойынша құрастырылған сұрақтарға жауап беру;

**6 қадам:** барлық сұрақтардың толық және дұрыс жауаптары үшін Орталық Директоры атынан басты жүлде – Ноутбук алу.

- **Ақпарат жайында қайда жүгіну?**

Жастар бастамаларын дамыту орталығына келу.

Мекенжай: Павлодар қаласы, Ломов 38 көш.

Байланыс телефоны: 8(7182)661242

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nazary-yz-a-konkurs-528677](https://yvision.kz/kk/post/nazary-yz-a-konkurs-528677)