---
title: "Назардан тыс қалған көше"
description: "Қаншама жылдан бері өгей баланың күйін кешіп келеміз. Өйткені, біздің талап-арыздарымызға басшылық..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-09T07:30:00+00:00"
modified: "2015-08-05T07:33:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazardan-tys-al-an-k-she-523723"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazardan-tys-al-an-k-she-523723/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Назардан тыс қалған көше

> Қаншама жылдан бері өгей баланың күйін кешіп келеміз. Өйткені, біздің талап-арыздарымызға басшылық...

![Назардан тыс қалған көше](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/3ya1OZ3114soCZ0W1BD9dh8u0ali25.png)

Қаншама жылдан бері өгей баланың күйін кешіп келеміз. Өйткені, біздің талап-арыздарымызға басшылық тарапынан назар аударылмай келеді. Осылай деген Тараз қаласындағы «Шалғай Қарасу» елді мекенінің тұрғындары телеарнаға шағымдарын жеткізді. Халықтың бұлай деп айтуының басты себебі – мұндағы тұрғын үйлердің кейбіріне газ құбырын тарту жұмыстары жүргізілмеген. Тұрғындардың талап тілектерін тыңдап қайтқан тілші материалы толықтырады. Айта, айта Алтайды, Жамал апам қартайды. Бұл талай жылдан бері үйіме табиғи отын кіргізілсін деп, талай есікті қаққан тұрғындардың жәйі. Бірақ, бұл өтініш «Шалғай Қарасу» елді мекенінің барлық тұрғындарына қатысты емес. Арыз-шағымдарын айтқан мұндағы халықтың айтуынша, бұл аймаққа көгілдір отын тартылғанына 5 жылға жуықтаған. Алайда, бұл жұмыстардан неге екені белгісіз 3-ші Қостанай көшесінің бұрылысындағы 70-ке жуық үй шет қалған. Маржан БЕРДІХАНОВА ТАРАЗ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Бізге айтты, бұл көшеге газ құбырын тарту үшін тендер иесі анықталды. Олар келіп,, өлшеп кетт. Міне, әлі жоқ. Дәл іргесіне тиіп тұрған газ құбырын көшеге тарту үшін тұрғындардың бармаған жері жоқ. «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамына, Тараз қаласының әкімдігіне де бас сұққан. 2014 жылы «ҚазТрансГаз» аймақтан өкілдер келіп, мұнда газ құбыры тартылатыны және әр үйге шырпы орнатылады деп жобалау құжаттары дайындалып, техникалық шарттар жасасқан. Сол уәде тұрғындардың қолындағы мынау келісім-шарт құжатымен ғана шектелген. Айта кетерлік, талапқа сай бүгінде газ тарту жұмыстары жер астымен жүргізілуде. Осыған сәйкес, көгілдір отынмен қамтамасыз етілген үйлерде бұл жұмыстар жандана түскен. 3-ші Қостанай көшесінің бұрылысындағы үйлер тағы да ескерілмей қалды деп ашынады, жиналған көпшілік. 1)Оларға неге газ кіреді. Бізде неге жоқ. Мына бетімізде вокзал, бір жақта мектеп, балабақша бар. Тіптен, мұнда барлық қоғамдық көліктер келеді. Бірақ, қыс бойы көмір жағамыз. Сонда мынау екі көше тұрғындары қайдан келді. Әкім қайда қарап отыр өзі. 2) Жер астынан дейді. Біз барып сұрағанымызда олар бұрыннан газ бар үйлердің құбырлары атқарылуда дейді. Ал, бізге сіздер өздеріңіз ақша төлеңіздер жұмысшыларға, техникаға дейді. Қай жерге барсақта дұрыс жауап қайтармайды. Біздің бар айтарымыз, көгілдір отын қажет. Тағы да қалып қалмайық. Ең бастысы, көшеге кіргізіп берсе, үйге дейін тарту жұмыстарын өзіміз қолға аламыз. ТІЛШІ Тұрғындардың бұл мәселені күйттеп жүргеніне 10 жылға жуықтаған. Сол аралықта бұл аймақта, жаңа үйлер бой көтеріп, жаңа көшелер түскен. Тіптен, бүгінде сол Новостройкадағы үйлерге де табиғи отын кіргізілген. Назардан тыс қалған 70 үйдің тұрғындарының шамына тиетіні де сол. Бұл мәселенің мән-жәйін білмекке «ҚазТрансГаз» аймақ басшыларынан жөн сұрадық. Олар бұл сауал бойынша Тараз қалалық әкімдік жауап беретінін жеткізді. Ал, қалалық әкімдіктің берген нақты жауабы мынадай болды. Қадірбек ДЕМЕТБАЕВ ТАРАЗ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ТҰРҒЫН-ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ, ЖОЛАУШЫ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Сіздер айтасыздар, бұл көшеге неліктен газ кіргізілмей қалды деп. Мен айтып отырмын, бұл себептің жауабын «ҚазТрансГаз» аймақ басшылары жауап береді. Бір-біріне сілтеушілік, құр уәде, салғырттық таныту. Бұл жауаптан кейін, бірнеше жылдан бері өлместің күйін кешкен жұрттың жайы тағы да ескерусіз қалғандай.

Мархабат Көпбосынова, Руслан Бегалы

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nazardan-tys-al-an-k-she-523723](https://yvision.kz/kk/post/nazardan-tys-al-an-k-she-523723)