---
title: "Науырзым қорығына саяхат"
description: "Сөйтіп, қойнауы қазынаға, жері тарихқа толы, елі батыр, табиғаты керемет Науырзым жеріне де барып ке..."
author: "Fvfylsr"
published: "2016-09-13T10:31:48+00:00"
modified: "2016-09-13T10:36:33+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/nauyrzym-ory-yna-sayahat-711749"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/nauyrzym-ory-yna-sayahat-711749/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Науырзым қорығына саяхат

> Сөйтіп, қойнауы қазынаға, жері тарихқа толы, елі батыр, табиғаты керемет Науырзым жеріне де барып ке...

Сөйтіп, қойнауы қазынаға, жері тарихқа толы, елі батыр, табиғаты керемет Науырзым жеріне де барып келдім. Шынында бұл сапар қызық әрі аяқ астынан болды. Осыдан біраз бұрын ғана бауырларыммен жаңа бастама, туған елге тағзым ретінде – «Тылсым Торғайға саяхат» атты турымызды ойлап тауып, оны іске асыруға кірісіп кеткеніміз туралы білетін боларсыздар.

Жаңа істі бастау әрқашанда қиын, бірақ оның болашағы зор екеніне сеніммен қараған біздер – жоспарымызды сәтімен жалғастырып жатырмыз. Бұл тур туристер тарапынан ғана емес, сонымен қатар туризмге қатысы бар мемлекеттік органдар тарапынан, әсіресе Қостанай облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының қызығушылығын тудырды, олармен байланыс та орнатқан едік, алайда турымыз Қостанай облысының оңтүстік аудандары – Торғай өңірінің жерлері арқылы өткенмен де біздің орналасқан жеріміз Астана қаласы.

Қостанайдағы «Бест.Кз» атты туристік компания аталған басқарманың қолдауымен Науырзым қорығында өтетін бір күндік инфортурға бізді де шақырды, алайда жұмыс бастылық салдарынан оған баруымыз соңғы сәтке дейін белгісіз болды. Сонымен, 26 мамыр күні Қостанайға шығуға мүмкіндік болмай, 27 мамыр күні Астана-Рудный бағытында жолға шығатын автобусқа отырып, Қостанай қайдасың деп жол тартып кеттім.

Шынымда айтсам, 1990 жылдары автобустармен көп жолға шығып, кейінгі кезде қалааралық автобустар арқылы көп сапарға шықпаған екенмін. Бір уақыттарда Қарағанды-Балқаш бағыты бойынша автобустан түсіп, кешке Балқаш-Алматы бағытына тағы басқа автобусқа отырып, шала-шарпы ұйықтап, сыртта жүрген соң түсімде елімді көріп жатып, көзімді ашып қалсам Жамбыл облысының аумағында кетіп бара жататын едім, ол кез заманында отырмай, жанталас уақыты, көп жүре беретін едім, одан қалды соңғы кезде көбіне жеңіл көлікпен саяхат жасағанды ұнатамын ғой.

Әлқисса, күндізгі 16.30-да шыққан автобусымыз таңғы 4.20 кезінде Қостанайға жетіп, таңғы апақ-сапақта, жартылай ұйқылы-ояу (шынында автобустағы қайдағы ұйқы) мен Қостанайда сапаржай пен вокзалдың қаланың әр жерінде орналасқанын білмеппін, шынында барлық қалаларда сапаржай мен вокзал бір жерде болмайтын ба еді, сөйтіп бозалата таңнан бұрын телефонмен хабарласқан Жанболат Кенжеғұл бауырыма телефон шалып, таксиге отырдым да екеуіміз таңғы 6-да Қостанайдағы «СитиҚостанай» бизнес орталығына жетіп келдік. Себебі тур бағдарламасына сәйкес сонда болуымыз керек, біз сияқты сапарға жиналған жандар арасында Фейсбук арқылы танысқан «Қостанай таңы» газетінен Қымбат қарындасымыз да бар, қалғандары біреуін сырттай білсем, кейбіреуімен енді таныстым. Қысқаша айтқанда бәрі де ішкі туризмге қатысты жандар мен БАҚ саласының өкілдері!

