---
title: "Назар аударыңыз!"
description: "«Сказки деда Даута» Алия Беркимбаева Далекое от нас босоногое детство в маленьком ауле, затерявшемс..."
author: "altynsaryn_obzhk_qst"
published: "2022-11-24T06:06:03+00:00"
modified: "2022-11-24T06:07:04+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yz-979370"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yz-979370/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Назар аударыңыз!

> «Сказки деда Даута» Алия Беркимбаева Далекое от нас босоногое детство в маленьком ауле, затерявшемс...

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/9f7297aa34e6636e2ee8366acec5f7.jpg)

«Сказки деда Даута» Алия Беркимбаева Далекое от нас босоногое детство в маленьком ауле, затерявшемся где-то в бескрайних казахских степях, с поиском клада, чудесным спасением от змеи и верной мальчишеской дружбой… В переживаниях мальчика, детство которого пришлось на тяжелое послевоенное время, эти события описаны ярко и образно, с ощущением радости жизни, несмотря на суровую действительность. «Сказки деда Даута» – это прекрасный ковер, сотканный из детских воспоминаний, в который яркими цветистыми нитями вплетены волшебные сказки. А вместе они составляют замечательную, глубокую, интересную детскую книгу.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/d49db64bf2d54518ab406dcb3f3433.jpg)

«Әділ памша» Отбасы ертегілері

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/46fd78a08ca3c8b55a8d8036e22782.jpg)

«Ең үздік ертегіші»

Асхат Өмірбаев

Балалар әдебиетімен таныстыруымызды жалғастырамыз. Келесі кітабымыз Асхат Өмірбаевтың «Ең үздік ертегіші» деп аталады.

Бұл кітапқа енген ертегілер отанды сүюге, туған жерді аялауға, мейірімділік пен кайырымдылыққа үйретеді. Баланы адамгершілікке, ұлтжандылыққа баулып, достықты берік сақтауға үндейді. Шығармалардың өн бойында білімге құштарлық, жақсылыққа ұмтылу, тәлім-тәрбиеге үндеумен бірге үлкенге — құрмет, кішіге-ізет көрсету секілді тәрбиелік мәні бар. Тілі — жеңіл, бояуы — қанық.

Жазушының киял-ғажайып ертегілері адамды елітіп әкетіп, тартымды әрі қызықты оқылуымен ерекшеленеді. Ертегілер мектепке дейнгі және бастауыш сынып окушыларына, жалпы оқушылар мен жасөспірімдерге арналған. Үш бөлімнен тұратын заманауи үлгіде жазылған ертегілер балаларға тамаша базарлык, боларына сенім мол.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/96a3b05e152401fc7539e67d160d01.jpg)

«Ақ жол»

Айса Хамзеұлы

Белгілі балалар жазушысы Айса Хамзеұлының есімі оқырмандарға жақсы таныс. 2004 жылы «Денсаулык» журналы жариялаған балаларға арналған бәйгеде оның екі шығармасы екінші және үшінші жүлделі орынды жеңіп алған. Облыстық қаламгерлер арасындағы балаларға арналған үздік шығармалар байқауында да жүлделі орын алып жүр.

Жазушының «Екі дос», «Все равно поймался»,»Обал», «Сыйлық», «Қолқанат», «Болашақ» деп аталған кітаптары жарық көрген.

Баспаға ұсынып отырған «Ақ жол» кітабында балалардың қызықты өмірін жан жақты суреттеп жазған тандаулы әңгімелері сұрыпталып алынған.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/2e093b63d45cf3743850df53603cdc.jpg)

«Невероятные приключения Жаргакбаса, Кылкенирдека и Шибута» Кенес Оразбекулы Это серийная смешная сказка. Главные герои Жаргакбас, Кылкенирдек, Шибут — трое давние, неразлучные друзья. Благодаря своим упорству, настойчивости и стремлению, они добиваются своих целей.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/263835/c8de35c8114d3c805e7b9e87559d4c.jpg)

«Ғажайып Түс». Ертегі

Күндердің бір күнінде Анна есімді тоқымашы ғажайып түс көреді. Түсіне енген ертегідей ғажап мекенді жібек жіптермен зерлеп, оны кілемге түсіре бастайды... Кілем де тоқылып бітеді. Анасы кілемді үш ұлымен тамашалап тұрған сәтте, қатты жел соғып, оны белгісіз жаққа ұшырып әкетеді. Өзінің мықтылығымен танылған үлкен ұлы Леон, ортаншы ұлы — зерек Блейн кілемді аналарына қайтарып әкелуге уәде береді. Алайда Леонның күші де, Блейннің асқан ақылдылығы да Хрусталь тауда жасырынған кілемді табуға жеткіліксіз еді. Олар кері оралмаған соң үйдің кенжесі Перрен жолға шығады. Өзіне деген сенімділігі мен өнерінің арқасында перизаттардың түрлі сынағынан аман шығады. Осылайша ертегінің елеусіз қалған қаһарманы кез келген қиындықтарға төтеп беріп, ақыр аяғында жеңіске жетеді. Руф Сандерсонның баяндауындағы бұл тамаша ертегі өз оқырманын ерекше сиқырымен баурап алады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yz-979370](https://yvision.kz/kk/post/nazar-audary-yz-979370)