---
title: "Назар аударыңыздар! Интернет-конференция"
description: "2018 жылдың 13 желтоқсанда (бейсенбі күні) сағат 09:00-дан 18:00-ға дейін Қазақстан Республикасының ..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2018-12-12T12:38:01+00:00"
modified: "2018-12-12T12:38:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yzdar-internet-konferenciya-821652"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yzdar-internet-konferenciya-821652/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Назар аударыңыздар! Интернет-конференция

> 2018 жылдың 13 желтоқсанда (бейсенбі күні) сағат 09:00-дан 18:00-ға дейін Қазақстан Республикасының ...

2018 жылдың 13 желтоқсанда (бейсенбі күні) сағат 09:00-дан 18:00-ға дейін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінде мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін сақтау және мемлекеттен көрсетілетін қызметтердің сапасы мәселелері бойынша интернет-конференция өтеді.

Интернет-конференция «Facebook» әлеуметтік желісінің «Anticorruption ZKO»парақшасында өткізілетін болады.

Пайдаланушылардың сұрақтарына Департамент басшысы, Әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Болат Әлмұханұлы Исақов жауап беретін болады.

Сұрақтар қою үшін «Anticorruption ZKO» парақшасына https://www.facebook.com/events/331463617450716/ сілтемесі арқылы кіріп, қызығушылық тудырып отырған сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yzdar-internet-konferenciya-821652](https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yzdar-internet-konferenciya-821652)