Ыңғайлы автобусқа отырған соң жан жағымды бажайлай қарап, қалаға, жолға көз тастап келемін. Бірінші таң қалғаным, қаланың сондай таза екені және ауасы да тамаша. Оның үстіне қала жасыл желекке көмкерілген. Кейбір үйлер бұрынғы революция кезеңін еске алғанмен, көпшілігі жаңғыртудан өткен не жақсы жарықтандырылыпты. Қаладан шыға беріс жолының екі беті бойында ағаштар бір бірімен жарысып, бізді шығарып салып отырды, расында сәулеті де дәулеті де келіскен қала екен.

Қаланы аралауға уақыт тапшы, облыс орталығынан шамамен 230 қашықтықтағы Науырзым қорығы қайдасың де жол тартып кеттік. Гидіміз бір сәтте ауызын жаппастан өз жұмысын бастап кетті, ал мен болсам, жолдағы елді мекендер мен жол бойының табиғатын бақылап келемінБіздің ең шұрайлы, өмір сүруге ыңғайлы жерлеріміз ғой, шынында адам көзі қызығарлық жерлер, кейбіреулер бекерге көз алартып жүрмеген шығар, бірақ ата-бабамыз қасықтай қанымен қорғаған жерлеріміз ұрпағымыз үшін қалатынына өз басым қатты сенемін?! Мен шөлді-шөлейтті жердің тумасы болғандықтан Торғай мен Арқалық арасындағы табиғи айырмашылықты қалай байқасам, Астана мен Қостанай арасындағы айырмашылық та сондай екен.Сөйтіп, көптеген елді мекендерден өттік, Қобыландының аты әлі қайтарылмаған Щербаковка атты ауыл есімде сақталып қалыпты және атақты Аманқарағай жері де ерекше екен. Бала күніміден көп еститін Аманқарағай жері де туризмге сұранып тұр, қарағайлы орман, оның үстіне үлкен байланыс жері. Сөйтіп әп-сәтте, үш сағат ішінде (біз сияқты тәуліктеп жүретін саяхатшыларға 3 сағат деген не тәйірі?!) Әулиекөлден өткеннен кейін Науырзымға де жетіп келдік.Мұнда бізді Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы басшысы қарсы алып, бір күн бойы күтті. Арасында өз бауырым Жасұлан Қазымжан да бар, асты-үстімізге түсіп бәйек болып жүр.Сонымен, «Айман-Шолпан» атты мейрамханадан таңғы бір тамақтанып алып, қорықтың директорының орынбасары Мария Александрқызының қызықты лекциясын тыңдадық. Өз ісіне берілген, туған жерге жаны ашитын адамдар осындай болар.

Турды ұйымдастырушылардың бірі - «BEST.kz» туристік компаниясымен бірге олар бізге барлық жағдайымызды жасады. Қорықтың қонақтарға арналған сапар орталығында Науырзым қорығы туралы жалпы мағұлматты алғаннан кейін, жоспар бойынша семинар жұмысына қатыстық.Науырзым мемлекеттік табиғи қорығы туралы қысқаша ақпарат.Қорық 1931 жылы құрылған. Ол ЮНЕСКО, яғни адамзат мұрасы болып табылады. Мұнда өсімдіктің 687 түрі кездеседі екен, ал оның 12 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Жалпы, Науырзым қорығы Торғай қолатының солтүстік бетінде орналасқан, табиғаттың ерекше керемет жері, ол – Қарағайлы Науырзым, Қарағайлы Тірсек және Қарағайлы Сыпсың деген үш экологиялық жүйеге бөлінген. Егер, қорық фаунасы 355 аң-құстан тұратын болса, аңның 45 түрі, құстың 294 түрі, жорғалаушылар мен қосмекенділердің 3 және балықтардың 10 түрінен тұрады екен. Айтқандай омыртқасыздардың 1500 түрі де кездеседі. Қорықта кездесетін құстың 44 түрі Қызыл кітапқа кіреді екен.

