---
title: "НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС! ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласындағы жобаларға конкурс"
description: "Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жос..."
author: "dagspk"
published: "2017-10-26T05:02:14+00:00"
modified: "2017-10-26T05:02:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yz-konkurs-zhoo-ny-studentteri-men-magistranttary-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m--782947"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yz-konkurs-zhoo-ny-studentteri-men-magistranttary-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m--782947/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! КОНКУРС! ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласындағы жобаларға конкурс

> Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жос...

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2017 жылға арналған кешенді жоспар сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша Департаменті жастарға сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті дәріптейтін құндылықтарды түсіндіру, оны сақтау және нығайту, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында ЖОО-ның студенттері мен магистранттары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптастыру саласындағы жобаларға конкурс жоспарланғанын хабарлайды.

Байқау келесі номинациялар бойынша өткізіледі:
- Номинация: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үздік бейнеролик»

- Номинация: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үздік идея (жоба)»

Байқау 2017 жылғы қазанның 30 нан қарашаның 30 дейін өткізіледі.

Байкауға қатысушылардың жұмыстары 2017 жылғы қарашаның 27 дейін қабылданады. Байқау нәтижелері 2017 жылғы желтоқсанның 9 дейін шығарылады.

Байланыс телефоны: 76-79-46.

Конкурске студенттер мен магистранттарды белсенді қатысуына шақырамыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yz-konkurs-zhoo-ny-studentteri-men-magistranttary-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m--782947](https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yz-konkurs-zhoo-ny-studentteri-men-magistranttary-arasynda-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-m--782947)