Жалпы, қорық шөлейтті жердегі орман аймағы десе де болады, оның үстіне тіпті құм арасында өсіп тұрған биік ағаштарды көргенде тіпті ерекше әсер етеді екен. Тіпті бір ағаштар Африка құрлығындағы баобабтарды еске түсіре ме өзі?!Сөйтіп, семинар жұмысы да басталып кетті, әркім өз тақырыбы бойынша баяндама жасады, өз кезегімде мен – «Тылсым Торғайға саяхат» жобасы туралы егжей-тегжейлі баяндап, жұрттың ерекше ықыласына ие болдым. Себебі облыстың оңтүстік өңірлерінен мұндай жоба болмаған екен, қызығышулықтың жоғары болғаны сондай, «ЭКСПО-2017» ҰК» АК тарапынан дереу қолдау көрсету туралы ұсыныс келіп түсті, мен өз жағымен ол ұсынысты қабыл алғанмен, кейбір сәттерін әлі де пысықтау қажеттілігі туралы пікірімді білдірдім. Ол енді болашақтың шаруасы, уақытынды тағы қосымша хабарлай жатармын. Инфотурдың ресми бөлігі аяқталған соң, түскі асымызды ішіп алып, қорық аумағын аралауға кірістік. Табиғаттың әсемдігін, ауаның кереметтігін, қысқаша айтқандай жер жаннаты іспеттес – Науырзым қорығын көрген де арманда көрмегенде арманда!

Енді Науырзым қорығының табиғаты туралы мына төмендегі фотолар сыр шертсін (айтқандай фотоларды түсірген пақырларыңыз, яғни мен - Амандық Әмірхамзин):

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/OyHLZO2STDJ4qZJMeplK20A5QycWJc.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/13TvRh6iTmwXq7TC0tAyM4xnIDXx2N.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/046EBkFJJI9302ype2x3Mw906IXftj.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/kEc7HgXMAQjjGd80HYp8xAEyEm60fb.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/l3RzNZ513D11M68AaJi0r1YWuFPLtQ.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/sxZ9mC09BUYG82TGwzO61iS7nu6a9E.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/v2P8VWOqZcF99EmU87hP12xCQ7YQnV.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/glJv1rMs4n26u4q7CHAw8LRizteYu8.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/B8aL0nFJOb8SBteySH21MyF8dNY7cj.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/UlSOsUI42zV0Bk3X5S5X6zJ7vWzhH8.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/5nNZN60NKj76uQ66M7Wq37pnR7cD9J.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/TdXv28cy8Ku2rpImXTSBsjk8Y6m5oX.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/VLOcaW2er2p4YPZOZqV5SvA649vLRS.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/0tAXV6KiQW17vf11zU8UjNat0S36Sx.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/9AaNc8q3rNLoMH7gz376fceX8Ueskl.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/0p8zh7tHjAnlVjQsPGYi44ftL2Uw1P.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/Carof9SUO61xWcxQrXkHJzEP1ed5U9.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/9u1S1I1Dt9640w8S68uJgPXO6i6ttj.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/J6FRc1WZAz3fh0EpGKCbBLJS9IIoKy.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/0tSHfUNpuT41dReBcB0Y42Iaog7T5F.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/wsJ7CGKECRqH2sRk5zP5RbFUYemswA.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/3u96p5RAXnLhuR7UKUbyuWBR2SP22g.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/RmlAcjBoikCg3K2n40cIjpyHG22999.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/961PjkK5RL030845ISfi1N1A95MxY5.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/phvcsysaWS0BF4C2rN3tUQf997DK3X.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/pP1Ypu40JtX6S4m4A8bbpRlFQI995W.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/h91k7Ukh5tPQpOhIMkLU1CBBHEW4XY.jpg)

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/v1EQXXoMsmeqH8gdq8gX5NYNMjU0ZR.jpg)

 

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/U9IcDrf7d2396d4XDM81L2ikhU4r23.jpg)

 

![](https://storage.yvision.kz/images/user/fvfylsr/z24CIBOJ88nv28FQu2fVogtcH607NS.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/nauyrzym-ory-yna-sayahat-711749](https://yvision.kz/kk/post/nauyrzym-ory-yna-sayahat-711749)